?мытылмас М??а?али ?ле?дері атты поэзия кеші 85-жыл
\«Ұмытылмас Мұқағали өлеңдері» атты поэзия кешіМақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушыларға насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру.Кештің көрнекілігі: кеш тақырыбы мен ақын портреті, буклет, альбом және кітап, журналдармен көркемделген көрме, тақырыптық слайд.Кештің жоспары:«Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім» (өмірдерек)«Ағалар айтқан ақиқат» (ақын туралы естеліктер)«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (ақынның әр тақырыптағы өлеңдері)«Абай – Махамбет - Мұқағали» (ұрпақтар үндестігі)«Өлең деген тумайды жайшылықта» (жас ақындар шығармашылығы, қонақтармен ой бөлісу)«Поэзия – жүрек тілі» (өлеңдерден үзіндіні жалғау)«Есіңе мені алғайсың» (қорытынды)1 - жүргізуші: Бүгін менің туған күнімОй, пәле - ай!Мына адамдар неге жатыр тойламай?!Банкет жасап берер едім өзім - ақ,Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.2 - жүргізуші: Мына дүние неге жатыр үндемей?!Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,«Мынау – шапан,Мынау – атың, мін» - демей.1 - жүргізуші: Тойланбаса, тойланбасын,Не етейік.Той көрмей - ақ, сый көрмей - ақ өтейінҚаламымды берші маған бәйбіше,Болашаққа арыз жазып кетейін...2 - жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, студенттер, қонақтар!Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.1 - жүргізуші: Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.2 - жүргізуші: Бүгінгі «Ұмытылмас Мұқағали өлеңдері» атты әдеби - сазды кешіміз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналып отыр. 9 ақпан күні көзі тірі болса 85 жасқа толар еді...(Кеш бөлімдерімен таныстыру)1 - жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы сан қырлы. Оны біріміз білсек те, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.«Менің анкетам» өлеңін жүргізушілер кезекпен оқиды.- Туған жерің?- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.- Туған жылың?- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.- Жынысың кім?- Еркекпін ғой, еркекпін!- Және - дағы тәуірмін...- Партияда барсың ба?- Жоқпын.- Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.- Шыққан тегің?- Шаруамын.Бар тірліктен бағалы оны санаймын.- Білімің ше?- Орташа ғой.Алайда оны жоғарыға балаймын.- Ана тілің?- Қазақша.Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.- Қайда істедің?- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.Оқымаған дипломсыз демесеңБір басымнан бар мамандық табылар.- Міндетісің бе әскерге?- Міндеттімін.Бірақ әлі жас кеуде.Жауынгердің ұлымын ғой,Жанын қиған Мәскеуге.- Сөгіс алып көрдің бе?- Ол жағынан періште едім дей алмаймын,Мен мүлде.Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...- Шетелдерде болдың ба?- Болғамын жоқ.Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,Осы отырған орнымда - ақ.- Мекен - жәйің?- Мекен - жәйім – жер менің,Жерде өскен ақын деген пендемін.Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,Мен өмірді жырлау үшін келгенмін! «Туған жер» Орындайтын: Аяпов Ильяс
2 - жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы,- деп аға жайдан - жай айтпаған ғой.
1 - жүргізуші:
Ендеше ақын туралы ақын - жазушылардың естеліктеріне сөз берейік.(Студенттер кезекпен естеліктер оқиды)- Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. (Ә. Кекілбаев)- Мұқағали мұрасы – біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы (З. Серікқалиев)- Әдебиет – ғаламат ғимарат, сұлулық сарайы. Мұқағали соның талантты тас қалаушыларының бірі. (Қадыр Мырза Әли)- Біз тірілер, ол туралы білгенімізді айта береміз. Бірде асырып, бірде жасырып, бірде жеткізбей, бірде жеткізіп айтамыз. (Т. Молдағалиев)- Қазақ әдебиетіндегі дара тұлғалы Мұқағали жұлдызы ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз (Р.Сейсенбаев)2 - жүргізуші: Ақындықпен айналысқан 30 жыл ішінде М. Мақатаев көзімен көргендерін, ақындық санамен түйгендерін төгілтіп жырлай берді, жырлай береді.
Ендеше ақын ағамыздың өз даусымен жырлаған өлеңдеріне назар салып тыңдайық.
