Сценарий на 22-марта 22-наурыз ?лысты? ?лы к?ні детский сад
«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезені — Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгілімізді салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіздер.Ертеңгілімізді ашу үшін сөз кезегін мектеп директоры Қыдыралиева Лайсира Батырқызына береміз. — Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! Мал біткеннің бал татыған ұызды, Қуат болып қанымызға тарайды. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. «Аман ба» деп мал жаның? Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. — Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! ІІ. Әңгімелесу Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. — Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) — Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. — Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.
Ортаға екі бала шығады. Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады. Ернұр : Ассалаумағалейкум Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын!
Дінмұхамед: Уағалейкумссалам Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр. Би: «Қаражорға»
Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз!Балалармен амандасады.
Әже Гүлнұр: (қолында тостаған)Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт –түлігі ақты болсын,
қайда барса жол болсын!- Балалар «наурыз көже» туралы не білесіңдер?
- күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр етӘже: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады.
- Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар!- отырған қонақтарға наурыз көжені ұсынады.
Жүргізуші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.Назым: Құтты болсын Наурыз Жалқаулық қос жауымыз Дала толы егіске, Малға толсын тауымызСаян: Наурыз тойы әдемі, Әжем еске түсірді Біздерге арнап әдемі, Наурыз көже пісірді.Арай: Кел балалар ойнайық, Наурыз тойын тойлайық Баянды боп мереке Қыр гүліндей жайнайық:
Алижан: Думандасын дархан жерім,
Күмбірлесін күй төгіліп.
Наурыз тойы құтты болсын,
Қонақ жайлы жомарт елім
Жүргізуші:Ендігі кезекте бүлдіршіндердің орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Дастарқан»
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік. Аделя:Арпа, бидай, тары бар Қатық, малта, тағы бар Ішілетін, жейтінің Бұл көжеде
Бакдаулет Бата беріп атамыз, Бата беріп әжеміз Тәтті болып жасаған Көжеден дәм татамы
Айзере: Құт бауырсақ шашылып, Наурыз тойы ашылсын Бір бірімен мына жұрт Көрімдігін асырсын
Жүргізуші: Тойды одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл –тапыл басып, бақша есігін аттағалы отырған шөберелеріңіз де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.Әже(Гүлнұр): Әлбетте, қарағым ! Ал, халайық менің шөберемнің тұсауын кесіп, жоралғысын алар қайсың бар?- Мен бар, мен бар –деп біреу шығады.
Тұсау кесуші (Есенкүл апай):
Ала жіпті алайынӘжеңе алып барайынЕр жетті деп айтайынШашуын жеп қайтайын
Қаз, қаз балам, қаз балам!Қадам бассаң мәз боламКүрмеуіңді шешейінТұсауыңды кесейінҚаз бол ғой қарағымҚұтты болсын қадамыңӨмірге аяқ баса бер!Асулардан аса бер!Әже шашу шашады, бата береді.(Гүлнұр)
Жортқанда жолың болсын!Арғымақтай жүйрік болАсқардай таудай биік болӘумин!Әже: Шөберемнің тұсауын кестің, орамал тон болмайды, жол болады рахмет!(Сыйлығын береді) Жүргізуші:Балалар Наурыз мейрамына арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
Гүлсезім: Қош келіпсің Наурыз! Арман тойы халықтың. Қуанышы халықтың, Құтты болсын қадамың!
Даркен: Ал балалар тұрмайық Ойнайықта ойлалы
Күні түні он үш күн
Наурыз тойын тойлайық
Асылай: Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Сәлем бердік, біз сізге
Наурыз тойын қарсы алып
Анзор: Наурыз тойы-береке, Наурыз тойы-жыр аңыз. Қызып дулы мереке Қызық думан құрамыз.
Ильгар: Күреп алтын күрекпен, Қарды еріткен Наурыз! Жатыр көктем түлетіп, Бүрлеп бақша – бауымыз.
Балғаным: Ұлы күні кәрі- жас, Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай
Наурыз тойы құт болсын!
