Урок по казакскому языку на тему Мысы? пен тыш?ан (1 класс)


Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: «Мысық пен тышқандар».
Сабақтың мақсаты:
Ертегіні түсініп оқу, мазмұнын меңгерту, ертегінің идеясын түсіндіру;
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату, сезімін ояту, тіл байлығын арттыру;
Үлкендердің сөзін тыңдауға, оларды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Типі: жаңа ұғым қалыптастыру.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ – жауап, СТО – әдіс – тәсілдері.
Көрнекілігі: мысық, тышқан, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайынддық;
ә) амандасу;
Армысың, алтын күн!
Армысың, ашық аспан!
Саламатсың ба, достарым!
Саламатсыз ба, апайым!
Сәттілік тілеу: «Шаттық шеңбері».
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
А) «Шал мен балалар» әңгімесін бірнеше балаға оқыту;
Ә) «Үш қадамды сұқбат» әдісі:
І сұрақ: Шалды балалар не деп келемеждеді? Шалдың оған жауабы.
ІІ сұрақ: Балалар неге ұялып қалды? Балалардың іс әрекетіне өз көзқарасыңды білдір.
ІІІ сұрақ: Сен досыңмен, әке – шешеңмен қалай сөйлесесің? Үлкен кісіге қандай қызмет көрсету керек?
Б) Үйге берілген«Кейіпкерге хат» тапсырмасы бойынша жазып келген хаттарын оқиды. Оқушылар жауабы тыңдалады.
В) Үй тапсырмасын бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Ата ақылы» өлеңін жатқа айтқызу;
Сұрақ – жауап әдісі бойынша бірнеше сұрақтар қою:
Кімнің ақылын тыңдауымыз керек екен?
Атадан қалған асыл мұраға нелер жатады?
Ертегілер, аңыздар, өтірік өлеңдер, жұмбақтар, мақал – мәтелдер бізге қалай жеткен?
Олардың ішінде сендерге қай шығарма ұнайды?
192031189606Ертегілер
00Ертегілер

4392577934720Шыншыл ертегілер
0Шыншыл ертегілер
2529840934720Қиял – ғажайып ертегілері
0Қиял – ғажайып ертегілері
701111934720Жан – жануарлар туралы ертегілер
0Жан – жануарлар туралы ертегілер
3116898380541004601033126048001002030227965
Олай болса, қазір ертегі тыңдаймыз.
Әуелі жұмбақ шешу арқылы ертегінің нелер туралы екенін анықтап алайық.
Жұмбақ шешу:
Мысықтан қорқады,
Түнде жортады. (тышқан)
Тонын кие туған,
Жалап бетін жуған. (мысық)
Ассосация құру:

Тісі өткір
149708330480
00

Қапты теседіІн қазады
Кеміргіш
Сүт ішеді
158115027799
00

Тышқан жылы жерде ұйықтайды
аулайды
Үй жануары
Ендеше осы «Мысық пен тышқан» туралы ертегіні тыңдайық.
Оқулықпен жұмыс.
а) Ертегіні оқып, арасында «Болжау» стратегиясы пайдаланылады:
«Мысық не істеуі мүмкін?»
«Тышқанға не болар екен?»
ә) Рөлге бөліп оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысы жүргізіліп, дәптерге түсіріледі.
Делебесі – алып ұшу, желігу;
елігіп – қызығу;
лап қойды – бас салады
Сахналау.
«Мысық пен тышқандар» ертегісін оқиға желісіне орай сахналау.
ІҮ. Сабақты бекіту.
8. «Дөңгелек стол» әдісі:
а) «Бәрі таппаған ақылды кәрі табады» деген нақыл сөзді дәлелдеу;
а) Оқушыларға сурет салдыру және салған суреті арқылы оқушының сабақ үстіндегі эмоциясын анықтау.
Ү. Сабақты қорытындылау.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Осы ертегіден қандай ой түюге болады?
- Бүгінгі өткен «Мысық пен тышқандар» ертегісі, ертегінің қай түріне жатады?
ҮІ. Сабақты бағалау.
Сабақ барысында жинаған фишкаларын есептеу арқылы бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
Ертегіні оқып, баяндау;
Жұмбақтарды жатқа білу және жазу.