Мені? ал?аш?ы ?стазым.Т?уелдік жал?ау.


№ 21 ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі
Сабақтың тақырыбы:
«Менің алғашқы ұстазым. Тәуелдік жалғау».
4 «А»сынып
Мұғалімі: Жангалиева Р.К.






Сыныбы 4 А Күні 11.03.15.
Сабақтың тақырыбы Менің алғашқы ұстазым.Тәуелдік жалғау.
Мақсаты Тәуелдік жалғауларды қайталай отырып, алғашқы ұстаз туралы әңгімелеуге, ұстаз бойындағы қасиеттерді айта білуге үйрету, ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже А.Сөздерге тәуелдік жалғауларды жалғайды, сөздермен сөз тіркесін ойлайды
В.Сөздерді құрамына талдайды, жалғау түрлерін ажыратады, өзінің алғашқы ұстазы туралы әңгімелейді.
С.Тәуелдік жалғаулы сөздерді сөйлемде қолданады, алғашқы ұстазының бойындағы қасиеттерді айтады.
Құрал жабдықтар АКТ, флипчарт, маркер, стикер, жүрекшелер, магнит, смайликтер, үлестірмелі қағаздар, бағалау парақтары.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе бөлім -Сәлеметсіздер ме, балалар.
Қанекей, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. (Шаттық шеңберін құру).
-Ал енді топқа бөлінейік.Өздеріңе ұнаған екі түстің біреуін таңдап алып, екі топқа бөлініп отыра қойыңдар.(Оқушылар көк және қызыл түсті жүрекшелерді таңдап 2 топқа бөлініп отырады.) Оқушылар шеңбер жасап тұрады.
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық,
Тұрып болсаң шеңберге,
Алақанды соғайық.
Оң жақтағы балаға
Алақанды соғайық.
Сол жақтағы балаға
Алақанды соғайық.
Амандасып алайық.
Достарменен бірге біз
Күлімсірей күлейік.
Қолды созып күнге біз,
Шат көңілмен жүрейік.
Тұсаукесер Балалар, біз өткен сабақта мектеп туралы әңгімелеген болатынбыз. Қазір бағалау парақтарын алыңдар. Жұппен жұмыс жасаймыз.Үй тапсырмасын бір-бірлеріңе айтып бересіңдер, бір-бірлеріңді бағалайсыңдар.
Дарынды оқушы өзінің болашақтағы мектебі туралы әңгімелейді.
Бағалау.
-Балалар, енді тақтаға назар аударайық.Тақтадағы жұмбақты шешіп көрейік.
Білімнің дәнін береді,
Балаға тәлім береді.
Бұл кім туралы айтылған? Балаға кім білім, тәрбие береді? Дұрыс, ұстаз екен.Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ұстаз туралы болмақ.Дәптерімізге сабақтың тақырыбын жазамыз. Менің алғашқы ұстазым.Тәуелдік жалғау.
Оқушылар үй тапсырмасын өздерінің жұптарына айтып береді, критерий бойынша бір-бірін бағалайды.

Ұстаз
Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.
Негізгі бөлім.
-Балалар, сендердің алғашқы ұстаздарың кім?
-Ол қандай?
-Ал ендеше тақтаға қарайық. Ұстаз қандай? Оның қызметі қандай?
Оқытады- учит
Түсіндіреді-обьясняет
Тәрбиелейді-воспитывает
Көмектеседі-помогает
Білім береді-дает знание
Балалар, ұстаз деген сөздің түбірі қайсы? –ым деген не?
Дұрыс.Қазір мынадай тапсырма орындайсыңдар.
1 -Тапсырма
Ұстаз сөзін тәуелдеу.
1-ші топқа тапсырма. Сөздерге тиісті жалғауларды жалғап, жалғаудың нешінші жақта тұрғанын ажырату.
Менің ұстаз... жақсы адам.Ол бастауыш сыныптың мұғалім... Ұстазымның мінез... жайлы.Оның бой... ұзын, шаш... қара, көздер... қоңыр.Біздің ұстаз... дарынды.
2-ші топқа тапсырма. Сөздерді құрамына талдау, жалғаудың түрлерін ажырату.
Ұстазымның, көздері, бойы, сыныптың, шашы, мінезі, ұстазымыз.
Критерий бойынша топтық бағалау.
2-Тапсырма Кластер құру «Қазіргі ұстаз қандай болу керек? » Ақ қағазға берілген сөздерді маңыздылығына қарай жапсырады, әңгімелейді.
Бағалау Екі жұлдыз, бір ұсыныс айту.
«Бес жолды өлең» (Синквейн әдісі)
Ұстаз сөзі
2 сын есім
3 етістік
4 сөзден тұратын сөйлем
Синоним
Бағалау ( Топты мұғалім бағалайды )
-Биыл сендер бастауыш сыныпты аяқтайсыңдар.Қазір мына жүрекше стикерлерге өздеріңнің ұстаздарыңа тілектеріңді жазыңдар.Бұл тілектер сендердің алғашқы ұстаздарыңа естелік болып
қалады.
-Менің алғашқы ұстазым –Эльмира Жаксылыковна.
-Ол әдемі, мейірімді, көңілді.
Мейірімді, әділетті, дарынды, білімді, қамқоршы, сенімді.
Оқушылар сөздерді оқиды, қайталайды.
Түбірі ұстаз, -ым тәуелдік жалғау.
Бір оқушы тақтаға шығып ұстаз сөзін тәуелдейді.
1-ші топ оқушылары көп нүктенің орнына тәуедік жалғауларды қойып жазады, жалғаудың нешінші жақта тұрғанын айтады.
2-ші топ сөздерді құрамына талдайды, жалғаудың түрлерін ажыратады.
Әр топ критерий бойынша бір-бірін бағалайды.
Оқушылар кластер құрып, сол бойынша әңгімелейді.
Оқушылар топпен жұмыс жасайды.Әр топ өздерінің жазғандарын оқиды.
Оқушылар өздерінің тілектерін жазады, оқиды, үлкен жүрекшеге жапсырады.
Қорытынды Сабақты қорытындылау. Бағалау.
Үй тапсырмасы – Дарынды оқушыларға Ұстаз туралы эссе жазу. Қалған оқушыларға ұстаз туралы мақал-мәтел жазып келу.
Рефлексия Әр көңіл-күйдегі смайликті көтеру