Статья.« ?аза? тілі саба?ында жа?а технологияларды ?олдануды? тиімді жолдары»


Баяндама
« Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімді жолдары»
Тусупова К.Ж.


Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі - оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудын тиімді әдіс – тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді.
Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технолгиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқудын әр түрлі құралдары, кестелері, оқулықтары, техникалық құрал – жабдықтары, информациялық құралдар болуы қажет. Қазақ тілі мұғалімі өз сабақтарын жаңа сатыға көтеру үшін шәкірттерінің білім – құмарлық қасиеттерн дамытып, білім алуға қызығушылығын арттыруды көздейді. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқушыға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына, мүмкіндіктер туғызуы қажет.
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, сонда ғана біз басқа ұлт балаларын қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз.
Қазіргі заң талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданып жатқан жаңашыл әдіс – тәсілдері өз сабақтарында қалай пайдаланып жатқандығын жөнінде әріптестермен бөлісу.
Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен өлшенеді.
Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек.
Мен өз тәжірибиемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлессіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:
Сыйластық ( бір – біріне бірдей бағынышта болу);
Жауапкершілік ;
Топқа бөлгендегі әр тектілікті ұмытпау;
Топтың барлық мүшелерінің кезепен сөйлеу дағдысын үйрету;
Тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру;
Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету;
Топта ұтымды жұмыс істеу.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:
Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы;
Жиі- жиі ой талқасын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету;
Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы;
Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы;
Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш – қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.
Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдің қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал мұғалімнің мақсаты- оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарлайды.

Қазақ тілін оқытудағы педагогикалық қызметімнің мақсаты – білім мен ғылым қарыштаған бүгінгі заманда,шәкірттерімнен бәсекеге қабілетті елге,мемлекеттік тілді жетік білетін дара тұлға даярлау.
Мемлекеттік тілді орыс мектептерінде оқытуда оқушыларды қазақша дұрыс сөйлеуге, оқуға, сауатты жазуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету, ойлау қабілетін дамыту, ойын қазақша жеткізе алатындай болуы көзделеді. Қазақ тілінің асыл мұрасы - сөз байлығын, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту, тілімізді қадірлеп,қастерлеуге шақыру - басты міндетім.
Әр сабақта менің алға қойған мақсатым: жаңа технологиялардың тиімді әдіс, тәсілдерін қолдана отырып, қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқытуды қалыптастыру, қазақша сауатты жазу, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды сөйлемдерде дұрыс орналастырып, сөйлем құрау, сөйлем арқылы ойын басқаға жеткізу, оқушының тілін дамыту. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету – қиын да қызық жұмыс. Тіл дамыту жұмысында ауызша сөйлеу мен жазбаша тілінің бір-бірімен байланыстылық принципі, орыс тілі мен қазақ тілін салыстыра отырып, оқыту менің жұмысымда басты орын алады. Өз тәжірибемде қай сынып болсын сабағымды тілдік жаттығудан бастаймын. Қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуына, оқылуына, жазылуына мән бере отырып, жаңылтпаш, бір шумақ өлең, санамақ, жұмбақ немесе әріпке байланысты тақпақ айтқызамын.
Мемлекеттік тілді меңгерген, өз ойын еркін жеткізе алатын оқушыдан еліміздің елдігін көтерер, келешекте оған сая болар тұлғаның қалыптасатыны анық. Сондықтан Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» және «Тіліміздің – мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек», - деген тұжырымы менің педагогикалық ұстанымым болып табылады.