Ата-аналарга кенес: Бала кутими


Әркім өз мінезінің қожасы
Баланың жеке қасиетттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.
Әдісі: Тақырыптық кеңес беру.
Түрі: Топтық, жеке.
Мақсаты: Мінез сапасының жағымды, жағымсыз аспектілері өмір сүру ортасында қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауда үлкен жетістікке жетуге немесе сәтсіздігінің бастауы болары болатындығын санасына сіңіру.
Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады. Бала тәрбиесінде ата-ананың мінез-құлқы шешуші фактор . Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырым, еңбексүйгіштік, т.б тәрбие баспалдағы қалану керек. Тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамитынын және қалыптасатынын, отбасында тек сіздің балаңыз емес қоғамның келешек азаматы өсетінін естен бір сәт шығармау керектігін барлығымызда жадымыздан шығармасақ дер едім. Балалардың м інез сапасының нашар болу себептеріне әсер ету факторлары:
Бала тәрбиесінде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы балалардың
мінезінде мейірімсіздік, қатыгездік, дөрекілік, өзімшілдік туғызады.
Жанұядағы сәтсіздік, маскүнемдік, жанжал, ұрлық, отбасы мүшелерінің жеңілтек
мінезі, бәрінен жаманы ажырасу, неке бұзу өшпенділікке үйретеді.
Маскүнемділік балаларды (невроз) жүйке ауруларына ұшыратады, ақыл-ой дамуы
баяулайды.
Ер балаларға жеткіліксіз назар аударылуы, ішкі жан дүниесіне үңілмеу, тілектерін,
ойларын, қоршаған ортаға қатынасын жете түсіне бермеу.
«Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» - деген болатын А.С.Макаренко.
... Егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз.. бала тәрбиесін ойлаудың қажеті нәтижесіз. Осы орайда «сіз қандай мінез иесісіз?» тақырыбындағы тестіге жауап беріп көрелік. (Тест жүргізіледі, жауабы оқылады. Ата-аналар өздерін іштей тексереді. Ескеру керек! Ата-аналар тестісінің жуабы ашық талданбайды.)