«Наурыз аруы» — 2016
«Наурыз аруы» - 2016
Мақсаты : Оқушыларға наурыз мерекесі жайлы түсінік бере отырып, қыздардың өнерін бақылау, анықтау. Оқушыларға ана туралы ұлағатты сөздер, өлеңдер мақал- мәтелдер арқылы ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіре отырып, ананы сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мұғалімнің сөзі:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,Ана дейді жас сәби де жарқылдап.Ана деген – бәйтерегі өмірдің,Ана деген – алтын қазақ, алтын бақАна деген- асыл жандар болаттай,Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.О, адамдар қадірлей біл ананы,Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай.
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді - дей отыра біздің шағын концертімізді ашық деп жариялаймын !
Мұғалім
-Салеметсіздер ме! Ата- аналар,әжелер ,ұстаздар, және гүлдей нәзік қыздар. Сіздерді көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ал енді 3 -сынып оқушыларына сөз беремін.
1-ші оқушы: Жасмин
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
2- ші оқушы:Ақылбек
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған.
Жер бетіне өмір нәрін себуші-
Анаалдындаборыштығой бар адам.
3- ші оқушы:Әмина
Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт,шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер, анашым!
4- ші оқушы:Шыңғыс
Мен ананышуағы мол күндеймін,
Анаданзорқұдіреттібілмеймін.
Анамылғиқамқорболыпжүреді,
Сондықтан да жылдатүлеп,гүлдеймін.
5-ші оқушы:Ақбота
Анадегенасылжандарболаттай,
Анадегенмөлдіржандарбұлақтай.
О,адамдар, қадірлейбілананы,
Жат қылыққаақыл-ойдытонатпай.
6-шы оқушы:Ильяс
Анадесем,сезімбилержылы,ыстық,
Жарасымдыадамдарғатуыстық.
Берсе барлықадамғаанамейірін,
Орнареді бар әлемгетыныштық.
7- ші оқушы:Камила
Анамменіңасылым,лағыләнім,
Кеңкеудеңегүлболыптағыламын,
Жұлдызыңдайкөзіңдежағыламын,
Алыскетсемаңсаймын,сағынамын,
Анамменің,асылым,лағыләнім!
8- ші оқушы:Диас
Аяулы да алтын нұрлыанашым,
Жүрегімменмәңгібіргеболасың.
Сен асқарсың,сенаспансың,биіксің,
Сен дарқансың,сенжомартсың, данасың.
9- шы оқушы:Дильназ
Асыланам-алтын жан,асқартауым,
Арайланыпалдымнанатқантаңым.
Әлпештедің,әлдилеп,аяладың
Әркешменіңән-күйім,саябағым.
10-шы оқушы:Әділ
Гүлің болып көлімде сен көрінген,
Күнім болып көгімде сен көрінген.
Ақын ең сен,әр таңға асық жаның,
Алыс кетсем аңсаймын,сағынамын.
11- ші оқушы:Махаббат
Анашым менің,саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап,арналсын саған жыр-әнім!
12- ші оқушы:Ұлан
Анашым,жыр арнады қалқаң бүгін,
Көмкерер сен дегендебіртаңдыкүн.
Болсаегеруысымдабірөзіңе,
Сыйлар ем дүниеніңдархандығын!
«Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз, Әже сөзін ардақтап, әдеппен бас иеміз». (Барлығы бірге бас иеді)
Қапсұлтан Ақбота орындауында «Анашым» әнің қабыл алыңыздар .
1-ші оқушы(Б Гүлдана.)
Құтты болсын, ардақты апа,
Асыл апа мерекең.
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышың, берекең.
Өмірдің иесі сен, ғазиз ана
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ,ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
4- ші оқушы:Гүлден
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан үйге шаршап келгенімде,
Бал сөзі-жаным деген, сая маған.
Бал сөзбен баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасаған жақсы адам.
9- шы оқушы:Әлібек
Айналайын анашым,
Күн көкірек мамашым.
Ақ сүтіңмен суардың,
Бөбегіңнің санасын.
10-шы оқушы:Жансая
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,күн әжем.
Апам үшін,мен үшін,
Нағыз ана тілі әжем.
«Балапаным» дейді әжем,
«Балапаным» дейді әжем.
Ұзақ күнге бүкшендеп,
Біздің қамды ойлайды әжем.
Бекзат
Анашым,анам
Ыстықсын маған .
Тәрбие бердің,
Көп алғыс саған.
Батырбай
(И. Гүлдана)
Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан анам.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегінді ақтайтын,
Аман болшы анашым.
Барлығы:
«Аналарды сүйеміз сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап, әдеппен бас иеміз».
(Барлығы бас иеді).
Біздің ортамызда асыл жанды әжелер бар. Олар – ------------------------------------------------------ ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Келесі ән асыл әжелерге арналады.
