COREL DRAW-ГРАФИКАЛЫ? РЕДАКТОРЫНЫ? ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
COREL DRAW-ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүгінгі таңдағы компьютерлік дизайн саласында Corel Draw пакеті қуатты құралдарымен, графикалық дизайнның қиын тапсырмаларын оңайлататын сан түрлі эффектері және үш өлшемді графикасымен ерекшеленеді. Corel Draw құрамына кіретін тамаша ойластырылған жарықтылық, ыңғайлылық және жеңіл игерілетін интерфейс қабілетіне ие. Corel Draw – мен иллюстрациялар, макеттер мен суреттер салу және оларды өңдеу оңайлатылды. Компьютер суретші қиялында пайда болған әр түрлі бейнелерді, кеңейтілген тапсырмаларды жасауға мүмкіндік туғызады. Компьютерлік графика бейнелену тәсіліне байланысты векторлық, растрлық және фракталдық графика болып бөлінеді. Corel Draw графикалық редакторы векторлы бейнелену тәсіліне жатады.
Векторлық графикада бейне қарапайым геометриялық фигуралардан яғни сызық, қисық, қисық сызық, шеңбер және тағы да басқалардан құралады.Әрбір элемент компьютер жадысында математикалық формула түрінде сақталынады.
Артықшылығы:
векторлық графикада сурет маштабын кез-келген өлшемге өзгертуге болады. Математикалық формула арқылы есептелген сурет өлшемін өзгерту барысында сурет сапасының жоғалмауы;
компьютер жадысында орынды аз алуы.
Кемшілігі:
сурет өлшемдерін жай ғана өзгерте салуға болмайды. Себебі геометриялық фигурадан құрылғандықтан әрқайсысын жеке-жеке өзгертуге тура келеді;
суреттің кез-келген нүктесінің түсін өзгертуге болмайды.
Corel Draw графиктік редакторын жүктегенде қыстырма терезесі ашылады. Осы терезеден өзімізге қажетті құжаттарды таңдап аламыз. Бізге жаңа құжат ашу үшін «Құру» командасын таңдасақ жаңа құжат ашылады. Немесе стандартты құралдар тақтасынан “Жаңа” батырмасын басу арқылы жаңа құжат ашуға болады. Файл - Жаңа (Файл - Новый) командасы арқылы да жасауға болады. Жаңа құжат пішімін (формат) құралдар тақтасынан таңдаймыз.
Corel Draw графиктік редакторында құралдармен және басқа ресурстармен негізгі терезе мен құжат терезесінде жұмыс жасалынады. Программа жүктелгеннен кейін төмендегідей терезе пайда болады. Бұл негізгі терезеде қолданушы интерфейсінің негізгі элементтері: мәзір қатары, құралдар тақтасы, құралдар жиыны, стандарттар панелі және түстер палитрасы орналасады. Corel Draw графиктік редакторына Windowsтың стандартты батырмалары, командалары ( жабу, ашу, бүктеу, қайта қалпына келтіру, буфермен жұмыс және тағы басқалар) қолданылады. Және де Параметрлер терезесінен парақтың пішімін (формат страницы) және бағдарын (альбомная и книжная орентация), реңнің түсін (фон), макеттерін келтіруге болады.