Жансая: Шапағатын аямай бұл жақта аспан, Жадырайды әр адам мұң шақпастан. Ой ағайын, келіңдер! Бүгін бізде – Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан
Балауса: Бүгін күн мен түн теңелді, Жер шуаққа көгереді, Соны тойлап ел енді. Қуанышқа кенеледі
Жүргізуші:Ендігі кезекті мың бұралған қыздарымыздың билерін тамашалаңыздар:
Би: «Домбра биі»
Жанерке: Наурыз той салтымыз, Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді. Көгерсін деп бағымыз
Рамазан: Наурыз келсе,құт келгені, халайық! Есік ашып,шашу шашып, Ел боп қарсы алайық..
Ерлан: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Алинұр: Әнімде саған биімде,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш әкеліп үйіме,
Күлімде наурыз күлімде.
Қанат: Күн менен түн теңеледі Жер шуаққа кенелді Соны тойлар ел енді Жанерке: Наурыз шаттық әніміз Салтанатты сәніміз Ән саламыз бәріміз Би билейміз бәріміз
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.Ендігі кезекте ұлттық ойынымыз «Қыз қууды» тамашалайық
Жүргізуші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық.Енді «Қол күрес» ойынын ойнатайық.
Жүргізуші: Енді қыздарымыздың биін тамашалайық. Би: «Өзбекше» Жүргізуші: Ендігі кезекті әнімізге береміз. Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Жүргізуші: Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті.Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Жүргізуші: Қош келдіңіз! Ұлыс күні қазан толса Ол жылы ақ мол болар Ұлы кісіден бата алсаң Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз
Ернұр: Азамат боп ержетіңдер, Ақылды болып ержетіңдер Азамат болыңдар көрікті, Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты Мінездерің болсын салмақты Өнерлі болыңдар жан – жақты Осы айтқанның бәрі қабыл болып Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.
Жүргізуші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенше күн жарық болсын
Жүргізуші: Осымен «Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.Сау болыңыздар!
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Л.Қыдыралиева
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі шағын орталығының
2015-2016 оқу жылында өтілетін «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгілік іс-шараның
жоспары
Өткізілетін күні:____________
Уақыты:____________
І Кіріспе
ІІ Балалардың өлең-тақпақтары
Ән: «Дастарқан»
Би: «Қаражорға
Би: «Өзбек»
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Би: «Домбыра биі»
ІІІ Ұлттық ойындар: «Қыз қуу», «Қол күрес»
ІҮ Ертеңгілікті қорытындылау
«Тексерілді»
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Е.Қайрылбаев
Әдіскер қызметін уақытша атқарушы: Ж.Қайрылбаева
Жоспарды түзген: Г.Манасбаева
Д.Утеева
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі шағын орталығы
ЕРТЕҢГІЛІК
Тақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
2015-2016 оқу жылы
Дайындаған:Ж. Қайрылбаева
Г.Манасбаева
Д.Утеева
Қожамберді ауылы
Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.Тәрбиеші:Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктемЖарығымен, шуағымен Күн - АнаАлып келдің жер бетіне нұр көктем!Осыншама жақсылық,Алып келдің Наурызым!Төрлет бізге нұр болып,Шуақ шашып нұр жүзің!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отырБи: «Қазақ биі»Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.Көктем:- Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын.Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.Ғазиз:Құтты болсын НаурызЖалқаулық қос жауымызДала толы егіске,Малға толсын тауымызСанжар Жанабаев:Наурыз тойы әдемі,Әжем еске түсірдіБақдәулет:Біздерге арнап әдемі,Наурыз көже пісірді.Арслан:Кел балалар ойнайық,Наурыз тойын тойлайықБаянды боп мерекеҚыр гүліндей жайнайықӘлішер:Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!