?аза? тілі С?раулы с?йлем 2 сынып
Сыныбы: 2 «б» Күні: 25.11.15. Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы Сұраулы сөйлем
Мақсаты
сұраулы сөйлемнің айтылу мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылардың сөздік қоры молаяды, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптасады, оқушылардың байқампаз іскерлігі, шығармашылық ойлау қабілеттері артады. Ауызбіршілікке, ұстамдыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиеленеді.
Қоданылатын
әдіс-тәсілдер
Топтық жұмыс, постермен жұмыс, өзін-өзі бағалау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Тұсаукесер Оқушылармен амандасу.
Психологиялық дайындық.
Топшамадағы сұрақтар арқылы топқа бөлінеді, сол сұрақтарға біртіндеп жауап алынады.
Әр жауапқа жұлдызша алып отырады.
(Үйге қандай тапсырма берілді?)
Үй тапсырмасын қайталау.
174- жаттығу
Хабарлы сөйлем.
Өткен тақырыпты бекіту- Біз мәтінді неден, қалай құрадық? (сөйлем)- Сөйлем дегеніміз не?- Сөйлем соңында қандай тыныс белгі қойылады?- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
(Бүгін ауа райы қандай?
Бүгін аптаның қай күні?)
-Балалар мен манадан бері не істедім?
- Сұрақты не үшін қоямыз?
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
«Әли мен Айя» мультфильмін қарау.
Амандасып,өздерін сабаққа дайындайды.Сәтті болсын талабыңҚайда кітап, қаламың?Дайын болсаң жас ұлан!Күлімдеп қара сен маған.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Бүгін ауа райы қандай?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Бүгін нешесі?
Жоспар бойынша әңгіме құрау.
Жалғыз басты әжей.
Кішкентай қамқоршылар.
Балалардың әжейге көмегі.
Мереке күндері.
-Сұрақ қойдыңыз.
- Жауап алу үшін.
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
«Әли мен Айя» мультфильмінен сұраулы сөйлемдерді табу.
Негізгі бөлім
(Бүгін нешесі?)
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу (Тт , тау )
- Бүгінгі сабақта табиғат әлеміне саяхат жасаймыз.
Оқулықпен жұмыс.
175- жаттығу
Әр топ өлеңнің екі жолынан оқып, сұраққа жауап береді.
176- жаттығу (тақтамен жұмыс)
Сергіту сәті.
177-жаттығу
Постермен жұмыс
Топтық жұмыс
178-жаттығу
«Кім тапқыр?» ойыны.
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқы және салыстыр.
Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
Мәтінді түсініп оқып, сұраулы сөйлемді көшіріп жаз.
Құраған сөйлемдеріңді жаз. Бұл қандай сөйлемдер?
Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстыру.
Әр топ екі жолдан оқып, салыстырады.
Оқушылар өз тобынан шыққан оқушыға сұрақ қою арқылы суреттегі затты табады.
Қорытынды
Үйге тапсырма. 179- жаттығу, ереже жаттау. Мадақтау. Бағалау.
Жинаған жұлдызшаларын санап қорытынды жасау.«5»- 6-9
«4»- 5- 3 жұлдызша