«Әжемнің ертегісі» әнімен ортаға Дәндібаев Диасты шақырамыз.
Уа, халайық, халайық Мың бұралған арулар жайлап басып,
Мұнда назар салайық. Келеді ортамызға жайнап толып
Тойымыздың жалғасын Қыз баласын сыйлаған халқым менің,
«Наурыз аруымен» жалғайық. Қошеметтеп қол соғайық қарсы алып.
Мұғалім (сахнаға шақыру).
Мінезі ашық, жарқын,жүзі жылы,
Түрінен көрінеді ішкі сыры.
Әмина да келді ішіне өнерлі қыз,
Аспаннан шашылғандай күннің нұры,
Мұғалім
Даусы әсем ,нәзік әнші Айжандай,
Сүйкімді қыз үрлеп ауызға салғандай.
Өленменен алға өз сыныбың
Қарандаршы Ақбота атты қыз қандай?
Мұғалім
Аруда алда жүрген бір тұлпары,
Болашақтың басылар бір құмары.
Бүгінгі күн қуантады ұстазың,
Шықты ортаға Гүлдана қыз гүл жұпары.
Мұғалім
Атына ақылы сай аруым бар,
Жарасаң қанша үзіліп қанбас құмар.
Махаббат ару көрсетші өнеріңді,
Тамашалап көңілденіп отырғандар.
Мұғалім
Өнер,білім,өлең тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын,
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Әділ- қазы алқаларымен таныстырып кетейін
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Мұғалім
- сіздер 5 балды ұпайлық жүйемен бағалайсыздар.
(- Алдарыныздағы тақтаймаларды көтере отырып, бағалайсыздар.)
Той деп бүгін көңіл шіркін толады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Мектептегі бүгін болар сайыстың,
Әншілер шығып әнімен бетін ашады.
Құттықтаймын әнің қабыл алыңыз! (Сыйлықтарды беру аналарға.) Өлең о маме включить.
Мұғалім
Өнер қуып арулар өнер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
1-нөмірдегі аруымыз: .Әмина
2-нөмірдегі аруымыз :Ақбота
3-нөмірдегі аруымыз:Гүлдана
4-нөмірдегі аруымыз:.Махаббат
Мұғалім
Келесі сайымыздың тапсырмасы: Сұрақ – жауап.
1.Бір жылда неше ай бар? 12
2.Ұлыстың ұлы күні деп , қай мерекені атайды? 22.03 наурыз.
3.Жыл мезгілдерін ата? 4 (көктем,жаз,күз,қыс)
4. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
5. Қазақстанның бірінші ғарышкері кім? ( Тоқтар Әубакіров)
6. Жеті күнді ата? (дүйсенбі, ....)
7.Бір ғасырда неше жыл бар? (100)
8. Үш арсызды ата? (Ұйқы ,тамақ, күлкі )
3-ші тапсырма. «Жаңылтпаштарды кім тез жаттайды»
Торта қойдым,
Орта қойдым,
Орта қойдым
Жорта қойдым.
Бердім тай,лақты,
Алдым тайлақты.
Беріп тайлақты,
Алдым тай , лақты.
-Бұл қайсы арал?
-Қарғалы арал.
Қамыс басын қайырып
Қарға ұялар
Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім?
Мұғалім
Бишілеріміз Гүлдана,Дильназ,Камила аруларымызды ортаға шақырамыз «Қолшатыр биі»
қабыл алыңыздар.
4-ші тапсырма. «Ең үздік шаштараз»
Ортаға Баймұханова Гүлден, Себепов Ильяс, Батырбекова Жасминді шақырамын «Абзал ана» әні қабыл алыңыздар.
5-ші тапсырма. «Гүл жасау» сайысы.
Бишілеріміз «Шоколад биімен» ортаға шақырамыз . Қабыл алыңыздар.
Мұғалім
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ өнерлерін салыпты
6-ші тапсырма. «Өнерлі өрге жүзеді»
Жазықпаева Әминаның орындауында «Анашым қартаймашы» әнің қабыл алыңыздар .
Келесі кезекті «Бада Бекс» биін ұсынамыз.
Орындайтын: Махаббат,Гүлдана,Ақбота және көмекші партнерлары Әділ, Диас,Ұлан.
- Қабыл алыңыздар!
Хор. «Бала тілегі» әні. орындайтын Ғабдығалиев Ұлан
Мұғалім
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өркендер.
Осымен «Наурыз ару»сыны аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Сөз әділ-қазылар алқасына беріледі. (МАРАПАТТАУ)
Не тілесең өмірден,
Табатын бол бәрін де:
Махаббат, достық, көңіл кең,
Саулық, сұлу тәнің де.
Орындалып тілегің,
Бақытты өмір сүре біл! – дей отырып, 8 наурыз мерекесіне арналған концертті аяқтаймыз. Сау сәлемат болыңыздар!
Келгендеріңізге рахмет!