?дебиеттік о?у. Саба?ты? та?ырыбы: Таза б?ла?. Ы.Алтынсарин
Әдебиеттік оқу
Күні: 17.02.15
Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ. Ы.Алтынсарин.
Сабақтың мақсаты: Ы.Алтынсариннің шығармашылығын еске түсіру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашуға жағдай туғызу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тұлғалық нәтиже. Оқушыларды ептілікке, шапшаң ойлауға, көркем сөйлеуге дағдыландыру. Табиғатты аялауға, қорғауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: бұлақтың, су көздерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
І. Қызығушылықты ояту.
Қанағат
Әзірет Әліден бір кісі келіп сұрады:
- Толық байлық қайтсе табылады? Әлі айтты:
- Қанағат ете білсең. Қанша мал коп те болса, қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды. Қанша мал аз да болса, барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады. Соның үшін байлық қанағатта, - деді Әзірет Әлі.
- Қалай ойлайсыңдар, шын мәнінде байлық қанағатта ма?
- Адамның адал өмір сүруі үшін не керек?
- Адал сөзінің синонимін ата. (Адал - ақ, ақжүрек, ақниет.) Осы синоним сөздерді тізбекпен айта отырып топтарға бөліну.
- Ы. Алтынсариннің тағы бір әңгімесінде адам бойындағы қасиеттерді қалай айқындаған екен. Сол туралы оқып көрелік.
ІІ. Мағынаны тану.
Автор туралы мәліметті оқушылардың өздеріне топтық жұмыс ретінде беру. Топтардың жұмыстарын тыңдау. Мұғалімнің толықтыруы.
Модульдік оқыту технологиясының элементтерін пайдалана отырып, топтарға мәтінді алдын ала парақтарға жазып үлестіру.
Бірінші кезең: Мәтінді мұғалімнің оқуы, ал оқушылар «Жалқау паровоз» әдісі бойынша іштей ілесе оқып отырады.
Екінші кезең: Оқушылар өздері тез жылдамдықпен оқып шығады.
Үшінші кезең: Мәтіндегі негізгі деп есептейтін жолдардың астын сызып шығады.
Төртінші кезең: Параң сағат тілімен топта айналады. Мұндағы міндеттері - көршісін түзету, өзгерту енгізу, толықтыру. Жылжи отырып алғашқы иесіне қайта оралады. (Сонда топтардың барлығының жұмыстары бірдей болады).
Қай топ бірінші бітсе, сол топ жеңімпаз болады.
Талас туғызған сөздер болса, сыныппен талдау жүргізу.
Топтар өз жұмыстарын дәптерлеріне теріп жазады.
Сергіту сәті:
Қысқы бұлақ
Толқын тоқтап, су қатып,
Мұз бүркенді күллі айдын.
Будақ-будақ бу атып,
Бұл ақ қана тынбайтын.
- Сен жігіттің сөзін құптайсың ба?
- Қалған екеуінің пікірі мүлде қате ме?
- Бұл аң суының пайдасы не?
ІІІ. Ойтолғаныс.
Үш жігітке сипаттама беріңдер.
Жеке, жұпта, топта талқылау. Кестені толтыру.
«Иә - жоқ» ойыны:
Р/с Сұрақтары Жауаптары иә «+» жоқ «—»
1. Мәтіндегі кейіпкерлер саны үш жігіт дегенге сенесің бе? 2. Бұлақ суына қалың ағаш жапырақтары түсіп, лайланып кеткеніне сенесің бе? 3. Бұл ақтың басындағы үлкен ағаш діңіне «Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бүлақтай бол!» деп жазылғанына сенесің бе? 4. Жолаушының біреуі ғана көркем жас екеніне сенесің бе? 5. «Екі жолаушы сөз таппай, үшінші жолаушы ғана былай депті» дегенге сенесің бе? 6. Үш жолаушының да жауабы өзінше дұрыс дегенге сенесің бе? Оқушылардың жауаптарын тексеру, бағалау, қатемен жұмыс жасау.
Сабақ мәтінінің мазмұнына байланысты мақал-мәтелдер айтып, оны талдау.
Үйге тапсырма: «Сусыз тіршілік жоқ» тақырыбына шығарма жаз.