Баяндама ?скеле? ?рпа? білімі


Өскелең ұрпақ білімі-өркениетті қоғам игілігі.
Білім –адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының,деректері мен пайымдауларының , т.б. жиынтығы.Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана,таным, обьективті әлем,субьект,ойлау, логика, ақиқат парасат,ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады.Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.Ежелгі мәдениетте білім адамның әлеммен және қауымдастық ішіндегі қатынастарын реттейтін аңыздар,салт-дәстүрлік жарлықтар мен нормалар ,тыйым салулар пішімінде болды. Мұнда білімді аруақтар, рухтар ата-бабалар ,кейініректе ,құдайлар сыйға тартқан қасиетті нәрсе деп түсінген .Сондықтан білім қауіп –қатермен байланысты деп ,онымен тек адамдардың ерекше тобы-дінбасылар ,діни қызметкерлер ғана шұғылданған.Ежелгі мәдениетте білім мен сенімнің , ақиқат пен жалған түсініктің арасында айырмашылық жоқ.Мұнда қасиетті білім үстемдігі абсолютті деп танылған.Білімнің әлеуметтік мәртебесі мен мәні отырықшы,техника-урбанистік қоғам типіне өтуге байланысты түбегейлі өзгерді.Қала адамы өзін көпшілікпен бірге тұру ережелері мен нормаларының иесі,білімнің жаратушысы мен билеушісі деп санады.Білімнің айрықша пішімі ретінде рационалды білім идеалын қалыптастырған философия туындады.Философия ақиқат мен ақиқат емес ілімдер айырмашылығын енгізіп,дәлелдеудің айрықша түрлерін негіздеу мен дәлелдемелік ұғымдарды қалыптастырды.Философия шеңберінде айрықша пән-ақиқат ойлау ережелері мен заңдарын қалыптастыратын логика туындады.Білім логикалық ойлаудың обьектісіне , мақсаты мен мұратына айналды.Өркениетті қоғамда білім билікпен тұтасып,қоғамды басқарудың құралына айналуда.Расында ,білім мен ғылым алдыңғы орынға қойылып,жоғары мәнге ие болған қоғам ғана,сол қоғамның мүшелері ғана елді ұшпаққа шығарады.Қалай десек те,әлемнің құлпын ашатын кілт білімдінің қолында қала береді.Солай болған ,солай жалғаса бермек.Сол үшінде өркениетті қоғамның кілтін білімдінің қолында қала береді.Солай болған ,солай жалғаса бермек.Сол үшінде өркениетті қоғамның кілтін іздеушілер, болашағынан үлкен үміт күттірер жас ұрпақтың біліміне назар аударады.Еңбасты міндетіміз-өскелең ұрпаққа білім игергендері мектепке емес,өмірге қажет екенін,жарқын да жасампаз өмірге қажеттігін түсіндіру.
Білім алу тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндетті шарты болып,оның қажеттілігінен білім беру институттары туындады.Платонның «билеуші-философ» идеалы-(білімді әрі оған сай басқарушы ел басы) қазіргі «ақпараттық қоғамда» өзінің көрінісін тапты,яғни билік білімнің қазіргі формасы-ақпаратты иелену ретінде айқындалуда.Білім игеру қай заманның да өзекті мәселесі.Бәсекелестікке ұмтылған еліміздің әрбір азаматы білім мен ғылым кеңістігінен бейтарап қала алмайды.Сол тұста ,11 жыл ізденеген,игерген білімнің көрінісі әрі көрсеткіші ұлттық бірыңғай тестілеуді нысанадан тыс қалдыруға болмас.Жастар үшін маңызды болған сынақ жайлы математик Асқар Жұмаділдаевтың «тест тапсыру дұрыс емес, алайда одан жақсысын ойлап тапқан ешкім жоқ.Балалардың санасына кері әсерін тигізіп жатыр-деген бос сөз» деген болатын,яғни мектеп бітірушілер үшін білімін сарапқа салар ең шешуші сынақтан өтуі,жақсы өтуіне ықпал жасағанымыз өркениетті қоғам қалыптастырудағы қаланған бір кірпіш болар еді.Талапкерге ақыл-кеңес:
Мұқият болу керек!Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды:
Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс!Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе,қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз.Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдарының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
Ойыңды жинақта!Бланктің қызметтік секторларын толтырып,өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін,айналадағылар туралы ұмытып,ойыңызды жинақтауға тырысыңыз.Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;Қорықпау керек !Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек!Жауаптарыңызды енгізбес бұрын,сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек!Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен –ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;