Қайда барсаң, жол болсынТөрт түлік ақты болсын,Ұлыс береке берсін,Бәле – жәле жерге енсінТәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.Арайлым Абубакирова:Арпа, бидай, тары барҚатық, малта, тағы барІшілетін, жейтініңБұл көжеде бәрі бар.Жансерік:Бата беріп атамыз,Бата беріп әжемізТәтті болып жасағанКөжеден дәм татамызЖангүл:Құт бауырсақ шашылып,Наурыз тойы ашылсынБір бірімен мына жұртКөрімдігін асырсынТәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті Дастархан әніне береміз.Ән: «Дастархан»Данара мен Айшаның орындауында қабыл алыңыздар!Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,Жаңғыртар дәстүр салтымызСән салтымен ел көріктіСалт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.Данара:Күттіріп келген жыл басыБізбен бірге жырлашыДастарханға елімніңБереке ырыс сыйлашыАйша:Ой, халайық, халайықӘсем әнге салайықНаурыз тойын көңілдіБірге қарсы алайықДанагүл:Осыншама жақсылықАлып келген НаурызымТөрлет бізге нұр беріп,Шуақ шашып ақ жүзің!Галифа:Бәйшешек гүл ашадыМұздар сайға қашадыСуға толып өзен көлКемерінен асады.Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Тәрбиеші:Қош келдіңізҰлыс күні қазан толсаОл жылы ақ мол боларҰлы кісіден бата алсаңСонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.Қыдыр ата бата береді.Тәрбиеші:Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!Ал келіңдер қонақтарДосқа құшақ ашайықӨлең жырға басайықҚазақтың бір салты депТойға шашу шашайық!Әжелер шашу шашады.Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.Ақжол:Домбырасыз сән қайдаДомбырасыз ән қайдаӘн мен күй бар өмірдеОт та лаулап жанбаймаАйсұлтан Арайлым:Құрманғазы ТәттімбетДомбырамен сайрағанЖүрекке от жақсын депЕлге күйін арнағанТәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:Айтыс:Бағлан:Халықтық мейрам тойындаКім айтысар меніменАйтыс айтыс боладыАйтысқанда теңіңменАсылым:Айтыс айтыс болады,Шықса ақын теңіменШешен болсаң көрейінАйтысып көр меніменБағлан:Бес нәрседен қашық болБес нәрсеге асық болҚос аладың ба мән беріпҚанша болды санап көрАсылым:Бірге төрт бес болады,Оны бәрі білетінСен дейсіңбе саусағынСанай алмай жүретінХормен: Наурыз тойы салтымызАман болсын халқымызҰлыс оң болсын, ақ мол болсынНаурыз құтты болсын!Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.Темірлан: Төле би айтқан екенБіліп айтқан сөзге құн жетпейді,Тауып айтқан сөзге шың жетпейдіӨзің білмесең білгендерден үйренҮйренгеннен ештеңең кетпейдіӘділет: Әйтеке би айтқан екен:Ашу бар жерге ақыл тұрмайдыАшу деген ағын суАлдын ашсаң арқырарАқыл деген дарияМөлдір су боп сарқырарҚайсар: Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екенАрадан шыққан жау қиынТаусылмайтын дау қиынҚұр айтылған сөз қиынІске аспаған іс қиынТәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейікОйын: «Арқан шарту»Тәрбиеші: Балалар ортамызға Наурыз мерекесінің құтты қонақтары, біздің сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері: Батыр мен қаңбақ шалды шақырайық.Ортаға алпамса денелі батыр сахнаға шыққан кезде қарсы алдынан қаңбақ шал кіредіҚаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, батыр еке! Жолың болсын, қайда шықтың?Батыр: Әлейкумәссалам, Қаңбақ ата! Наурыз тойына бара жатырмын«Достық балабақшасындағы» балалар «Батыр ағамыз келсін деп жатыр екен». Ойын тойға қатысып, күш сынасып қайтпақшымын.Қаңбақ шал: Олай болса, екеуміздің жолымыз бір болып шықты. Олар тойға мені де шақырды. Енді міне, сен сияқты батырмен сапарлас болу бақытына ие болдым. Бірақ менің де саған пайдам тиер. Сен мықты, ержүрек болсаң, мен жеңілмін, әрі кумын.Осы кезде Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Қолында сыпырғышы бар бір нәрседен құр қалғандай жүгіріп шығады.Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, мен бұлардың қайда жиналғанын біліп алдым. Мені неге шақырмаған. Егер бұлар мені тойына өздерімен бірге ертіп кетпесе, өз обалдары өздеріне, екеуін жолдан адастыру мен үшін түк емес.