Б?л т?рбие са?аты балаларды ?й ??старымен таныстыру ма?сатында жасал?ан
Тақырыбы: Үй құстары Мақсаты:
1. Балалардың үй құстары туралы білімдерін кеңейту, үй құстары оның пайдасы туралы түсініктерін молайту.Қойылған сұрақтарға толық дұрыс жауап беруге бейімдеу.
2. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын ояту, сөздік қорын молайту, ой – өрісін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
3. Икемділікке, ұқыптылыққа, құстарды қорғай білуге, қамқор болуға, оларды күте білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үй құстарының суреттері.
Өтілу барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық
2. Сұрақ – жауап бөлімі.
Үй құстарына қандай құстар жатады?
Үй құстары қайда мекен етеді?
Үй құстарын атаңдаршы.
Жәшіктен әр түрлі құстардың суреттерін алып атайды, дауысын салады.
Біз бүгін үй құстарына тоқталамыз. Үй құстары үйде бағылады, адамның көмегін қажет етеді. Оларға күнделікті жем-су беріп асыраймыз. Сондықтан оларды үй құстары деп атаймыз. Үй құстары бізге жұмыртқа, мамық, ет береді. Яғни мамығынан жастық, ал етімен жұмыртқасынан түрлі тағамдар жасалады. Үй құстарының балапандары болады. Олар өте әдемі болып келеді. Олаодың түсі ақ, қара, сары болады. Солардың ішінде тауықтың балапаны сары түсті болады.
Балаларға тауықтың суретін көрсетіп, олардан көмек сұрау.
-Балалар мына тауық балапандарын жоғалтып алыпты. Тауыққа көмектесемізбе? Ендеше сары түсті ермексаздан оған балапан жасап берейік.
1. Ермексаздан жасалған балапанды көрсету.
2. Оныңдене пішіні, тұмсығы, көзі қандай түспен екенін айту.
3. Мүсіндеу. Өздік жұмыс.
Сергіту сәті.
Таң әлі атқан жоқ,
Маңай әлі қараңғы.
Әтеш ерте оянып,
Жан жағына қарады.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады.
Ку-ка-ре-ку тұр-тұрлап,
Оятады баланы.
Жұмыс аяқталған соң, тауыққа балапандарын қосып көрме ұйымдастыру.
Үй құстарының ішінде біз көбіне үйде асырайтынымыз-тауық. Тауықты мекиен, әтеш деп екіге бөлеміз, оның балаларын балапан деп атаймыз. Тауықтарды жем-су беріп асыраймыз. Тауықтар бидайды жақсы жейді. Олар бізге жұмыртқа береді, жқмыртқаны тамаққа пайдаланамыз. Ол денсаулыққа өте пайдалы. Мамығы майда, айдары бар, тұмсығы, қанаты бар, қанатының астына балапандарын алып қорғайды.
Әтеш – қауырсынды жүні жұмсақ, айдары бар, тауықтыкіне қарағанда үлкен тұмсығы бар, қанаты тауықтікіндей, құйрығы ұзын түрлі түсті болады, орақ шалғы секілді иіліп тұрады.
Қаз – тауыққа қарағанда ірі, қауырсынды мамығы жұмсақ. Қаздың аталығы, аналығы болады.
Үйрек – мамығы жұмсақ, қауырсынды етін пайдаланамыз.
Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық.
-Үй құстарын атаңдар?
-Құстардың пайдасы бар ма?
-Олар немен қоректенеді?
- Тауықтың балапаны қандай болады?
- Балапан қандай дыбыс шығарады?
- Олар қалай жүреді?
Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. Бүгін сендер нені білдіңдер?
Балапан жасауды үйрендік
Балапанның түсі сары екенін білдік
Тары, бидай жейтінін білдік
Маймаңдап жүреді екен
Шиқылдап дыбыс шығарады екен.
Қане енді орнымыздан тұрайық.
«Қоштасу жаттығуы»
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.