Урок по физике О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер модулы бойынша диологтік о?утуды? тиімдилігі (шеберлік-сынып жоспары)
«Билал - Назым атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулы бойынша диологтік оқутудың тиімдилігі
(шеберлік-сынып жоспары)
Физика пәні мұғалімі: Заирова Огулям Имарджановна
2014-2015 оқуш жили
Аты жөні: Заирова Огулям Имарджановна
Туған жылы: 29.08.1977
Білімі: жоғары
Санаты: І
Еңбек өтілі: 20 жыл
Жұмыс орны: Жаркент қаласы «Билал – Назым атындағы орта мектеп»
Мамандығы: физика және информатика пәнінің мұғалімі
Қызметі: физика және информатика пәнінің мұғалімі
“ӨРЛЕУ” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
Алматы қаласы
ІІІ базалық деңгей
Мерзімі: 09.09.2013 - 01.12.2013
ШЕБЕРЛІК – СЫНЫП ЖОСПАРЫ:
ТАҚЫРЫП: ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МОДУЛЬІ БОЙЫНША
ДИОЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ШЕБЕРЛІК – СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТІРІ:
Мақсаты: Мұғалімдердің оқыту үдерісінде диалогтік оқытудың идеясын
тиімді қолдану дағдыларын дамыту болып табылады
.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: мұғалімдер оқушылардың оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аударып, ары қарай дамыту.
МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: 2 қабат №212 кабинет
ШЕБЕРЛІК – СЫНЫП БАРЫСЫ: Диалогтік оқытуды зерттеген ғылыми еңбектердің мазмұнына тоқталып, оқыту үдерісінде бұл тәсілдің маңыздылығы ашылады. Оқыту үдерісінде сұрақ қою техникасы игертіледі. Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, ойын еркін білдіруге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін дамыту жүзеге асырылады. Сессия барысында диалогтік оқыту негіздеріне арналған презентацияны талдау арқылы диалог түрлерін анықталады, тренинг өткізіледі.
Тренинг үдерісінде мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы, оқушылардың
жасерекшелігін ескере отырып сұрақ қою мәдениеті қалыптастырылады,
диалог түрлерін тиімді пайдалану дамытылады. Мұғалімдерге диалогтік
оқытуды пайдалану мақсатында «Әр күнімізді жағымды бастайық»,
Сессия жұмысының соңында кері байланыс орнату мақсатында рефлексия
жүргізіледі.
Кембридж әзірлеген Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясына басым назар бөледі. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.
Диалогтік оқыту – мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап етеді, диалогтік оқыту барысында оқушылардың өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу, оқытуда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүргізу дағдысы қай денгейде екенін үнемі назарда ұстау маңызды болып табылады.
«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі.
Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір — бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.
Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі - ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі оқытудың талаптарына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын. Оқушыларға жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті тәсілдердің бірі ретінде диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету деп ойлаймын.
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.
Мәселен, 8 сыныпта «Бу. Буға айлану » тақырыбын өткенде оқушылар өздеріне үлестірілген ресурстардағы мәлімет жинау үшін диалог арқылы өзара әрекеттесіп, әңгімелесіп бір - біріне өздерінің ой - пікірлерін білдіреді. Тапсырма орындауда топтық әңгімеде оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті өз идеяларын, шешімдерін ұсынды, ауызша, жазбаша дәлелдеді, дұрыс пікірді құптап келісімге келді. Оқушылар өзара әрекетпен нәтижеге жету мақсатында пікір алмасып өздерінің күш жігерін жұмсады. Мұндай тапсырмалар балалар үшін өте қызықты болды.
Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. Диалогтік оқыту барысында әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік-дамытушылық, әлеуметтік-бағдарлаушы міндеттері қамтылуы маңызды болып табылады.
Бірлескен, яғни оқушылардың топтық жұмыстарда ынтымақтастық арқылы өзара дамуын қалыптастыруды меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындады.Проблемалық тапсырмаларды шешуде диалог арқылы жұмыстар ұйымдастырылды.
Өткізген сабақтарымдағы оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі - аффективті (эмоционалды) сезім арқылы ортақ проблемаларды бірге шешіп, екі оқушы бірге қорытындылайды. Сабақтарымда ЖИГСО әдісін қолдану кезінде Диалогтік оқыту әдісі жақсы жүзеге асып отырды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диалог жүргізу арқылы жүзеге асып отырды.
Зерттеуге алған : Ильмурат – орташа, сәл пәл тілінде тұтықпасы бар. Сернарды сабақта топтық жұмыс арқылы белсенділігін арттыруға, оқушылармен қарым-қатынасын жиілетуге тырыстым. Сабақ айтуға ұялатын Ильмурат өз тобының пікірін қолдауы, оны дәлелдеуі менің жұмысымның нәтижесі болды.
Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін қалай оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман талабы. Көштен қалуға болмайтындығын бәріміз де түсінеміз.
Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болсақ:
барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады;
барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді;
олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады;
жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады;
сабақ оқушы үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады;
ең бастысы олар бір- біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі үйретеді.
Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді.Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
Білім беруде жақсы істер жалғасын тапса оқушы қалай оқу керектігін түсініп, өзін-өзі реттеп, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйде болары анық. Мен үшін ең тиімді сабақ ол - нәтижелі сабақ. Ал, сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрінеді.