7 модуль бойынша саба? жоспары Бізді? отбасымыз 6 класс
Қазақ тілі 6-сынып күні,айы:---------
Тақырыбы:Біздің отбасымыз
Міндеті: Тақырыпты әңгімелейді.Сұрақтарға жауап береді.Фонетика тақырыбын өздері практика барысында түсінеді. Бірлесіп жұмыс істеуге машықтанады. Татулыққа тәрбиелеу.
Нәтижесі:оқушылар топта жұмыс істеуге бейімделеді.Тілдерін жаттықтырады.Бірін-бірі тыңдайды.Бағалауды үйренеді
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Негізгі дерек көздер:Мұғалімге арналған нұсқаулық,ғаламтордан суреттер,слайд.
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақша үйренейік»,стикерлер, қазақша –орысша сөздік кітабы
Әдіс-тәсілдері:Көшбасшылық,өзін-өзі реттеу, СТО: Миға шабуыл. Сөздікпен жұмыс.Диалогтік оқыту: жұптық жұмыс АКТ,ЖИГСО- İNSERT ,жас ерекш. сай оқыту.Деңгейлік тапсырмалар,мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы:1.Көшбасшылық «Шаттық шеңбері». Оқушылар ортаға шығып бірін-бірі қайталамай жылы амандасады.Өзін-өзі реттеп, дауысты дыбыстар бойынша топқа бөлінеді/ а,ә,о,ө/Өз орталарынан көшбасшы сайлайды.Бағалау парақтарын алады.Сабақтың ережесін өздері құрады,жазып іліп қояды
2.СТО: Миға шабуыл.Тілдік қатынасқа түсу.Берілген сөздерді оқушылар оқып аударады.
Менің,оның,мектеп,сен,ол,тақта,шеберхана,кітапхана,оқулық,мысық,ай,күн,терезе,мұғалім,оқушы,ал.Сөз тіркесін құрайды.
3.АКТ:Сөздікпен жұмыс:онша-не очень жеке меншік-частный немере-внук шөбере-правнук заңгер –юрист балалар дәрігері-педиатр
Тілдіңқатысына қарай: Жуан: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.
Жақтыңқатысына қарай: Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Ерінніңқатысына қарай: Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.
Дәптерлеріне жазады.Сөздердің мағынасын түсіндіреді,жуан не жіңішке екенін айтады.
4.Диалогтік оқыту: жұптық жұмыс барысында берілген сұрақтармен жұмыс жасау.
5.АКТ:жаңылтпаш Қапыда ит қапты, Қатты қапты, Қапты қатты.
Бұл тапсырманы әр топ өздері оқып,тез айтуға жаттығады.
6.Мағынаны тану кезеңі:СТО: мәтінмен жұмыс /ЖИГСО бойынша/
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. 7.Мұғалімнің іс-әрекеті:әр топқа фонетика жазылған А4 парағын таратады.Оқушылардан не жазылғанын айтуды өтінеді.Түсінбеген тұстарын айтып жібереді.
8.Дарынды мен талантты б.о.: А4Үндестік заңы тақырыбын түсіндіреді.
Көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы деп аталады. Буын үндестігі (сингармонизм) Сингармонизм – гректің Syn «бірге» және harmoni – «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин. Сингармонизм заңдылықтары 1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: ба-ла-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ы-мыз. 2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-і-міз.
Сергіту сәті:ортаға шығып музыкаға билейді.
9.Жас ерекш. сай оқыту:Деңгейлік тапсырмалар орындау кезеңі
1-деңгей –фонетикалық талдау. 2-деңгей-№4 тапсырма
3-деңгей-№3 тапсырма.
10.Сабақты бекіту:№7.Жылжымалы топ бойынша мәтінді екіге бөліп оқып,мазмұнын айтып береді.
11.Бағалау.Топ басшысы берілген бағалау парағын алып өзінің,өзін-өзі бағалаған оқушылардың бағаларын оқып түсіндіреді.
Мұғалімнің қорытынды суммативті бағалауы.
12.Кері байланыс.Оқушылар стикерлеріне сабақ туралы пікірлерін,ойларын жазады.Смайликке іледі.
Үйге тапсырма:1мазмұндау, 2сөздікті жаттау,3мәтінді оқу