Мектеп психологыны? даму м?мкіндігі шектеулі о?ушылармен ж?мыс т?рлері.



Ж.Болғанбаев атындығы Самар орта мектебі
Тақырыбы: Мектеп психологының даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс түрлері.
Педагог-психолог:Кезенбаева А.К
2013 ж
Мектеп психологының даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс түрлері.
Бүгінгі  таңда даму мүмкіндігі шектеулі балалар проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.  Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да, оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адамдармен де  қарым- қатынас жасауын қиындатады. Дене кемістігі адамның әлеуметтік өмірдегі мінез құлқының ауытқуына әкеп соқтырады.
1919 жылдың 10 желтоқсанында ақыл-ой кемістігі бар балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі қаулы қабылданды.
Ұлы педагог А.С.Макаренко «Баланың өскенде қандай болатыны,оны бес жасқа дейінгі тәрбиеге байланысты»-деген.
Ақыл-ой тәрбиесі тек ойдың дамуы ғана емес,оның дамуы ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады.Даму баланың сандық,сапалық жағынан жетілуі, психикасының, ой-санасының өсуі.
Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз- оқушының жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен,оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістерінің жиынтығы.Ақыл-ойды дамытудың шарты,іс-әрекеттін тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері,адамдардың қарым-қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі,берілетін білім сапасы.
Жас ұрпақтың ақыл-ойының дамуы еңбек пен ғылым,білімнің ұштасуына байланысты.
Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды анықтауда дұрыс диагностика жүргізу, оларды табысты және нәтижелі оқытуға, ал болашақта әлеуметтік ортаға бейімделіп кетуіне жағдай тудыратын арнайы сыныптар мен топтарға орналастыру - қазіргі уақыттағы аса маңызды әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып табылады.
Жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу жұмысын қазіргі заман талабына сай стандартқа енгізуді оқушылармен жеке дифференциалды жұмыс істеу нәтижесінде қол жеткізуге болады. Демек, оқушыларға қажетті білім, білік көлемі мен дағдыларын қазіргі қоғамның талабымен сәйкестендіріп беру қажет.
Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істеген, кезде балалардың есте сақтау, онан кейін жатталатын материалды қайта жататырғанда қалай қиналатын көрген мұғалім, интеллектісі бұзылған және ақыл-ойы кемтар балалардың есте сақтауын дамытуға оңтайлы екі әсер ететін түрлі жаттығуларды топтастырып, дамытуға көңіл бөлу керек.
Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психикалық дамуын жетілдіру негізінен үш бағытта жүргізіледі:
1. Балаларға жан-жақты диагностикалық тексерулер мен мамандардың консультативтік кеңестерін ұйымдастыру, негізгі зақымданулардың дәрежесін анықтау;
2.Емдеу, сауықтыру, әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру;
3.Түзету және дамыту бағыттарында арнайы әдістемелерді құрастырып, оларды қолдану.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері
І.Әңгіме әдісі баламен қатынас орнату құралы қызметін атқарады.Баланың ақыл-ой қабілеттерін анықтауда әңгіме барысында мынаны анықтау керек:
1.Баланың өзі,өз ата-анасы,жақын туыстары,достары (аты-жөні,тегі,жасы) туралы түсініктерінің нақтылығын және «жеңуге», «көршілер», «туысқандар»,ұғымдарын талдау қабілеті.
2.Уақыт туралы түсінік сипаты (сағатта уақытты анықтау іскерлігі, уақыт созылуын түсінуі)
3.Табиғат құбылыстары жайлы (жыл мезгілдерін олардың белгілерін есепке алып ажыратуы,қар,найзағай т.б) туралы түсініктің болуы
4.Кеңістікте бағдарлау іскерлігі «оң-сол», «жоғары-төмен», «жақын алыс» т.б ұғымдарды практиканың игеруі
5.Өз Отаны туралы, көрнекті жағдайлар туралы білімнің болуы, оқыған кітабын, көрген фильмін түсінуі.
ІІ әдістеме.Бақылау әдісі. Балаларды зерттеуде ең негізгілердің бірі.Бақылау бала кеңес алуға келгенен бастап,тексеру барысында жалғаса береді.Бақылау мақсатты жүргізілуі керек.Баланың ойын әрекетінде, бақылауда мынаған назар аударыңыздар:
ойыншықты көргендегі эмоциялық реакцияның сипаты, ойыншықпен өз бетімен ойнай алуы және ойынды ұйымдастырыу, ойыншықпен әрекетінің ақылға сыйымдылығы, ойын іс-әрекетінің қызығушылығының тұрақтылығы.
ІІІ әдістеме.Сурет-балаларды зерттеуде маңызды дифференциальды диагностикалық көрсеткіш.Психикалық ауру балалар суреттері өзгеше мағынасыздық, бейненің түсініксіздігі, түсті қалай болса солай пайдалану, пропорция сақтамау т.б суреттерінде көрінеді.
ІY. «Кооса» кубиктері, «Равен матрицасы», «Шульте кестесін» пайдалануға болады.
Көру,есту,сөйлеу,тірек-қимыл аппаратары бұзылған балалар психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде қолдау алады.Бірақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды түзеу кабинеттерінмен қамту мүмкіндігі ауылдық жерлерде өте төмен.Бұл бала санының аздығына байланысты.Түзеу кабинеттерінің орталықтарынан шалғайда орналасуларымен түсіндіріледі.Сондықтанда да, түзеу жүмыстарының негізігі ауырпашылықтары дефектология саласында дайындықтары бар мектептердегі педагог- психологқа түседі.
Сонымен жанұясында даму мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің зерттеу және оның шешу жолдарынын анықтау мамандардын өзекті бағыты болмақ.
« Ең бастысы даму мүмкіндігі бар балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек.Әр баланың қабілет – қарымын анықтап, дұрыс бағыт – бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек ». Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , ақыл-ой кемістігі бар баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді.
Мұғалімдерге ұсыныс: .
Сөйлеу, көру, есту, эмоциялық-ерікті салалары, оқытуда қиындықтарымен, қатынастары, мінез-құлқы бұзушылығымен балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде жүйелі психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық көмек көрсету.
Баланың әлеуметтік жағдайының дамуын есепке алумен, жекеше-дамытушылық бағдарламаларды әзірлеу және құру.
Жекеше, топпен жұмыс істеу түрінде түзеу-дамытушылық оқытуды жүргізу.
Дамытуда ақыл-ойы төмен балаларды отбасы жағдайында тәрбиелеу бойынша ата-аналарға (оларды ауыстырушы адамдарға) кеңес беру .