Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?станны? елордасы


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның елордасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Елордамыз – Астана қаласына сабақта саяхат жасау. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойларында Отанымызды сүюге, елімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, топтастыру,тірек сызбалар арқылы түсіндіріп,
әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тірек сызбалар, “Сиқырлы сандықша” ойыны,суреттер, семантикалық карта
Сабақтың ережесі
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Бір-бірін сынамау
Ынтымақтылық
Қайталау – білім анасы
1. Қазақстанның жері қандай? үлкен2.Қазақстанның астанасы? Астана3.Қазақстанның президенті? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев4.Қазақстанның елордасы? Астана5.Қазақстанның елбасы? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1.Жаңа сабақ1.Қазақстанның елордасы
Астана – бас қала.
Астана – Қазақстанның төртінші астанасы. Бірінші астанасы-Орынбор қаласы. Екінші астанасы – Қызылорда, үшінші астанасы - Алматы қаласы, төртінші астанасы- Астана қаласы. 1997жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады . Ал 1998 жылы 6 мамырда елбасы Н.Ә Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998ж 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті.
Астана Қазақстанның Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қалада әдемі ғимараттар, жаңа көшелер, биік үйлер көп. Астанада Президент сарайы, Парламент ғимараты, Жастар сарайы бар. Астана- мемлекеттің саяси мәдени орталығы. Ол- көрікті, жас қала. Астана – біздің мақтанышымыз.
Елордамыздағы «Астана-Бәйтерек» монументі бар. Бұл Бәйтеректің биіктігі -97 метр. Астана-Бәйтерек монументі кешенінің салу идеясының авторы ҚР Презинденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Еуразия монументі- елорда тойына батыс Қазақстандардың сыйы.
2. Сөздікпен жұмыс
Астана-столица-capital (кэптл)
Ғимарат-здание-building (билдинг)
Ескерткіш-памятник- monument (моунумент)
3.Топтастыру:
Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН


2.Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма.Оқы. Сұраққа жауап бер.
Астана қандай қала? әдемі үлкен жас қала
2-тапсырма
Астана қаласы Солтүстік Қазақстанда орналасқан
3.Сергіту сәті:
Астана еліне саяхат
4.Сабақты бекіту
Мәтінмен жұмыс
Астана қаласы- Қазақстанның елордасы. Астана- үлкен, әдемі және жас қала. Ол Солтүстік Қазақстан орналасқан. Астанада әдемі үйлер, саябақтар, ескерткіштер, биік ғимараттар бар. Маған Астана қаласы ұнайды.
5.«Сиқырлы сандықша»
1.Қазақстанның елордасы қай қала?
2.Астана қандай қала?
3.Астанада нелер бар?ескерткіштер, ғимарат, үйлер.,саябақтар
4.Бұл қай қала? Астана
5. Мынау не? Бәйтерек
6.«Памятник» сөзінің аудармасы? ескерткіш
6.Семантикалық карта
Сөз Дауысты жуан Жіңішке дауыссыз Қатаң ұяң үнді
А + + С + + Т + + А + + Н + +
7.Сабақты қорытындылау
Тест тапсырмасы
1.Астана қандай қала?
А) әдемі ә) кішкентай б) орташа
2. Астана қаласы Қазақстанның қай жағында орналасқан?
А) Батыс ә) Солтүстік б) Шығыс
3. «Здание» сөзінің аудармасы?
А) ескерткіш ә) ғимарат б) саябақ
4. Астана қандай қала?
А) жасқала ә) үлкен емес б) кішкентай
5. Астанада нелер бар?
А) ғимараттар ә) саябақтар б) бәрі дұрыс
6. Қазақстанның елордасы-
А) Алматы ә) Көкшетау б) Астана
7. «Памятник» сөзінің аудармасы?
А) ғимарат ә) ескерткіш б) саябақ
8. «Ескерткіш» сөзінің көпше түрі?
А) ескерткіштер ә) ескерткішдер б) ескерткішлер
Жауабы:
1.А
2.Ә
3.Ә
4.А
5.Б
6.Б
7.Ә
8.А
8.Рефлексия:Бүгінгі сабақ бойынша КӨҢІЛ-КҮЙІМ...

Тамаша Орташа Төмен
9.Бағалау кезеңі:
10.Үй тапсырмасы: 5-тапсырмасы. Кесте бойынша айт.

Салқынкөл орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның елордасы»
4-сынып
Өткізген : Айткожина А.Х
2016ж