Мені? елім Т?уелсіз ?аза?стан


Тақырыбы: Менің елім-Қазақстан
Мақсаты:
1.Оқушыларды елін сүюге,Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға,егемен елімізге қамқор болу,мемлекетімізді одан әрі нығайту,еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2.Патриоттық тәрбие беру,өз елін,Отанын сүюге,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
3.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп,қастерлеу,тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.
Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта,Астана ,рәміздер суреттері,мақал-мәтелдер.
Сабақ барысы:
1-жүргізуші: Данагүл.
Қайырлы күн құрметті қонақтар! Аяулы да ардақты ұстаздар!
Бүгін сіздердің назарларынызға «Менің елім-Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
2-жүргізуші: Алібек.
Армысыздар,мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп,инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз Сіздерді,
Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.
Мұғалім:
Балалар Отан деген не?
«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен,жақындарымен бірге тұратын атамекені.Сендер Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер.
Айсұлу : Отан- сенің ата-анаң,
Отан-досың,бауырын.
Отан-өлкең,астанаң,
Отан-аудан,ауылың.
Әкежан: Отан-тарих,Отан-тіл,
Жасаған елің,ер халқың.
Отан-өлең,Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Фариза: Отан-осы,достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс,жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Мұғалім: Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады? Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.
Балалар,Қазақстан Республикасының Президенті кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(инт.тақтадан Н.Ә.Назарбаев суретін көрсету)
1-желтоқсан қандай мереке. Президент күні.Мерекеміз құтты болсын.
Алдарынызда тамашалайтындарыныз би. «Қаражорға» биі.
1-жүргізуші: Астана-күн санап көркейіп келе жатқан қала.Оның өсіп-өркендеуі,сөз жоқ мемлекетіміздің абыройы.Осы аз уақыт ішінде Астана келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп,қанат жайып,сырттан келгенді де,іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды.
Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? Астана қаласы.Астана туралы қандай өлең білеміз.
Н.Бағдат: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқың жетсін мұратқа,
Ей,бас қала –Астанам.
Альмира: Тың жылдарды бастаған,
Жалған атын тастаған.
Қайта түлеп құлпырған,
Ей,бас қала-Астанам.
Дарын: Шырқап көкке аспан-ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей,бас қала-Астанам.
2-жүргізуші: Ән айтып,би билейік,
Көңілімізді сергітейік. Алдарынызда Ниязов Дамирдің орындауында ән шашу.
1-жүргізуші: «Таңбасыз ел болмайды,
Найзасыз ер болмайды- демекші егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық белгілері болу керек.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.Кім атап береді.
1.қазақстан Республикасының мемлекеттік туы.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.
Интерактивті тақтадан рәміздерді,оның авторларының суреттерін көрсетіп,қысқаша түсінік беру. 1-жүргізуші: Ошақтың аяғы үшеу болғанымен ұлт біреу.Ұлт тағдырын ойлауымыз керек.Осы бағытпен өркендей берсе жағдайымыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.Нұр аға –қазақ халқының маңдайына біткен бақ.Өз бағымызды бастан теппейік ағайын.
2-жүргізуші: Қазақстан-Ақ Ордасының іші халқына құт болсын,ынтымақ,бейбітшілік ордасына айналсын.
Хор: «Елім менің»