«М?мкіндігі шектеулі о?ушыларды? танымдылы? ?абілеттерін дамыту». / Баяндама/


«Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту». / Баяндама/ Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, оның қажеттілігі мен танымдық белсенділіктері және мүмкіндіктері басты назарда. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету, дамыту-педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралы ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдымызға мынандай мақсат қойдық:«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы әрекеті бұл ойын. Ойын – балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Ойын – балалардың бір –бірімен жақсы қарым-қатынас жасауына және көңіл –күйіне жағымды эмоциялық жағдай туғызады. Мүмкіншіліктері шектеулі балалар үшін арнайы ойнайтын ойындар әлі басылымда жоқ, сондықтан ойынды таңдағанда балалардың жағдайын ескеріп отыру керек. Олардың кейбіреуі сөйлей алмайды. Өз қажеттіліктерін ыммен, қолмен, көзбен, бет-әлпетімен жеткізе алады. Балалармен ойын ұйымдастыру, оның ережелерін түсіндіру өте қиынға түседі. Олар көзбен көріп қана ұғады. Ойынды бірнеше рет қайталаймыз, көрсетеміз. Ойын кезіндегі мүмкіншіліктері шектеулі балалар шаршамау үшін, ойын түсінікті, қызықты , мазмұнды болу керек. Мүмкіншіліктері шектеулі балалар ойын кезінде бақылауды өте қажет етеді. Сондықтан балалар шаршамай, жалықпау үшін баланың денсаулығына әсер ететін ойындарды таңдап алу керек. Ойын кезінде балалардың саны да әсер етеді. Кейбір баламен жеке жұмыс жасауға, жарты топқа бөліп ойын ұйымдастыруға болады. Ойын барысында балалардың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Бала өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алып, балалармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдіріп, іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау мен қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамытып отырады. Ойын барысында пайдаланылатын дамыту ойыншықтары балалардың психологиялық қызметін сапалы түрде өзгертуге бағытталған тиімді әсер ету құралы болып табылады.
Өз тәжірибемізден баланың жалпы жетістіктеріне ықпал ету үшін, ақыл-ойы кем баланың танымдық белсенділігін дамытуда ойын құралдарына негізделген оқытудың сапасын жақсартуды көздедік. Балалардың танымдық әрекеттін белсендендіру, бұл белгілі бір факторлардың әсерінен болған ойлау және білімді игеру үрдістерінің жеделдетілген ағыны. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі болып саналады. Танымдық белсенділік ақыл-ойы кем балалар танымының қажеттілігі мен қызығушылығын, сабақтың түрі мен мазмұнын, ойын технологиясы арқылы «үйрету» үрдісін басқаруда педагогтың өнері және оның эмоционалды ахуал жасау іскерлігін ынталандырады. Ал, мұның барлығы ойын мен ойын тәсілдерін жақсы қамтамасыз етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың таным қабілетін,ой-өрісін кеңейтіп қабілетін ынтасын арттыруға дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді.
1.Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар “Лото”,“Домино” және тақырыпты ойындар “Қайда не өседі?” “Бұл қай кезде болады?”
3.Сөздік дидактикалық ойындар
4.Санамақ ойыны санау арқылы “Суреттегілер қайда тұрады?” “Артығын алып таста?” “Көршісін тап” ойлау қабілеттерін дамыту,оған зейін аудару балалардың ой-өрісін дамытады.
Халық педагогикасының тағылымдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар. Халық ойындарын биология сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.
Халықтық педагогиканың бір саласы - ұлттық ойындар. Пәнге деген ынтасын арттыруда, белсенділіктерін дамытуда пайдаланып жүрген бірнеше ойындар: «сақина салу, теңге алу, арқан тарту, қыз қуу» ойындары.
Асық ойынының халық арасына кең тараған, асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқай асық аталады. Сол қолмен атуға ыңғайлысы – соңқай деп аталады.«Бес асық» ойыны асық ойыны арқылы балалардың саусақтарына, қолына жаттығу жасайды. Шеберлікке, икемділікке, ұқыптылық пен ойлылыққа үйренеді.
Ұлттық ойындар ата-бабаларымыздан бізге жеткен «ханталапай»
ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады. Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты алу арқылы тапсырмаларды орындау тапсырылады. Cабақтарда 2- топтан 2-оқушы қатысады. Асықтағы нөмер бойынша сол тапсырмаларды орындайды. Бұл баланы жылдамдыққа, жылдам есептеуге, ептілікке үйретеді, ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді,
оқушылардың қабілеттері айқындалады.
«Сиқырлы қоржын». Бұл ойынды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдануға болады. Ойынның шартына сәйкес оқушыларға кезекпен деңгейі бойынша қоржын iшiнен тапсырмалар беріледі. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады. Берілген тапсырмаларды орындау арқылы сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады, оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.
«Қыз қуу»
Кеңінен таралған ұлттық ойын. Сөреге қыз бен жігіт шақырылады. Жігіт қыздан 10-15 метр кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңілгендігін білдіру үшін оның білігінен орамалды алуға тырысады.
Тақтаға әр топтан яғни бір топтан қыз, екінші топтан ұл бала шығып тапсырманы орындайды. Кім бірінші шығарса, сол топ жеңеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.
«Орамал тастау»
Оқушылардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама – қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың оң жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «ба» деп дайыстайды. Ол «қа» дейді, болмаса «лық», не «нан» дейді. Сонда «бақа, балық, банан» т.б. сөздер шығады. Бұл ойын оқушылардың жануарлар мен өсімдіктердің атын білуге, ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді.
«Дұрыс па бұрыс па» ойыны. Тақта тапсырмалар ілініп тұрады, дұрыс жауап болса +, ал егер бұрыс жауап болса – таңбаларын қояды.
Жұмбақ сурет. Құстардың атын табу
Жоғарғы сыныптар үшін жүмбақ сурет ойыны ерекше орын алады. Ойынды ойнау үшін әрбір суреттер мен кішкене дөңгелекшелерді пайдалану керек. Егер суретті дұрыс түсініп, кішкене дөңгелекшелерге қосымша әріптерді орынды толтыра білсеңдер, онда жұмбақталған жануарлардың ың атын білетін боларсыңдар. /слайд/
Ұлттық ойынның бұл қасиеттерін халық ерте танып, өмірлік мәні зор ойындардың алуан түрлерін ойлап шығарған. Қазақ халқы – халық ойындарына өте бай және оның түрлері де алуан салалы болып келеді. Біздің пікірімізше, бұл ойындар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Қайта жүйелі, тиімді пайдалана білсе, жастардың ой-өрісін дамытып, дүниені танып, білу қабілеттерін кеңейте берері сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер. 1. Базарбек Төтентаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 19942. Е.Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 19943. Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 1994 4. М.Балғымбаев «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» Алматы, 1985, 86 бет. 
«Дамыта оқыту технологиялары» Б.А.Тұрғынбаева         Алматы 2000жыл
«Бастауыш мектеп» журналы №7.2008 ж.
«Қазақстан мұғалімі»  журналы 6сәуір 2008ж.
«Қазақ тілі мен әдебиеті»журналы №2.2006ж.
«Бастауыш мектеп» журналы  №5-6,2012ж.
 Мөженақова М.С. Мектептің педагогикалық процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын өлкетану материалдары негізінде дамыту.п.ғ.к. дисс...Автореф Қарағанды 2004.