?аза? тілі С?раулы с?йлем (2 сынып) Медеубаева Н.Д.
Пәні: Қазақ тілі
Күні: 27.11.2014ж
Мұғалімі: Медеубаева Н.Д.
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлемСабақтың мақсаты:Білімділігі: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.Дамытушылығы: Оқушыларды сауатты жазуға үйрету, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуды дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру..Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымщылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Оқушы бойына жарасымды мінез-құлықтың дағдыларын сіңіру, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.Көрнекілік: Интерактивті тақта, тірек - сызба, суреттерСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. -Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз қонақтармен амандасып алайық.Жарқырап күн ашылды,Айналаға нұр шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.Топқа бөлуә) сабақтың мақсатымен таныстыру- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіріп, сұраулы сөйлем туралы мағлұмат аламыз.- Ендеше балалар бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.а) – Үйге қандай тапсырма берілді? (174 - жаттығу, жоспар бойынша әңгіме құрау)Оқушыларға жазып келген әңгімелерін автор орындығында отырып оқыту- Миға шабуыл. Өткенді қайталау..ә) Өткен тақырыпты бекітуМен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны1. Сөйлем аяқталған …………… (ойды білдіреді).2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).3. Сөйлемдегі сөздер ……… (бөлек жазылады).4. Сөйлемнің бірінші ……… (сөзі бас әріппен басталып жазылады).5. Сөйлемнің соңына ………(нүкте, ?, ! қойылады).6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).ІІІ. Жаңа сабақ.а) Кіріспе әңгіме.- Балалар, тақтадағы жазуға қарайықшы, не жазылып тұр? Кім оқиды? (сұрақ - жауап әлемі)- Тағы қандай әлемдер болады деп ойлайсыңдар? (ертегілер, хайуанаттар, құстар, кітаптар, балалар, сиқырлар, т. б.)- Бүгін сабақта сұрақ - жауап әлеміне саяхат жасаймыз.- Балалар, тақтаның алдынан тағы нені байқадыңдар? хат- Балалар, қараңдар, мына хаттың ішінде не бар екен? ә) Оқушыларға хаттағы сөйлемді оқытып сұрақтарға жауап алу.1 Сенің атың кім?2 Нешінші сыныпта оқисың?3 Қай пәнді ұнатасың?4 Сабақтан бос уақытта не істейсің?Сұрақтар: - Оқыған сөйлемдерің қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?(сұраулы сөйлемдер)- Неге?- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.Электронды оқулықтан тыңдату.
Оқулықтағы ережені хормен оқыту.б) Осыны тірек - сызба арқылы көрелік.IV. Оқулықпен жұмыс.175 - жаттығу Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?- Өлеңдерде не туралы айтылған?- Аққу туралы не білеміз?“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” деген мақалымыз бойынша мына тапсырманы орындайық.
176 - жаттығу.Мынадай мәтін берілген, мәтініміз былай аталады.“Табиғат тәрбиесі” алдымен алдарыңдағы мәтінді оқып алыңдар, содан сон, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді тапқызу.- Көке, мынау не төбешік?- Илеу деген не?- Бүкіл құмырсқа бір - ақ үйде тұра ма?- Олар тату тұра ма?Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.. Эссе жазу. Еңбек етуді құмырсқадан үйрену керек... Өйткені құмырсқа еңбекқор жәндік. Ол өз салмағынан он есе ауыр жүкті оп-оңай сүйретеді. Біреуінің әлі келмесе, қалғандары көмектеседі.
Бұл- пайымдау мәтіні.
Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды.Сергіту сәті.Шырша биі178 - жаттығу.1. Іштен оқыту.2. Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою. - Қандай сөйлемдер оқыдыңдар?- Сұраулы сөйлем қалай оқылады?VІІ . Дәптермен жұмыс. 177 - жаттығу.Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем құра.
- Сабақтың басталатынын уақытын ;- Сабақтағы кезекші есімін;
-Асқардың сабаққа кешігу себебін;- Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны .Шығармашылық тапсырма.Қар жауады қалай?Кімдер? жүр шапалақтап,Балалар не? киедіНе? беттен сүйеді.
Шығармашылық тапсырма.
Сөйлемдердің тыныс білгісін қой.Сен қайда тұрасың Апам дүкеннен келді
Мен мектепке келдім
Құстардың түрі өте көп
Екі көзің не үшін керек
Тапсырмаңда қандай сөйлемдер кездесті ?
«Тез ойлан!» ойыны. Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отырып калады, сұрақ белгісі болса қол соғады, ал леп белгісі болса аяқты еденге ұрады.
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Астана – Отанымның жүрегі.
Ыстық қой, шіркін, туған жер!
Сен бүлдірген тергенді ұнатасың ба?
Алма ағашының ар жағында шие өсіп тұр.
Сонымен, бүгінгі сабақта сұраулы сөйлем туралы білдіңдер. Келесі сабақта әлі де үйренетін боласыңдар.Рефлексия. Ұнады немесе ұнамады.
ХІ. Үй тапсырмасы 179-жаттығуХІІ. Бағалау