С?бит М??анов «Лашын» ??гімесі
Қысқа мерзімді жоспар
Пән мұғалімі: Жубаниязова Майра Куантаевна
ПӘНІ Қазақ әдебиеті КЛАСЫ
5
ТАҚЫРЫП Сәбит Мұқанов «Лашын»
МАҚСАТЫ Жеті модуль идеяларын ықпалдастыра отырып, әңгіменің мазмұнын ашу, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
1. Оқушыларға жазушының өмір жолы жайында мәлімет беру, жазушының еңбек жолы арқылы ұстаздық қызметіне тоқталу, халқымыздың ұлттық саятшылық өнерімен және аң аулау дәстүрін қалыптасуы туралы мағлұмат беру. Лашын құс жайында түсініктерін кеңейту;
2. Ақын-жазушылардың шығармаларын оқыта отырып, тілді құрметтеуге, туған жер табиғатын аялауға, сүйе білуге, салт – дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу;
3. Оқушылардың сөздік қорларын байыту, табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру және шығармашылық ізденісін қалыптастыру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИ ЖЕ - шығарманы оқыту арқылы сөз құдіреттілігін білуге үйренеді;
- өзін-өзі бағалай алады, өз жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады;
-ақыл ойларын, іскерлік белсендіктерін, шығармашылықтарын шыңдайды;
-бір-бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алады;
-бір-бірін тыңдай білуге үйренеді, бағалай алады;
-топтасуды үйренеді, мағынаны ашуда бірлесе жұмыс атқаруға дағдыланды, білімін кеңейтеді.
Уақыты САБАҚТАҒЫ ІС- ӘРЕКЕТ
БАҒАЛАУ РЕСУРСТАР
Кіріспе бөлімі
---минут Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Мен өзімді ... теңеймін», себебі... ойыны арқылы психологиялық тренинг өткізіледі.
Оқушылар үй тапсырмасына өздерінің қай деңгейде дайындалып келгендігіне орай өзін-өзі тақтаға түрлі түсті смайликтермен бағалауды ұсынады.
«Крестиктер-нөлдіктер» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау.
Үш шапалақ
Смайлик арқылы бағалау 5-сыныптың әдебиет оқулығы.
Жаңа материалдардың таныстырылымы
---минут 4. Мағынаны тану. Мұхтар Әуезов: "Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі”, — деген
М. Әуезовтің пікірін талдата отырып, жаңа сабаққа көшу.
С. Мұқановтың “Өмір мектебі” романынан алынған үзінді “Лашын” әңгімесі
(С. Мұқановтың өмірбаяны туралы видеоролик көрсетіледі. Оқушылар жазушының өмірі туралы видеодан көргендерін ортаға салады.)
Лашын қандай құс екен? Сендер «Лашын құс» туралы не білесіңдер?
Құсбегі деп кімді атаймыз?
(«Лашын құс» туралы мәліметтер көрсетіледі. Оқушылардың пікірлеріне сүйене отырып, «Лашын» әңгімесін талдауға көшеміз.) Мерсер зерттеушілік әңгімесімен талқылау
Бағалау парағы “тікұшақ”– өте жақсы,“кеме” – жақсы, “машина”–толықтыру қажет Мұғалімге арналған нұсқаулық
слайд материалдары
Мультимедиялық таныстырылым
Жаңа материалды қолдану
---минут
5. «Өзара оқыту» әдісі бойынша оқушылар өздеріне берілген мәтінді талдайды. Топтық әңгіме негізінде оқулық бойынша тізбектелген оқу жүргізіледі.
6. Сергіту сәті.
7. Топтық таныстырылым.
І топ. Венн диаграммасы. Мұхтар Әуезовтың «Ақын қонақтар» әңгімесі мен Сәбит Мұқановтың «Лашын» әңгімесі. Шығарма тіліне талдау жасау, әдебиет теориясы (эпитет, теңеу).
ІІ топ. Венн диаграммасы. Сәбит Мұқановтың «Лашын» әңгімесі және Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі. Шығарма тіліне талдау жасау, әдебиет теориясы (эпитет, теңеу)
Критерий бойынша бағалау 8. Рефлексия. «Екі бетті күнделік» әдісі
Әңгімеден алған әсерім Пікірім
Кесте
Сабақты қорытындылау Ойтолғау «Саятшылық- өнердің бір түрі». Құстар жөнінде мақал – мәтел, тыйым сөздер жазып келу.
1459230-1873885
Саға негізгі мектебі
Бекітемін: Тексерілді:
Мектеп директоры Ш.И.Кушекова ОІМ Р.А. Жумагалиева
13.02.2014ж 13.02.2014ж
Тақырыбы:
Сәбит Мұқанов «Лашын» әңгімесі
5-сынып
Пән мұғалімі: М.Қ. Жубаниязова