Өз даусымен өлеңін қосу1 - жүргізуші: Әр ақынның өлең - өнер болмысында бір қасиет өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда – ой, Мағжанда – махаббат, Қасымда – от, Мұқағалида – Отан, тазалық, қасиет, табиғат деген ұғым басымырақ.2 - жүргізуші: Табиғат,Жанымды алсаң,Алшы менің.Бір түйір жерге түскен тамшың едім.Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,Артымда қалсын жерім,Қалсын елім, - деген Мұқағали барлық өлеңіне бойындағы сезімнің бүкіл ағынымен барып таусыла жазды.Студенттер: «Отан» оқитын: Жукова Надежда
«Анашым» оқитын: Корнева Алла
1 - жүргізуші: Өміршең өлеңдерді әнмен әрлей отырайық.Ән «Сәби болғым келеді...» орындайтын Мейрамбайқызы Әсемгүл
2 - жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кеткен ақын жоқ десек артық айтқандық емес. Өйткені, махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып, бірақ әр ақын, өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әрқалай шығарады.«Ғашықпын» өлеңі оқылады. Оқитын: Тлепиев Олжас
2-жүргізуші: Ендеше ақынның өз даусымен орындалған өлең жырларына назар салайық.
Өз даусымен өлеңдерін қосу
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата –баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали поэзия алыбы.
Ән « Сен көріктісің» орындайтын__Аманғали Нұрбек1 - жүргізуші: Махамбет пен Абайдан бірдей қуат алып өскен Мұқағали ағамыз мерейтойы Юнеско бойынша аталып өткен әрі ақын, әрі батыр Махамбетті пір тұтқан, ұлы Абайдың мақсатын өз мақсатым деп білген екен.«Махамбеттер, Абайлар - ай» өлеңі. Оқитын: Аманғали Нұрбек
2 - жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. кей кейде ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді, ақынды ақын жұбатады.Ақынды ақын оятпаса, ол қайғы,Ақынды ақын таяқтаса, ол қайғы,Ақынды ақын күйелесе, ол қайғы.1 - жүргізуші: Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Енді біз де Мұқағали болып Фаризаға мұң шағайықшы. «Фаризаға» орындайтын: Корнева Алла2 - жүргізуші:
М.Мақатаевтың сазды лирикалық өлеңдерін оқыған сазгерлер үлкен әсерде болады. Мұқағали өлеңдеріне көптеген әндер шығарылды. Бұл Мұқағали өлеңдерінің өте бір нәзіктігі. Сазгерді ән салуға жетелеп, өмірге талай тамаша ән әкелді. Мұқағалидың жырлары жастардың жүрегіне, халқының жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Оқыған сайын жаңа сырларын, сырлы саздарын төгуде.
Сахналық көрсетілім «Махаббат диалогы» өлеңіне сюжет
Орындайтын: Аяпов Ильяс, Бондарук София
1-жүргізуші
Бұл күнде иісі қазақ аса жоғары бағалап, құрметпен айтатын„Сарыжайлау,"„Сәлем берем Жетісуға,"Сөнбейді,әже,шырағың,"
„Есіңе мені алғайсың",„Болмасын соғыс,болмасын,"„Кел еркем,Алатауыма,"
„Домбыра-досым "және басқа да көптеген әндер әрі жедел әрі сәтті туған дүниелер еді.
”Үш бақытым" атты, өлеңін оқиды. Голенко Алена
2 - жүргізуші: Ақ қырау тұрған ақпанда,Ағаштар сырға таққанда,Бозарып тұрып ақ таңда,Есіңе мені алғайсың – деп толғанады.Ендеше Ө/о. шебері Тулегенова Розалия Алпамысқызының орындауында «Есіңе мені алғайсың» әнін қабыл алыңыздар.1 - жүргізуші: «Менің қымбатты достарым!»Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. (14 ақпан. 1976 жыл. Күнделігінен)2 - жүргізуші: Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.... Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкімИә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса М. Мақатаев та көз жұмған жоқ.1 - жүргізуші: Мына күн де, мына аспан да, дала анау,Бәрі бізден, бәрі бізден қалды – ау!Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,Өмір дейтін өлемін деп қарамау.Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. Сол шындықты шын жүректен түсінсек қана тарлан талант, жыр жампозы М. Мақатаевтың ұлттық мақтанышымыз екенін мойындаймыз.
1 - жүргізуші:Осымен біртуар ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған кешіміз тамам.2 - жүргізуші:Назар аударғандарыңызға көп рахмет!
Қобда көпсалалы колледжі
«Бекітілді»
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
_______________Бупеликова К.А.
Дайындаған: Бекжанова Э.У.
2015-2016 оқу жылы
-476250-984252962275-98425
513625149406
2961005111125
-303249143764
2371375895200102374723522943048786121158-211455111125