Открытый урок Corel Draw ба?дарламасында логотип дайындау технологиясы


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯ және ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ

ТАҚЫРЫБЫ: CORELDRAW БАҒДАРЛАМАСЫНДА
ЛОГОТИП ДАЙЫНДАУ
АЛМАТЫ, 2015Ж
Бекітемін
Колледж директорының
оқу-ісі жөніндегі орынбасары
____________Садирова Н.В.
Күні: 12.11.2015ж Тобы: «66» 1-бағам
Пәні:
Компьютерлік техниканы бағдарламамен қамтамасыздандыру Арнайы пән оқытушысы:
Жүнісова Зинура Шәріпханқызы
Сабақтың тақырыбы: CorelDraw бағдарламасында логотип дайындау
Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушылар CorelDraw бағдарламасында бірнеше обьектілерді пайдалана отырып логотип жасау технологиясын меңгеру.
Дамытушылық: Оқушылардың векторлық графикамен жұмыс істеу
принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, ұжымшылдыққа,  ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгеру сабағы
Пәнаралық байланыс Өндірістік сабақ (Графикалық ақпараттарды өңдеу.CorelDraw бағдарламасымен жұмыс)
Көрнекі құралдар Pentium 4 үлгісіндегі Дербес компьютерлер, интербелсенді тақта, презентация, слайд, флипчартта, тесттік тапсырмалар.
Бағдарламалық жабдықтар CorelDraw бағдарламасы
Сабақ кезеңі Оқытушының әрекеті
І. Ұйымдастыру
(2-3 минут) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, ынта назарларын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын және жоспарын хабарлау
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
минут)
1.Визитка (таратпа қағаздары) жасау.
Бағалау критерийлері:
Өлшемінің қалыпқа сай болуы (9/5см)
Түстердің үйлесімділігі
Мәтіннің қатесіз жазылуы
Сұрақ қою
1. CorelDraw бағдарламасын іске қосу командасы?
2. CorelDraw графикалық редакторының құжатының форматы?
3. Парақ саны көбейту командасы?
4. Қалып күй қатары қай жерде орналасқан және қандай қызметі бар?
5. Упорядочить мәзірінің қызметі?
6. Окно мәзірінің қызметі?
7. Қасиеттер терезесінің қызметі?
8. Импорт командасының қызметі?
IV. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
(5-минут) 1.Сабақтың тақырыбын хабарлау
2. Сабақтың мақсатын хабарлау
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Логотип – фирманың немесе ұйымның өз тауарын (өнімін, бұйымын) таңбалау үшін ұдайы пайдаланатын тауар белгісі. Өндірушінің мүдделерін дәл де анық білдіруге тиіс.Corel DRAW — кез - келген дәрежелі қиындықтағы графикалық объектілерді салуға арналған бір емес бірнеше бағдарламалар жиыны. Оған иллюстрация (мәтінің мазмұны, суреттпен сипаттау) дайындайтын (әсіресе Corel DRAW), растрлық кескіндерді құратын және өңдейтін (Corel Photo PAINT), мәтінді тану және растрлық кескіндерді жарқырататын (трассировка) (Corel TRACE) бағдарламалар және көптеген бағдарламалар жатады.Бағдарлама орнатылғанда Windows жүйесі менюінде қолданбалар таңбалары орналасатын Corel DRAW топтамасын құратын, " Corel DRAW " деген топтамасын құрады. Біздің бөлім осы күрделі әрі мықты бағдарламалар топтамасының тек қана бір компонентіне — иллюстрация дайындайтын Corel DRAW бағдарламасына арналған.
V. Жаңа сабақты түсіндіру Windows Vista логотипін жасау жолдары
ОЖ- нің нұсқасы: Windows Vista
Логотиптің ерекшелігі ретінде негізгі төрт түс алайық. (қызыл, көк, жасыл, сары) Эллипс құралының көмегімен дөңгелек қоямыз.

Тіктөртбұрыш құралының көмегімен керекті фигураны саламыз.

Салынған фигураны көбейтеміз

Түс береміз, жақтауларын алып, көлеңке береміз

Объектілерді біріктіреміз

Нәтижесі:

VI. Жаңа сабақты бекіту
(10-15 минут) Жаңа сабақты бекіту сұрақтары таратпа қағаз арқылы іске асады.
VIІІ.Үй тапсырмасы «Олимпияда символы» логотипін жасап, баспаға шығару.

Бағалау