Ар-намысым, ?асіретім, ?уанышым-Желто?сан! т?рбие са?аты
Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!
Мақсаты: Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге, дамытуға білімді адамдар керек екенін түсіндіру, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, Желтоқсан құрбандарының суреттері.
Қазақстан Республикасының Мемлкеттік әнұранын орындау.
Мұғалім. Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі - Алматы қаласында болған жастар көтерілісі. Бұл көтерлістің себебін бір жақты қарап, бір ауыз сөзбен түсіндіру мүмкін емес.
Міне, біз бүгін осы «Желтоқсан оқиғасына» байланысты ой толғап, Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымызды еске ала отырып егемендігімізді мәңгілік ту етіп көтермекшіміз.
Жүргізуші:
«Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанғам» деп Қасым Аманжолов жырлағандай кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңші?!
Жүргізуші:
Мен қазақпын мың мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Талай-талай заманды кешкен елмін,
Жұт арытып, шөл қысып көшкен елмін.
Өшіп кетіп бір жылда жер бетінен
Өзге орында балалап өскен елмін
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым!
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды.
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды деген төрт жол адамзаттың жүрегін селт еткізері анық.
1986 жылы болған оқиға халық жүрегінде мәңгі сақталады. Біздің бүгінгі кешіміз елдің Тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауқазындай ұл-қыздарымыздың рухына араналады.
Көрініс: «Ана бейнесі»
Сахна безендірілген. Алаң. Төрде Желтоқсан құрбандарына қойылған ескерткіш тақта. Тақта алдына ақ жаулықты ана гүл қойып отыр. Кенет иттің үргені, қыздардың шуылы естіліп, абдыраған ана жан-жағына қарайды.
1-оқушы:
Қайраттың рухы:
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып,
Ақсауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Әруғыңмен жебей көр!
Ана: Ойпырым-ай, бұрқанған тасқын секілді бұл үн кімдікі еді? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзі? Оқыстан шыққан айқай-шуды, сол шуға бүйірі қызған дарабоздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім?
Иә, иә сол дауыс қой мынау, Қайратымның даусы ғой. Таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Иә,иә дәл сол....
Жүргізуші:
Сол күндерді есіме мен көп алам,
Желтоқсанның он жетісі. Топ алаң.
Тоғышардың түсіне де кірмеген,
Басталды бір сұмдық, у-шу, зобалаң.
Тұтқилдан түскен суық мәлімет ,
Тарап елге дейді «Күшпен қабыл ет».
Жаңа алаңға қалың жастар қаптады,
Қайда, қайда, жариялылық әділет?
Тоңмойындар болжамайтын алысты
Менмендікпен таптап кетті намысты.
Санаспастан қонақжай кең қазақтың,
Қайтпас қайсар мінезімен танысты.
Жиналуда тұрған қандай бар айып?
Ойлары жоқ дейтін «Оңай тарайық»
Қоршап алған қалың әскер
Күтті кештің түскенін қас қарайып.
Жүргізуші: 1986 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұхаммед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды.
Жүргізуші: Оның орнына Ресейден келген Геннадий Колбин сайланды. Төтенше өткен Пленум 18 минутта аяқталды. Сондықтан 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері Алматы қаласында қазақ жастарының толқуына ұласты. Наразылыққа жылдар бойы қордаланған себептер түрткі болды.
Көрініс: «Алаңдағы жастар»
Қарлығаш:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін,
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.
Ерсайын:
Желтоқсан – тағдырларға азалы күн,Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршыннан қиылған боздақтары
Қалары анық есінде Қазағымның
Гүлфайрус:
Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған
Тәңірімнің Желтоқсан – шуақты күн.
Артур:
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн,
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.
Еркіндік, егемендік елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
Аида:
Тарихым жатыр тасымда
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның
Желтоқсан тұрар басында!
Жүргізуші:
Озбырылық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанды батпан мұң
Енді қайта келмесін
Сол бір қарғыс атқан күн!
«Желтоқсан - оқиғасы» ешқашан көмескіленбейді, себебі тарихтан алар орны ерекше оқиға.
Ән: «Желтоқсан желі»
Көрініс: «Сол бір күнде»
(Қайрат Рысқұлбеков өмірінен)
Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұханбеджанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып олардың рухына тағзым ету – парызымыз!
(Сахнаға шырақ жаққан 4 оқушы шығады. Олар сөздерін айтып шырақтарын кезектесіп сөндіреді.)
Артур: 1986 жылы 19 желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақатталған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды.
Гүлфайрус: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған даусы құлағымызда әлі жаңғырып тұрғандай, бұл даустың ішінен Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі. Сен тірі болсаң қазағымның мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосар едің-ау!
Қарлығаш: Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына масқара сөздер айтып балағаттаған қорлығына шыдай алмай Өскемен педучилищесінің І курс студенті жатақхананың 5-қабатынан құлап өлді.
Ерсайын: Бостандық пен жарық сәуле үшін жан аямай арпалысып жатқанда оның тағдырывна бүкіл әлем құлақ түрді.
500 күннен астам өлім жазасының камерасында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенет Семейден бір-ақ шықты.
21-мамырда 21-жасында Семей түрмесінде 21-камерада қаскөйлік әрекеттен қаза тапты.
Мұғалім: Бұл қыршын кеткен қазақ жастарның сөнген шырақтары болатын.
Еске алып құрметтейміз құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылысын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да, біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!..
Жастық жалын әлі маздап алаулар.
Боздақтарды еске алғанда
Жасқа толар жанарлар.
Құрбан болған бостандықтың жолында
Айтылмаған әлі талай боздақ бар,
Естен оны шығармаңдар, ей, адамдар!
Желтоқсн оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүниежүзіне танымал ел болдық!
Жүргізуші:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін,
Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан.
Кеудеме әкеп қондырған бақыт бұлбұлын-
Тәуелсіз Қазақстаным!
Егемендік иесі – мен деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз.
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік – ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Егемендік деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Жылдар шежіресі
Слайд көрсету.
Жүргізуші:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім, келеді, айта бергім.
Ән: «Атамекен»