Блокнот ж?не Калькулятор (5 класс)
Пән аты: Информатика Сынып: 5«Б»
№29 сабақ Күні:19. 04. 2016 ж
Сабақтың тақырыбы: § 27 Блокнот және Калькулятор.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың блокнот және калькулятор қолданбаларын таныстыру.
Білімділік: Блокнот және Калькулятыр қолданбаларының міндеттері таныстыру көшіру мен кірістіріп қою командаларын үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдаастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты бекіту
Тапсырмалады орындау
Үйге тапсырма беру
7. Бағалау
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу-құралдарын тексеру, сынып тазалығын қадағалау.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Wordpad мәтіндік редакторыныңатқаратын қызметі қандай?
WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз
Мәтінің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындаолады?әрекеттерін
Мәтінің бір бөлігі көшіру жәнежылжыту дегеніміз не?
Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?
Жылжыту көшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет
Мәтінге сурет енгізу әрекеті қалай орындалады?
3.Жаңа сабақ:
Блокнот-бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жатқан аз көлемі қажет. Блокнотжұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған.Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Пуск-Все программы-Стандартные-Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі.
Мұнда ақпараттарды тек алмасу буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка-Вставить, Вырезать және Вставить командаларын орындаймыз.
Файл-Макет страницы командасының көмегімен қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бағдарын(Альбомдық немесе Кітаптық)таңдауға болады.
Формат-Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз.
Файл – Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады.
Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.
Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа бағдарламаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді. Жүйеде қалькулятор екі түрлі болады: Қарапайым және инженерлік.
Калькуляторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор. Калькулятордың түрін ауыстыру үшін: Вид менюін пайдаланамыз.
Калькулятордағы цифрлық ақпараттарды басқа бағдарламаларға көшіру үшін: Правка – Копировать немесе Вырезать және Вставить командаларын пайдаланымыз.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
2. Калькулятордың қандай түрлері бар?
4. Сабақты бекіту сұрақтары:
Блокнот қолданбасын атқаратын қызметі қандай?
Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?
Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, элпетін қалай өзгертеміз?
Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу, әрекеттері қалай орындалады?
Калькулятор бағдарламасының атқаратын қызметі қандай?
Калькулятор бағдарламасының қалай іске қосамыз?
5.Тапсырмаларды орындау: Оқушыларға жеке - жеке компьютерде кітапта берілген тапсырма орындату.
6.Үйге тапсырма: § 27 Блокнот және Калькулятор тақырыбын оқып келу.
7. Бағалау: Оқушылардың орындаған практикалық жұмыстары бағаланады.