О?ытуда?ы жа?а т?сілдерді ме?гере отырып о?ушылар?а заман талабына с?йкес келетін білім беру.


Аққайың ауданы
Полтавка орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Өкенова Гүлбән Зейниловна
Эссе
Оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгере отырып оқушыларға заман талабына сәйкес келетін білім беру.
Мен, Өкенова Гүлбән Зейниловна, Аққайың ауданы, Полтавка
орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймі.2014ж. үшінші (негізгі) деңгей 3 айлық біліктілікті артыру курсын оқыдым. Осы курска барған себебім, өз білімімді жетілдіру,білім алушыларға жаңаша тәсілдегі білім беру, Кембридж университетімен бірлескен әлемдік стандарттар негізіндегі білім алу жобасын үйреніп, оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгере отырып, оқушыларға заман талабына сәйкес келетін білім беруді үйреніп өз білімімді шыңдау болды. Біліктілікті арттыру курсында оқуды аяқтап, мектепке іс-тәжірибеден өтуге келдім. Мен осы курстың бірінші «бетпе-бет» кезеңінде бағдарламаның жеті модулі барысында негізгі идеяларды енгізе отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын және орта мерзімді жоспарды жоспарлауды үйрендім.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біз өмір бойына жететін білім алып өту модулінен, өмір бойы білім алып өту модуліне көшуіміз қажет» деп білім алу процесіне өзінің жаңашыл идеясын айтқан болатын. Заман үздіксіз жаңарып отыратын процесс, сол заманға лайықты өскелең ұрпаққа білім беретін, тәрбиелейтін мұғалім. Ал мұғалім өзінің ізденісін тоқтатқан жағдайда оның мұғалімдігі де тоқтайтындығын білеміз. Ендеше жаңашыл, соңғы технологияны меңгерген, әдіс-тәсілдерді игеру жағы мықты орныққан мұғалім заманға сай оқушыны оқытып, тәрбиелеп шығарады деп сенемін.
ІІІ (негізгі) деңгейлік курсқа дейін мен сабақ сұрау барысында оқушылармен диалогтық қатынастың қарапайым әдістерін қолданатын едім. Курс барысында үйренген тәжірибемнен кейін оқушылармен жұмыс жасауда жаңа әдіс-тәсілдер бойынша балалардың білім алуына жағдай жасау үшін сұрақ қоюдың жеке, жұптық және топтық сұрақ қою сияқты әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдалануға болатындығын меңгерім. Оқушы өздігінен жауап бере алмаған жағдайда көшбасшының көмегіне жүгінетіндігі, ол болмаған жағдайда топтық негізде жауап берудің орынды болып шығатындығы. Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып сұрақ қоюда төмен, орта, жоғары деңгейдегі сұрақтардың болуына мән беру маңызды болып табылады. Оқушы немесе топтағы оқушылар жауаптары қате болған жағдайда келесі топтардың жауаптарын да тыңдауға болатындығы ескерілуі қажет. Сұрақ қойылып болған соң оқушының жауап беруіне мүмкіндік беру қажет.
Оқушының бойындағы өзгерістер
1.Оқушылар білім алу барысында бір–біріне сұрақ қоюға, сұрақтың төмен, орта және жоғары деңгейлі болып келетіндігін, сұрақты қайта бағыттауға үйренді.
2.Білім алу үдерісінде оқушылар бір-бірінің сөзін бөлмей,ойын аяғына дейін тыңдап,сұраққа тиянақты түрде жауап беруге үйренді.
3.Сабақта оқушылар жауап бергенде өз ойларын ашық айтып, өз қателіктеріне түсіністікпен қарайтынын көрсетті.
4.Оқу үлгерімі төмен оқушылардың білімінің көрсеткіштері жоғарылай бастады.

Бағдарламаның І бетпе-бет кезеңін аяқтап, іс-тәжірибеден өту үшін мектепке келіп, сабақты нәтижелі өтуде оқушыларды топтастыруда жоспарлап келген жаңа әдіс-тәсілдермен бір сабақ үлгісін байқау жүзінде көрдім. Оқушылар бойында сабаққа деген қызығушылықтың артқанын байқап мерейленіп қалдым. Топтастыру тренингтерін тізбектелген сабақтар жоспарында сыныпты топқа бөлудің әтүрлі тәсілдерін пайдаландым. Мысалы , Балалардың білім алуға деген ынталары жоғарылады.
Білім алуда жұптық, топтық жұмыс жасаудың пайдалы екендігін, жай болсын, күрделі болсын жұмыс жасауда бірге орындауға болатынын түсінді.
Сыныпта қарым-қатынас жағдайы бір-бірімен сәйкестік таппайтын оқушыларың өзі тапсырмамен жұмыс барысында бірігіп отырып жұмыс жасап, ынтымақтастық көрсете білді.
Сыныпта топтық жұмыс жүргізіп, ынтымақтаса жұмыс жасау оқушылардың барлығының ойын бір арнаға тоғыстырды, босқа уақытты ысырап етуге жол бермеді
Оқушылардың жасаған жұмыстары мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсетуі мүмкіндігіне ие болады. Балалардың сабақты түсіну дәрежесін бағалау үшін тізбектелген сабақтар топтамасындағы негізгі сұрақтарымды құрып алдым. Ал сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында: «Ақылдың алты қалпағы», «Блум таксономиясы», «Ассоциация», «Кластер» стратегияларын пайдаландым.
Оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін тағы қандай сұрақтар қоюға болар еді? - деп ойлана отырып,тізбектелген төрт сабағымда да соңында рефлексия жүргізіп отырдым. Онда оқушылар «INSERT», «БББ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Кері байланыс» стратегиялары арқылы оқушылардың нені түсінгенін бағалап отырдым. Оқушылар кері байланыс орнату арқылы нәтижеге жетуге болатындыгын білді.
Нәтиже: Жаңа әдіс-тәсілдер мен сабақты ұйымдастырып өту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, көзқарастары жақсарды. Топпен жұмыс жасаудың тиімді екенін түсінді. Жеті модульді пайдаланып сабақ өтудің нәтижесінде барлық оқушылардың сабаққа қамтылатынын, тапсырманы орындауда уақытты үнемдеуді, сыни тұрғыдан ойлауын, үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы оянғандығын байқадым.
Қорыта келе бір-біріміздің ойларымызды тыңдап ой қорытындысын жасадық. Біз сабақтарымызға өзгеріс еңгізе отырып, оқушылардың оқуға деген көзқарасын, өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра білдік.
Келешектегі жоспарым: Жеті модуль негізінде сабақ өтуді одан әрі қолдана беремін. Сыни тұрғыдан ойлауды сабақтарымда кең көлемде қолданып, оқу үлгерімі төмен оқушылардың оқуға деген қөзқарасын өзгертемін.