Жалмауыз кемпір сыпырғышымен жолды оңды солды сиқырлай бастайды: «Адасып кетіңдер, балабақшаға жете алмай қалыңдар»Батыр: Сіз мұнда не істеп жүрсіз, әжеке?Жалмауыз кемпір: Сендер тойға бара алмай қалсын деп жолдарыңды дуалап жатырмын. Ал егер мені алып кететін болсаңдар, ең қысқа жолды көрсетемін.Батыр: Жарайды, ертіп барайық, бірақ онда қалу қалмауыңды балалар шешеді.Қонақтар балалармен амандасады, балаларды мерекемен құттықтайдыҚаңбақ шал: Кішкентай достар, сендердің шақыруларыңа қуанып келе жатыр едік. Жалмауыз кемпір ілесіп «тойға менде барамын деп» қалмай қойды. Біз оны ертіп келуге мәжбүр болдық. Бірақ бәрі сендердің қалауларың бойынша шешіледі. Адамға қастандық ойлап, зиян шектіргеннен басқа түк білмейтін Жалмауыз кемпір тойға қаттысынба, әлде қайтарып жіберейік пе?Тәрбиеші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан салтдәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір бірімен араз адамдар татуласып, бір біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал, қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады. Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп амандасуы. Олай болса Батыр, Қаңбақ шал бүгінгі қасиетті мейрамда Жалмауыз кемпірді кешіріп, өткен кеткенді ұмытып көрісіп амандасайық.Музыка ырғағымен Батыр, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір бір - бірімен көрісіп амандасады.Тәрбиеші:Ұлыс күні кәрі жас,Құшақтасып көріскенЖаңа ағытқан төлдейЖамырасып өріскенШалдар баға беріскенЖалмауыз кемпір: Ой ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп барады. Жүрегім біртүрлі жылып кетті. Денем де нәзіктеніп, сұлуланып бара жатқандай. Ой, алақай мен мейірімді болдым - деп иығындағы ақ орамалын басына байлап әдемі әжеге айналады. Айналайын құлыншақтарым, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Тәрбиеші: Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге айналды. Ал енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.Ералы: Күн менен түн теңеледіЖер шуаққа кенелдіСоны тойлар ел ендіБақтияр: Армысың ағайынБармысың ағайынҰлыс бақты болсынНаздана: Наурыз шаттық әнімізСалтанатты сәнімізӘн саламыз бәрімізБи билейміз бәрімізБатыр:Сәнді көктем нұрыменНаурыз тойы жырыменКөңіл гүлдей жайнасынНаурыз тойы тойлансынБатыр: Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.Ойын: « Күш сынасу»Тәрбиеші:Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.Тәрбиеші:Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,Тербетсін шаттық әні қазақ жерінТой бастаған қадамын құтты болсын,Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсынҚош болыңыз, Наурызым ардақтыХалқым саған бар үмітін жалғапты!Жылда осылай келе берсін жарасып!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Наурыз береке – бірлік әкелсін!Сау болыңыздар!
Музыка залына бір бала кіреді
Елдар: Келіңіздер келіңіздер!
Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын көріңіздер!
Жүргізуші: Наурыз тойы, көңіл тойы, көктем тойы,
Жақсылық болса дейтін өмір бойы.
Биылда былтырғыдай ақ көбейсін,
Елдегі бақыт байлық бақ көбейсін.
Наурыз құтты болсын ағаларға,
Наурыз құтты болсын аналарға.
Жыл сайын тойлайтын мәңгі бақи,
Наурыз құтты болсын баршамызға!
Міне, көптен күткен Ұлыстың ұлы күні тыныштық пен бейбіт күннің есігін ашып, Наурыз жаңа жыл келіп жетті. Осындай керемет күні екі ауыл тұрғындарының бастарын қосып тойлағалы едік. Өздері кешіккелі жатыр.
(Музыка әуенімен балалар билеп кіріп отырады)
Жүргізуші: Армысыздар Абай ауылының тұрғындары! Амансыздарма Айсары ауылының тұрғындары! Басқан қадамдарыңыз оң болсын. Бүгінгі біздің «Елді елең еткізген Наурыз келді көктеммен» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер.
- Балалар, мынау сандықты тарсылдатып тұрған кім екен? Ой Алдар көсе сәлеметсізбе!
Алдар көсе: Сәлеметсіздерме! Наурыз құтты болсын!
