К?шбасшы деген кім ж?не біз к?шбасшы бола аламызба? пікір алмасу
Тақырыбы: Көшбасшы деген кім және біз көшбасшы бола аламызба?
Мақсаты: оқушылардың білімдерін тиянақтау, білімге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Рухани адамгершілікке, елбасын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар. Бүгінгі Көшбасшы деген кім және біз көшбасшы бола аламызба? Тақырыбында өткелі отырған пікір алмасуымызға қош келдіңіздер. Көшбасшы – көшті бастаушы әрі басқарушы. Пікір алмасуымызды бастамас бұрын мына сұрақтарымызға жауап беріңіздер. «Көшбасшы дегеніміз кім?», «Оның бойында қандай қасиеттер болуы керек?» Қалай көшбасшы болуға болады?
Оқушылар ортаға өз ойларын салады. Ал енді оқушылар көшбасшы бойындағы осал тұстарын айтып беріңіздер.
Екі тапқа бөлініп пікір алмасамыз. 1 топ Көшбасшы болу оңай және 2 топ көшбасшы болу қиын.
Стикермен жұмыс «Көшбасшы бойындағы жақсы қасиеттер.» және «Көшбасшы бойындағы жағымсыз қасиеттер.»
1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз үшін ауыр болды ма?
Иә
Есімде жоқ, білмеймін
Жоқ
2. «Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете алатын жандар ғана қол жеткізе алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине
Білмеймін, бәлкім, солай шығар
Жоқ, келіспеймін
3. Жақын жандарыңыздың асты-үстіңізге түсіп, еркелеткендігі сізге ұнайды ма?
Иә, оған еш қарсылығым жоқ
Кейде-кейде
Шынымды айтсам, ұнамайды
4. «Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін мойныма көп дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу білсе, біреу білмес». Сізге таныс жағдай ма?
Иә, дәл қазіргі менің жағдайым
Таныс жағдай, тек мұны барлығы білуге тиісті емес
Жоқ, мұндай жағдайға ұшыраған емеспін
5. «Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан көшбасшы бола алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине
Білмеймін, бәлкім, солай шығар
Жоқ, келіспеймін
6. Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір жағдайларда шешімді тез қабылдайсыз ба?
Иә, тез табуға тырысамын
Нақты айта алмаймын
Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын
7. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын
Иә, әрине
Білмеймін, бәлкім, солай шығар
Жоқ, билік ете алмаймын
8. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық көрсеткім келмейді
Иә
Білмеймін, әр кезде әр қалай
Жоқ
9. Бағынышты адам бастығының кез келген тапсырмасын орындай білуі керек
Иә, әрине
Білмеймін, бәлкім, солай шығар
Жоқ, келіспеймін
10. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның мінезіне ұқсас
Иә
Білмеймін
Жоқ
Тест нәтижесі
70-100 ұпай: Сіз өктем жансыз. Сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Кез келген жағдайдың оңтайлы шешімін таба аласыз. Өзгені өзіңізге бағындыра аласыз. Басшы болуға лайықты жансыз.
69-40 ұпай: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалмен өмір сүресіз. Барлығын ақылға салып, сабырлықты серік етесіз. Сіз басшылық ете аласыз, сондай-ақ, берген тапсырманы тыңғылықты орындайсыз.
40-0 ұпай: Сіз өте көнбіс жансыз. Өз күшіңізге өзіңіз сенбейсіз. Алайда, сіз оңтайлы шешім қабылдай аласыз. Өзгеден үлгі алып, мінез-құлқыңызды өзгертуге тырысып бағасыз.
Осымен біздің бүгінгі Көшбасшы деген кім және біз көшбасшы бола аламызба? Тақырыбында өткізілген пікір алмасуымыз аяқталды. Көп рахмет. Келесі кездескенше.
Жамбыл бастауыш мектебі
(пікір алмасу)
Дайындаған: Тастурганова Р.Ж.
2015 – 2016 оқу жылы
Өткізілген іс-шараға сараптама
Тақырыбы: Көшбасшы деген кім және біз көшбасшы бола аламызба?
Мақсаты: оқушылардың білімдерін тиянақтау, білімге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Рухани адамгершілікке, елбасын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Бүгін Көшбасшы деген кім және біз көшбасшы бола аламызба? тақырыбында пікір алмасу болып өтті . Көшбасшы – көшті бастаушы әрі басқарушы. Пікір алмасуымызды бастамас бұрын мына сұрақтарымызға жауап берілді. «Көшбасшы дегеніміз кім?», «Оның бойында қандай қасиеттер болуы керек?» Қалай көшбасшы болуға болады? «Көшбасшы болу оңайма?»
Оқушылар ортаға өз ойларын салды. Содан кейін көшбасшы бойындағы осал тұстарын айтып берді. Екі тапқа бөлініп пікір алмасты. 1 топ Көшбасшы болу оңай және 2 топ көшбасшы болу қиын.
Одан әрі пікіралмасуымызды стикермен жұмыспен жалғастырдық. «Көшбасшы бойындағы жақсы қасиеттер.» және «Көшбасшы бойындағы жағымсыз қасиеттер.» Соңынан оқушыларға тест сұрақтары қойылды.