?ыз?алда? г?лін жасау
Еңбекке баулуСыныбы: 4Тақырыбы: “Қызғалдақ гүлін жасау”Білімділік мақсаты: Оқушыларға қызғалдақ гүлі туралы мәлімет беріп, қызғалдақ гүлін бейнелеп, жұмыртқа қабығын желімдеп жабыстыруды үйретуДамытушылық мақсаты: Оқушылардың қол жаттығуларын жасап, өнерге деген қызығушылығын ояту.Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.Сабақ түрі: Аралас сабақӘдісі: Ой - қозғау, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.Барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың еңбек құралдарын түгелдеу.II Үй тапсырмасын тексеріп бағалау.1. Сабанды неден аламыз?2. Сабанды пайдаланбас бұрын оны не істейміз?3. Емен ағашы неше жыл өсіп тұрады, діңгегінің жуандығынеше метр болады?4. Емен ағашының қасиеті қандай?5. Емен ағашын неге пайдаланады?ІІІ Үй тапсырмасын бекіту.Емен тығыз, салмақты және қатты ағаш. Еменді құрал - сайман және жоғары сапалы жиһаздар мен құрылыс материалын жасау үшін кеңінен пайдаланады. Емен ағашы табиғи материалға бай ағаштар тобына жатады.ІV. Жаңа сабақ. Ой - қозғау: Жұмбақтар шешуАналарды сыйлайтын,Аралар бал жинайтын.Бұл немене, балалар,Үзуге адам қимайтын. (Гүл)27 қараша7“Қызғалдақ”гүлін жасауV. Мағынаны тануҚызғалдақ шөптесін өсімдік. Көктемде қазақ даласы мен тау етектерінде қызыл, сары қызғалдақтар қайталанбас көркемдік сыйлайды. Қызғалдақтың гүлі біреу немесе көпгүлді түрлері де бар.Ол күн көзіне кең ашылады, түнде немесе бұлтты күні жабылады. Қызғалдақ бірнеше күн гүлдейді. Қызғалдақ гүлін мерекеде сыйлық ретінде ұсынуға болады. Әсіресе 8 наурыз мерекесінде ұстаздарға, аналарға, әжелерге, қыздарға сыйлауға болады.“Қызғалдақ”гүл бейнесінің өмірде қолданысқа енуі.Қызғалдақ[1] – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигіболып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.[2] Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.,Біздің елімізде Қызғалдақ гүлінің бейнесін шеберлер көп пайдаланған. Ер - тұрман, тері белдік, зергерлер сақина, білезік камзол қапсырмаларына, тігінші киім түрлеріне, үй жабдықтарына, қоржын - дорбаларға қызғалдақ гүлін салып әшекейлеп, безендірілген.Қызғалдақ гүлінің құрылысыОқулық пен жұмыс53 - беттегі суретпен танысу.1. Тауық жұмыртқасы қабығынан әр түрлі композиция жасауға болады. Сондықтан біз бүгін қызғалдақ гүлін жұмыртқа қабығынан жасаймыз.Жұмыстың орындалу реті:1. Екі - үш жұмыртқа қабығын жуып, кептіреміз.2. Кептірілген жұмыртқаның қабықтарын қызыл, жасыл көк түстерге бояймыз.3. Бояуы кепкен соң жұмыртқаны кескішпен ұсақтаймыз.4. Қатты қағаз бетіне әсем гүлдердің бірі - қызғалдақ гүлін бейнелейміз.5. Қатты қағаздағы гүлдің сабағына, жапырақтарына жасыл түске, ал күлтелеріне қызыл, сарығыш түстерге боялған жұмыртқа қабықтарын желімдейміз.Сергіту сәтіБойыңды сергек тік ұста,Деміңді ішке тез ал да,Емін - еркін тыныста.Сол қолыңды соз алға,Қол ұшына қара даҮшбұрыш сыз ауада.Оң қол да бос тұрмасын.Шеңбер жасап зырласын.Өзіндік жұмысҚажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз, жұмыртқа қабығы, желім, кескіш, қарындаш.Қорытындылау.1. Қызғалдақ гүлі қай мезгілде гүлдейді?2. Қызғалдақ гүлін жабыстыру кезіндекездескен қиыншылықтар.3. Кімге сыйлар едің?Бағалау.Үйге: Табиғи материалдар әкелу.