Мысы? пен тыш?андар


14.1.2014ж
№ . Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі)
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.
2. Ойлай, қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап
жеткізуге дағдыландыру.
3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.
Көрнекілігі. Суреттер, жұмбақтар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі . 1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару
2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе.
-Балалар осы бөлімде оқыған « Ата ақылы» өлеңін есімізге түсіріп кім жатқа айтып береді?
2. Мұғалімнің түсіндіруі.
Олай болса, бүгінгі сабағымызда негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрелік. Ол үшін мына жұмбақтарды дұрыс шешсең , ертегіге нелер қатысатынын білесің.
Мысықтан қорқады,
Түнде жортады. ( тышқан )
Тонын кие туған,
Жалап бетін жуған. ( мысық )
- Тышқан, мысық туралы тағы не білесің ? Айтып береді?.
3. Оқулықпен жұмыс
. - Түсініп, дұрыс оқу .
Рөлмен оқу. Тауып оқу.
Ертегі не жайлы екен? Кейіпкерлерін ата.
Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па?
4. Дәптермен жұмыс.
- жұмбақты жатқа жазу.
Жаңа сабақты бекіту.
- Ертегідегі нақыл сөзді тауып, дауыстап оқы.
- Ертегідегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелдеп көр.
- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?
Қорыту.
Суретпен жұмыс.
Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм құрастыр.
Өзің тағы қандай сурет қосар едің?
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.