Ашы? саба? та?ырыбы Аналар?а ашы? хат


Тақырыбы: Аналарға ашық хат
Сыныбы: 3 A; Пәні: Қол еңбегі пәні
Өткізген: Абайділдина Жазира Тұрғалиқызы
Мақсаты:Оқушыларға ұлт өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер жайындағы түсініктерін қалыптастыру. Сәнді ашық хат түрлерімен таныса отырып, қағаздан ашық хат дайындауға үйрену.
Эстетикалық талғамдарын, ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Еңбекке, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Түрі:Аралас сабақ
Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: сәнді ашық хаттар.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Өткен тақырыпты естеріне түсіру,қайталау
Сабаққа әзірлеу
1.Ашық хат туралы біледі.
2. Ашық хат жасау тәсілін түсінеді.
3 Өздері көрсетілген тәсілдер арқылы ашық хат жасауды үйренеді.
4.Адам өмірі үшін бір-бірін құттықтаудың маңыздылығын, сыйластықтықтың қажет екенін өз ойларымен жеткізеді.
5. Үлкенге құрметтілікті, кішіге ізеттілікті бағалайды.
Сергіту сәті
Оқушыларға әр түрлі суреттер таратылып беріледі. Суретке сәйкес 2 топқа бөлінеді. Жаңа жыл, Туған күнге қатысты, мектептегі 6 мұғалімнің суреті таратылады. Суретке сай оқушылар 2 топқа бөлінеді.
1-топ: «Жаңа жыл» тобы
2- топ: «Туған күн» тобы
Топтық жұмыс
«Жаңа жыл» тобына «Мақалды жалғастыру»
Отанды сүю — …
Әркімнің өз жері — ...
Ит тойған жеріне, ...
Сағынған ер аңсайды, …
Кісі елінде сұлтан болғанша, ...
«Жаңа жыл» тобына « Ұйқасын тап»
… … қарсы алып … … жылда біз … … ән салып … жырға жыр.
«Туған күн» тобына «Музыкалық сәлем «Туған күн кешінде әні
Жаңа тақырыпты таныстыру, мақсатын хабарлау.
Ашық хаттар қандай мерекелерде беріледі?
Алғашқы ашық хаттар 1765 жылы Жапонияда пайда болған.Олар ағашқа жасалған түрлі түсті гравюраны ойлап табумен тығыз байланысты. Содан бері жапон гравюрасының шеберлері суримоно стилімен біршама шағын жасады. Жапондар бір-бірін сакураның гүлдешедеврлерді й бастауымен. Кузде жапырақтың түсуімен, алғашқы қар және Айдың толуымен және т.б. Себептермен құттықтайды.
 Ашық хат жасау тәсілдері
Ашық хатты қандай мерекеге арнап жасағың келетінің ойлан.
Мәтінін дайында.
Қызықты әрі әсерлі шрифтердің бірнеше нұсқасын ойлап тап.
Ашық хатқа мәтіннен баска тағы нені орналастыруға болатынын ойлан..
Мәтін мен суретті дұрыс үйлестіруге тырыс.
Шрифтке ерекше көңіл бөл.
Мәтінді әсерлі етіп жазумен қатар оны суретпен үйлестіріп орналастыру да маңызды
Әр оқушы өз ашық хатын жасайды, барлық оқушыға топ атына байланысты суреттер таратылып беріледі. Суреттерді дұрыс үйлестіре отырып, құттықтау ашық хатын жасайды. Музыка әуенімен жұмыс орындалады.
Әр топ өздерінің жасаған ашық хаттарын, мақал, өлең шумақтарын кірістіре отырып, жұмысты қорғау.
Сабақты қорыту,
Бағалау:
Мен не үйрендім? Әлі де не үйренгім келеді?
Оқушылардың жасаған ашық хаттарын жекелей бағалау.