Жүргізуші: Сандықтың ішіне қалай тап болдыңыз? Әлде байды алдаймын деп өзіңіз алданып қалдыңызба?
Алдар көсе: Жоқ, жоқ сендерді таң қалдырайын дегенім ғой.
Жүргізуші: Алдар көсе бүгін Наурыз мерекесін тойлап жтырмыз. Біздің мерекемізге екі ауыл тұрғындары келіп отыр, сізде төрлетіңіз мерекені тойлайық.
Жиналдық наурыз тойға бәрімізде
Үлкен кіші жасымыз кәрімізде.
Ән мен күйді жыр мен биді шалқытып,
Өнерлерін інжу маржан шашайық – деп отырып бүгінгі ертеңгілігімізді тақпақтардан бастайық.
Әлімхан: Қазағым наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір алла иіп тұрсын.
Наурыз тойы – ақ батаның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы.
Жеті түрлі қасиетті дәмменен,
Байтақ елдің бір толады астауы.
Айгерім: Наурыз келіп көктем сазы білінер,
Ойнап күлген жас балалар жүгірер.
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,
Наурыз ай шаттықпенен нұр берер.
Гүл шығып дала жайнап құлпырған,
Далам қандай тамаша еді ән тұнған.
Бусап жатыр далам бүгін терлене,
Баурайыңнан қары кетіп құрсанған.
Мади: Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Бидай, күріш тары бар,
Бар сүт ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.
Сабина: Құрт бауырсақ шашылсын,
Наурыз тойы ашылсын.
++
Бір бірінен мына жұрт,
Өнерлігін асырсын.
Думандасын дархан жерім,
Күмбірлесін күй төгіліп.
Наурыз тойы құтты болсын,
Қонақ жайлы жомарт елім.
Қазбек: Күреп алтын күрекпен,
Қарды ерітті наурыз.
Жатыр көктем түлеткен,
Бүрлеп бақша бауымыз.
Ұлы күні ұлыстың,
Күн менен түн теңелген.
Тәтті дәмді ырыстың,
Таттық наурыз көжеден.
Аружан: Бусанып жерім бай, төсінде шалқып ән,
Наурыз көңілді ай, шаттығы шалқыған.
Ойнаймыз шаттана, ішеміз күнде айран,
Балаға қартқа да, ортақ қой бұл мейрам.
Ән: «Әз наурыз»
Алдар көсе: Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар.
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
- Қане екі ауыл тұрғындарының жігіттерінің күштерін сынап көрейік.
Ойын: «Арқан тарту»
Алдар көсе: Рахмет! Екі ауылдың жігіттерінің күштері мықты екен. Енді мен барып басқа ауыл тұрғындарын құттықтауға барайын. Қош сау болыңыздар.
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырайық.
Алмат: Алтын күн шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думанмен басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ жеріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.
Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,
Басқа ұлттар мен татулыққа жар салған.
Дәстүріммен мақтанамын елімнің,
Мен қазақ деп дүниеге жар салам.
Эмир: Қарды ерітті жылғасы,
Наурыз келді жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн,
Мейрамында халықтың.
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Нермин: Әнімде саған биімде,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш әкеліп үйіме,
Күлімде наурыз күлімде.
Ерназар: Ал балалар тұрмайық,
Ойнайықта ойлайық.
Күні-түні он үш күн,
Наурыз тойын тойлайық.
Н.Аружан: Наурызда күлімдеп, күн нұры төгілді,
Өзгеше бүгін леп, желпіндер көңілді.
Жылғалар былдырлап, тыншуды білмейді,
Сырғасы сылдырлап, тал қайың бүрледі.
Жүргізуші: Наурыз тойында өнерлі адамдар өз өнерлерін көрсетеді. Міне біздің арамызда да өнерлі ақындарымыз бар екен. Айсары ауылынан келген Дильназ атты ақынымыз бен Абай ауылынан келіп отырған Алмат атты ақындарымызды қошеметпен қарсы алайық.
Айтыс:
Екі ақын: Оу, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Дильназ: Айтысуға өзіңмен,
Шығып тұрмын алдыңа.
Айсары ауылынан келген,
Дильназ ақын мен болам.
Алмат: Меніменен айтысар,
Балтылдығың бар екен.
