Саба?ты? та?ырыбы: Таза б?ла?


Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы
«Жас ұлан» республикалық мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қалыбаева Бағила Қаржаубайқызы
Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ұландарды қазақтың көрнекі ақын – жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы туралы таныстыру, әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге сүйене отырып ашуға үйрету.
2.Дамытушылық: Оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып, өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға машықтандыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқу мен дағдыны одан әрі қалыптастыру, сұрақтарға толық жауап беруге машықтандыру.Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізуге дағдылану.
3.Тәрбиелік: Адалдыққа, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу идеясын бойға сіңіру, еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа тақырып
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру, қайталау, топтық жұмыс, сын-тұрғысынан ойлау әдістері
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейне жазбалар, кестелер, слайдтар, бағалау парағы
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушыларды екі топқа бөлемін. Бағалау парақтарын топ басшыларына таратамын.
1. Психологиялық дайындық
Қайталау – оқу анасы,
Мақалдың бір данасы.
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы. (слайд)
2. Өткен сабақтарды қайталау
«Суреттер сөйлейді» жұмысын жүргізу
(таңдап алған суреттер арқылы сол тұлға туралы мәлімет беру)
Ыбырай Алтынсарин
Бердібек Соқпақбаев
3. Топтастыру


II.Жаңа сабақ
(Бейне жазбадан судың сыңғырлаған үні шығады)
Мұғалімнің сөзі: Балалар біз ненің дыбысын естідік? (оқушылардың жауабы)
Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі
Cәйкестендіру
Берілген сөздердің синонимдік сыңарларын тап.
Бөтен кеңес
Ғибрат жан
Көңіл басқа
Міндет талап ету
Дәмету биігірек
Жоғары парыз
Таза деген сөзбен сөзтіркестерін құрастыру
Мысалы: таза қала, таза ар, таза тіл
3.Кітаппен жұмыс
1.91 беттегі мәтінді әр топ өз бетінше оқып шығады.
2. Мәтіннің мазмұнын ауызша айтып шығады.
3.Мәтін бойынша бір-бірлеріне сұрақ қояды.
4. Сергіту сәті «Тіл өнері»
Мақалдармен жұмыс көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде айту
1.Таулы … бұлақсыз болмас,
Сулы … құрақсыз болмас. Жер Земля Earth
2.Су жүрген жер береке,
... жүрген жер мереке. Ел Страна Country
3.Су - ырыстың көзі,
... кірістің көзі. Еңбек Труд Labor

4. Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі ..... бұлақ родник spring water

5. Судың да ... бар. сұрауы спрос demand
5. Түртіп алу.
1 топ. Мәтіндегі үш жолаушының пікірлеріндегі нақыл сөздерді тауып, дәптерлеріңе жазыңыздар.
2 топ. Мәтіннен ағып жатқан бұлақты суреттейтін тұсты тауып оқыңдар.

4.Тақтада жұмыс. Берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау
дұрыс бұрыс
Табиғат пен адам – біртұтас. Бұлақтардың көзін ашу ешкімге керек емес. Су бар жерде – тіршілік жоқ. Бұлақтың көзін ашсаңдар, өмір-тіршіліктің де көзін ашасындар. Жақсылық та, жамандық та адамға айналып соғады. Үлкендер шөпті жұлуға, таптауға тыйым салмайды. 7. «Ой қозғау»
Бұлақтың көзін ашу - тіршіліктің көзін ашу. (Оқушылар өз пікірлерін айтады)
Суреттермен жұмыс ластанған табиғат
8. Венн диаграмма
Шеңберлерге адамның жақсы, жаман қасиеттерін жазып шығу

9. Ой түйін. “Екі жақты” (кестені толтырып жазғызу, жауаптарын оқытып, қорытындылау)
Әңгімеден алған әсерім Пікірім
9. Бағалау. Топ басшылары өз бағаларын айтып шығады
10. Үй тапсырмасы: «Мұратқа жету үшін не істеу керек?»
эссе жазып келу.