?аза? тілі саба?ты? та?ырыбы: «С?раулы с?йлем»


«Сұраулы сөйлем»
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру; сөйлем аяқталған ойды білдіретіндігі, сөйлемдегі сөздердің мағынасы жағынан бір-біріне байланысты болатындығы, сөйлемнің өзіне тән интонациясы болатындығы туралы түсінік беру;
ә)дамытушылық: сөйлем, мәтін құрау, сөйлемге тиісті дауыс ырғағымен оқып, жазуда тыныс белгісін дұрыс қоя білу дағдысын қалыптастыру;
б)тәрбиелік: оқушылардың табиғатқа, өнерадамына деген сезімін оятып, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер, оқулық.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Сөйлем деген не?
Сөйлем соңына не қойылады?
Хабарлы сөйлем қандай ойды білдіреді?
ІІІ.Жаңа сабақ:
1.А.Ершуов пен Қ. Толыбаевтың өлеңдерін мәнерлеп салыстыра оқу.
Көлге келіп қонады,
Көлдің көркі болады.
Аңшы бірақ айтпады,
Аққудың бар обалы.
Сен өсірген баптап кім?
Аққу неткен аппақсың?
Таза ауада жүремін,
Тұнық суға жүземін.
Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
Жаттығулар орындай отырып, сұраулы сөйлем жайлы түсінік беру.
Ереже: Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сойлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады.
Мысалы: Сенің атың кім?
2.Тақтамен жұмыс
Сұрақтарға жауап беру:
Нешінші сыныпта оқисың?
Сабақтарың нешеде басталады?
Сабақтан соң не істейсің?
Анаңа көмектесесің бе?
Бұлар қандай сөйлемдер?
3.Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді түсініп оқу. Табиғат тәрбиесі. Сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазу
Көке мынау не төбешік? Илеу деген не? Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма? Олар тату тұра ма?
4.Сөздік сынақхат алу:
Тауық, түлкі, қаз, терек, балық, тақта,ешкі, доп, терезе, құлын, дала, күй, ақын, домбыра, айтыс.
Ауызша талдау жасату. Ақын, домбыра сөздеріне сөйлем құрау. Сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыру.
5. Дәптермен жұмыс:
232-жаттығу. Мына сөйлемдерден сұраулы сөйлем құрастыру.
Сабақтың басталатын уақытын...
Сыныптағы кезекшінің есімін...
Асқардың сабаққа кешігу себебін...
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны...
Сабақ басталатын уақыт болдыма?
Сыныпта бугін кім кезекші?
Асқар сабаққа бүгін неге кешіктің?
Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
233-жаттығу. Ауызша өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқып, сұраулы сөйлем мен хабарлы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстыру.
IV.Сабақты қорыту:
Сөйлем дегеніміз не?
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
V.Үйге тапсырма: 234-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрап жазу.
VI.Бағалау.