Таныстырсам өзімді,
Алмат ақын мен болам.
Дильназ: Бәтеңкеңнін бауында,
Байлай алмай жүруші ең.
Үйреңдіңбе жейдеңнің,
Теріс қарай киюші ең.
Алмат: Құрбым кімге күлесің,
Өзің нені білесің.
Онға дейін қиналып,
Санай да алмай жүруші ең.
Екі ақын: Ұлы наурыз бәріңді,
Татулыққа шақырған.
Тоқтатпасақ айтысты,
Сөз қалған ба ақыннан.
Жүргізуші: Екі ауылдың ақыны бүгінгі айтыста жақсы айтысты. Рахмет сіздерге!
Алуа: Көктем айы, көктем айы,
Көкпеңбек боп келді тағы.
Туған жердің қырмен сайы,
Жыр жырлайды ән салады.
Құлпырайды құлын шауып,
Кең далаға құмартады.
Ағаштарда бүршік жарып,
Айналасын қуантады.
Б.Айғаным: Ашық болсын қас қабақ,
Тас пен атқанды оқпен ат.
Бейтаныс та таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа бидай тары бар,
Қатық малта тағы бар.
Ішілетін жейтінің,
Бұл көжеде бәрі бар.
Алихан: Наурыз тойға жиналды халқым менің,
Бәрінің де ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе- теңін.
Келді наурыз бұла күш тасқыны мен,
Құлпырып, қайта өзгеріп, жастығымен.
Жер иіп, тамыр болып, бүршік жарып,
Табиғат ықыласына тас жібіген.
Ш.Айғаным: Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
Келіңдер наурызда той тойлайық,
Би билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Дильназ: Жас қосатын жасыңа,
Жыл басы бұл наурыз.
Әр кіргізген қасына,
Бал татыған сары уыз.
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге жар салды.
Жүргізуші: Біздің хадқымыздың көптеген дәстүрлері бар. Осы салт дәстүрлеріміздің ішінен «Балаға ат қою» рәсімін тамашалаңыздар.
Көрініс: «Балаға ат қою»
Ата: Әй бәйбіше,бүгін немеремізге азан шақырып ат қояйық. Жаңа барып көрші Думан ақсақалды шақырып келдім.
Әже: Дұрыс айтасың шал.
Думан ақсақал: Асалаумұғалейкум!
Ата: Уағалейкум ассалам! Төрлетіңіз! Немеремнің атын қоюды ақсақал сізге жолдап жатырмын.
Әже: Әй келінжан, немеремді ақсақалдың алдына әкел.
Ақсақал: Сенің атын Наурызбек,
Сенің атын Наурызбек,
Сенің атын Наурызбек!
Әкеңнің аты Қадірбек,
Атаңның аты Иманбай,
Анаңның аты Айғаным!
- Ал енді батамды берейін:
Бөбектің бауы берік болсын,
Өскен сайын өрелсің.
Еш жамандық көрмесін,
Жасы ұзақ, мың болсын. Әумин
Ата: Әмин айтқаныңыз келсін.
(Музыка залына әже кіреді)
Әже: Сәлеметсіздерме! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! (Шашу шашады)
Жүргізуші: Сәлеметсізбе әже! Біздің мерекемізге қош келдіңіз, төрлетіңіз үстел басына жайғасып отырыңыз.
Камила: Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен сазды ән.
Қыз боз бала қыдырған,
Жасыл желек жамылған.
Наурыз самал, наурыз жел,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағыныш пен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы он екі айдан тоғысқан.
Даниал: Наурыз күні той думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу маржан шашайық.
Жақсылыққа бас болып,
Алдымызға ас болып.
Келген наурыз құт болсын,
Берері тағы мол болсын.
Арлан: Құтты болсын наурыз,
Жалқаулық қас жауымыз.
Дала толып егінге,
Малға толсын тауымыз.
Құтты болсын наурыз!
Қалдырмасын қауіп із.
Бейбітшілік жолында,
Болмасын еш дауымыз.
Әже: «Бесікке салу» рәсімін көрсетті
Жүргізуші: Өлең сөздің патшасы ән сарасы,
Елдің көңілін көтерер ел данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Назар қойып тыңдаңдар ән жолдауын.
