М??а?али Ма?атаевты еске алу кешіні? сценарийі


МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН
Туған жерің?Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.Туған жылың?1931. Құрдасымын Шәмілдің.Жынысың кім?Еркекпін ғой, еркекпін!Және дағы тәуірмін...Партияда барсың ба?Жоқпын.Шыққан тегің?Шаруамын.Бар тірліктен бағалы оны санаймын.Білімің ше?Орташа ғой.Алайда өзім жоғарыға балаймын.Мекен -жайың?Мекен- жайым жер менің.Жерде жүрген ақын деген пендемін.Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздағанМен өмірді жырлау үшін келгенмін!
Қараңызшы! Ешқандай қанық бояу да, жарқырап «мен мұндалаған» сөз де, түсініксіз, жаттауға да ауыр, мағынасын сөздік ақтарып тауып алатын сөз оралымы да жоқ. Қазақтың таза, қарапайым, жалпыға ортақ сөздерінен әп-әдемі, ып-ықшам дүние жасай білген . «Қазақтың дәл өзіндей қарапайым». Қазаққа тән қара өлеңге табынған Мұқағали ақынның жырлары жаныңды бір ерекше сезімге жетелейді, сүйсінтеді, таңдай қақтырады.
Көзі тірісінде алақанына салып аялай алмаса да, өзі өмірден өткенмен, халық оны поэзия патшасындай биіктетеді, ардақ тұтады. Жасындай жарқ етіп өте шыққан қысқа ғана ғұмырында артына сөнбес сәуледей ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен, отты жырларымен талайдың поэзия әлеміне енуіне себепкер болған аяулы ақынымыздың өнері мен өмірі өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі. Ақынын ардақтай білген халық қашан да бағытынан адаспақ емес.
№ 280 негізгі мектебінде 9 ақпан күні ақиық ақын, позия алыбы –Мұқағали Мақатаев шығармашалағын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби кеш өткізілді.Ақынның жырларын мәнерлеп, жатқа оқып, кереметтей әсер қалдырған оқушылар ақын мұрасының мәңгілік екенін, ғасырдан-ғасырға жалғасатынын тағы бір дәлелдеді.
Алтын қорда сақталған ақынның өз орындауындағы жырларын тыңдатумен басталған кеште Мұқағалидың түрлі тақырыпта жазылған жырлары оқылды. «Поэзия, менімен егіз бе едің?», «Автограф», «Пай-пай, өмір», «Шеше, сен бақыттысың», «Көктем де келер», «Мен –таулықпын», «Фаризаға», «Арыз жазып кетейін» тағы басқа тақырыптарда поэзиямен сырласқан ақынның жыр кестесін тізген сырлы, да сезімтал жырларын жүрекке жеткізген оқушылар туған халқының әдебиеті мен мәдениетіне бей-жай қарамайтынын көрсетті. Кеш соңында әділ қазылар алқасы әліне қарай шапқан алуан-алуан жүйріктің өнерін бағалап, жүлделі орындар тағайындады. І орынды 6-сынып оқушысы Қайратқызы Аягөз жеңіп алды. ІІ орынды 7-сынып оқушысы Елғараев Асылжан мен 6-сынып оқушысы Итемгенова Амина бөліссе, 5-сынып оқушысы Сейділдә Шәкәрім, 6-сынып оқушысы Жарас Бердібек, 7-сынып оқушысы Махмұт Гүлзира ІІІ орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ, өзге де қатысыушылар алғыс хатпен марапатталды.
«Тау алыстаған сайын биіктей түседі» дейді халқымыз. Жылдар жылжып өткенмен Мұқағали Мақатаев тұлғасы дараланып, іріленіп келеді. Халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақынның қалдырған рухани қазынасын ұлт игілігіне жарататын жастарымыз барда Мұқағали Мақатаев есімі өшпейді, мәңгі жасайды деп білеміз.
Ақжарқын Нұрқасымқызы
№ 280 негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі