Сайыс Жедел ішек инфекцияны же?еміз
№21 жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы:
«Жедел ішек инфекцияны
жеңеміз»
Өткізген студент:Кеңесова Гүлнара Қайырғалиқызы
Құлсары қаласы 2016жыл
Тақырыбы: «Жедел ішкі инфекцияны жеңеміз»
Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін қажеттілігін,бағалы байлық екенін түсіндіру.Салауаттану-адам жанының да,тәнінің де тазаруы,денсаулығының жақсаруы,сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Әр бірінің жігер-күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі,
Спорт десе таза біздің арымыз.
Сайысатын сайыскерлерімізді бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметтеп бәріміз!
Тұлпар тобы.
Сұңқар тобы.
Барыс тобы.
Денсаулық –бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп аяласаң,мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел,-деп бүгінгі жарысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Жарысымыз 8-кезеңнен тұрады.
І тур.Таныстыру.Әр топ өздерін,ұрандарын
таныстырсын.
ІІ тур. Жүйрік болса кім?
Күлімдейді күн.
Жарыста жүгір,алға ұш-деп келесі
турымыз «Қапшықпен секіру».
ІІІ тур. «Доппен жүру».
ІV тур. «Тонель»
V тур. Күш,қайратым сыналған,
Спорт-біздің досымыз.
Бала кезден шыңдалған-деп келесі
турымыз «Доппен жүргіру».
VI тур.Жүгір,жүгір селмен жарысып,
Жүгір,жүгір желмен жарысып.
Нұрға сылан,
Болып қыран,
Өс ұлан-деп келесі турымызды
бастаймыз «Үрмелі шар» .
VII тур.Скалкалка
VIII тур.Велосипед жарысы.
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,-деп сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып,жеңімпазды анықтап,марапаттау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
Осымен,спорттық сайысымыз аяқталды.
Спорт-көркі өмірдің,
Спорт-досың,серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсыз,
Шынығып,өсіп,толарсың,-демекші салауатты өмірді ұстанып,спортты серік етейік.