Ән: «Наурызым мерекем»
Жүргізуші: Балалар наурыздың ең басты тағамы қандай тағам?
- Наурыз көже неше түрлі дәмнен жасалады? Ендеше наурыз көженің қалай дайындалатынын ортаға шығып Айгерім айтып береді.
Айгерім: 7 деген сан киелі сан. Қазақ киелікке ырымшылыққа аса мән берген. Наурыз көже жет түрлі дәмнен жасалады: оған қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдар қосады.
Жүргізуші: Рахмет саған Айгерім, енді наурыз көженің қалай дайындалатынын білдік.
Сымбатты да өнерлі,
Қайратты да жігерлі.
Біздің топтың балалары,
Қара жорға билейді.
Би: «Қара жорға»
Ән: «Наурызым»
Жүргізуші: Міне балалар біз сендермен ойын ойнадық, би биледік ән де айттық мерекеміз аяқталып жатыр. Ендеше ақжаулықты әжемізден бата сұрайық.
Әже: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке әкелсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Жүргізуші: Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім,
Тербетсін шаттық ән қазақ жерін.
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Жалғайтын дәстүрімді байтақ елім.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,
Денеміз сау, мықты болсын.
Еліміздің несібесі көп болсын,
Дәстүрлі наурыз тойы құтты болсын!
Ернұр : Ассалаумағалейкум Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын Дінмұхамед: Уағалейкумссалам Ұлыс оң болсын Пәле – жала жерге енсін!
Назым: Құтты болсын Наурыз Жалқаулық қос жауымыз Дала толы егіске, Малға толсын тауымыз Саян: Наурыз тойы әдемі, Әжем еске түсірді Біздерге арнап әдемі, Наурыз көже пісірді. Арай: Кел балалар ойнайық, Наурыз тойын тойлайық Баянды боп мереке Қыр гүліндей жайнайық:
Алижан:Думандасын дархан жерім,
Күмбірлесін күй төгіліп
Наурыз тойы құтты болсын,
Қонақ жайлы жомарт елім
Аделя:Арпа, бидай, тары бар Қатық, малта, тағы бар Ішілетін, жейтінің Бұл көжеде бәрі бар
Бакдаулет Бата беріп атамыз, Бата беріп әжеміз Тәтті болып жасаған Көжеден дәм татамы
Айзере: Құт бауырсақ шашылып, Наурыз тойы ашылсын Бір бірімен мына жұрт Көрімдігін асырс
Гүлсезім: Қош келіпсің Наурыз! Арман той халықтың. Қуанышы халықтың, Құтты болсын қадамың!
Даркен: Ал балалар тұрмайық Ойнайықта ойлалы
Күні түні он үш күн
Наурыз тойын тойлайық
Асылай: Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Сәлем бердік, біз сізге!
Наурыз тойын қарсы алып
Анзор: Наурыз тойы-береке, Наурыз тойы-жыр аңыз. Қызып дулы мереке Қызық думан құрамыз.
Ильгар: Күреп алтын күрекпен, Қарды еріткен Наурыз! Жатыр көктем түлетіп, Бүрлеп бақша – бауымыз.
Балғаным: Ұлы күні кәрі- жас, Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай, Наурыз тойы құт болсын!
Жансая Шапағатын аямай бұл жақта аспан, Жадырайды әр адам мұң шақпастан. Ой ағайын, келіңдер! Бүгін бізде -Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан.
Дінмұхамед: Бүгін күн мен түн теңелді, Жер шуаққа көгереді, Соны тойлап ел енді. Қуанышқа кенеледі
Жанерке: Наурыз той салтымыз, Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді. Көгерсін деп бағымы
Рамазан: Наурыз келсе,құт
келгені,халайық! Есік ашып,шашу шашып, Ел боп қарсы алайық.
Ерлан: Бата беріп атамыз
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Алинұр: Әнімде саған биімде,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш әкеліп үйіме,
Күлімде наурыз күлімде.
Қанат: Күн менен түн теңеледі Жер шуаққа кенелді Соны тойлар ел енді
Балауса: Бүгін күн мен түн теңелді, Жер шуаққа көгереді, Соны тойлап ел енді. Қуанышқа кенеледі