Т?рбие са?аты Мемлекеттік р?міздер – т?уелсіздік белгілері


№ 6 орта мектебі
Тәрбие сағаты
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері
5ә сыныбы
Г.С. Қожахметова
2014 - 2015 оқу жылы
Бекітемін
№ 6 орта мектебінің
оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ. Қыраубаева
Күні: 27. 11. 2014ж
Сыныбы: 5ә
Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.

Әнұран орындалады

1- Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2- Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған «Мемілекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші: ............. сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. ............. сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 21 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1- жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?
2- жүргізуші Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды

1 оқушы Аружан
Кез емес жаугершілік аттан атты
Алланың шеруі емес салтанатты.
Қытымыр қыстың басы сол бір айда
Желтоқсан жай әлемді жалт қаратты.
Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз
Жасайық басты бауырлар
Жанайық жансақ маздап біз.
Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Жұмағазина Айжан, Ізбасарова Альбина

2 оқушы Айжан
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Ал қоғамның адамнан бар ма аласы?
Кеткен де жоқ құлақтан зар басылып
Бұғаудағы боздақтар кете барды
Бірі атылып, біреуі дарға асылып.
Оянды халқым,оянды,
Асырды іске қиялды
Ел көзін ашты баяғы
Босашы енді баянды.
Бас алаңды ел жоқсан
Жастар қаны жуған күн
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік туған күн
1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты
2-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
2 жүргізуші: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп,қуанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
І жүргізуші:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
ІІ жүргізуші:
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
І жүргізуші: Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған
1-оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да,халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
2-оқушы:
Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.
3-оқушы: Береке
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
4-оқушы: Олжас
Жесірге пана,қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде
Күй: «Қосалқа» Айдана

Оқушы Монологы. «Менің Президентім». Әнел
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрыныр- ақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.

Оқушы Монологы «Менің Президентім». Айдана
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?
Би: «Испан» Гүлім
1- оқушы. Айгүл
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
2 - оқушы. Таңшолпан.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
3 - оқушы. Гүлім.
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
4 - оқушы. Перизат
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар
Би « Қамажай » Таңшолпан, Қарақат

Айдана І жүргізуші . 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды
Аманбек ІІ жүргізуші : 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
І жүргізуші :1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
ІІ жүргізуші : Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр
І жүргізуші :Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
ІІ жүргізуші :1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Қарақат
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы,елтаңба,әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?
І жүргізуші : 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
ІІ жүргізуші :Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
І жүргізуші : 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жанарып қалам,жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән «Атамекен» хор

1-оқушы: «Елбасына» Асылан
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
2 - оқушы: Альбина
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
1-жүргізуші
Елiмнiң атын айтсам – Қазақстан,
Жерiмнiң атын айтсам – Қазақстан.
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам – Қазақстан.
Қазақстан – республикам, мақтанышым,
Мен сенi жырлаймын мақтан үшiн.
Құдайым маған кұйттай жүрек берген,
Лүпiлдеп сенi сүйiп, сақтау үшiн!
2 - жүргізуші
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрлігін.
Мен – қазапын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгіге өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім
1-жүргізуші: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)