О?ЫТУДА ТЕХНИКАЛЫ? ??РАЛДАРДЫ ?ОЛДАНУДЫ? ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
ОҚЫТУДА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
15240-1905Каденова Марина Жумагуловна
Арнайы ақпараттық пәндер оқытушысы,
ақпараттық пәндер бірлестігінің жетекшісі,
Техника ғылымдарының магистрі
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа
білім беру өте қажет».
Н.Ә.Назарбаев.
Компьютерлік технологиялар адам қызметінің барлық салаларына – ғылымға, өндіріске, тұрмыс пен білім беру салаларына енген қазіргі кезеңде қоғам дамуының жаңа, компьютерлік дәуірі туғаны туралы айтуға болады.
Оқытушы сабақта компьютерді пайдалы түрде қолдану үшін жақсы меңгеруі қажет.
Компьютерді орынды қолдану үшін оқытушының
Компьютермен сабақ өткізе алатындай білімі (компьютердің қолдануында қатысты) болу керек;
Өз пәніне қатысты компьютерлік жаңалықтар мен өзгерістерден хабары болуы керек;
Компьютермен өткізуге болатын тақырыптарды таңдауы қажет;
Таңдаған тақырыбына қатысты материалдар дайындауы керек;
Нені қалай қолдану керектігіне қатысты жоспар жасауы керек;
Сабаққа қатысты материалдарды жинап отыруы керек.
Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар қажетті мәтінді экраннан көрсетуге ғана емес, кез келген графикалық сызбаларды, жоғары сапалы фотосуреттерді, слайдтарды көрсетіп, анимацияларды, дыбысты және бейнефильмдерді пайдалануға мол мүмкіндіктер береді. Компьютерлік технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалану тәжірбибеге еніп, нәтижелер беруде.
Компьютерлік оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Компьютерлік оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) құралдары қолданылады. Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген кейін оқушы немесе студент өздігінен тест тапсырмаларына, бақылау сұрақтарына жауап бере алады.
Лекциялық, практикалық және лабораториялық сабақтарда көрнекілік ретінде электрондық құралдарды пайдаланудың көптеген артықшылықтары қазіргі кезде тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Біріншіден, терминдер мен кестелерді, қажетті мәліметтерді тақтаға жазу, графикалық элементтердің сызбасын салу сабақ өткізу кезінде оқытушының біршама уақытын алады.
Екіншіден, егер дәріс оқу кезінде білімгер экраннан қажетті мәліметті жазып алуға немесе көшіріп сызып алуға үлгермесе, сабақ аяқталғаннан кейін электрондық құралдың өзіне керек бетін ашып, қажетті мәліметті алуына мүмкіндік береді.
Үшіншіден, дәріс алушылардың сабақтың алдында дәрісте баяндалатын тақырыпқа қатысты ақпаратпен алдын ала танысуларына мүмкіндіктері бар.
Төртіншіден, басты мәселені немесе тақырыпты белгілі бір түске бояу, астын сызу, анимацияның көмегімен беру арқылы оған тыңдаушылардың назарын аудартуға болады.
Бесіншіден, дәріс оқуда қолданылатын компьютерлік технологиялардың жаңашылдығы білім алушылардың қызығушылығын арттырып, тақырыпты жан-жақты меңгеруге ынталандырады.
Қазіргі кезде оқытушылардың өз тәжірибелері мен шығармашылық шеберлігін пайдаланып, кез келген оқу пәні бойынша авторлық курс дайындауға мол мүмкіндіктер бар. Бұл сабақ барысында теориялық материалды көбірек мөлшерде беруге және уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.