Бастауыш сыныптарына арнал?ан: Логикалы? тапсырмалар


2-сынып
№ 1 тапсырма 1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша.Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
3. Әсет Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Әсетті 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе-тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?4. Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?
5. Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше конфет алып жеді. Мұны көрген Дариға екінші қораптан бірінші қорапта қанша қалса,сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің саны қанша болмақ?
6. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
7. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?
8. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?
9. Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады?
10. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім?
№ 2 тапсырма Өрнектің мәнін тап.
1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалылар ше?
2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
3. Қосындысы 9-ға тең болатын барлық есептерді жаз.
4. Алғашқы он натурал санды жаз және олардың ішінен барлық жұп сандарды ата.
5. Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Ең кіші төрт таңбалы саннан бірлікті алғанда үш таңбалы сан шығуы керек. Ол қандай сан?
7. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады?
8. Алдында сан болмайтын натурал санды жаз.
9. Мына өрнектерді жаз және айырмашылықтарын салыстыр: 88–36, 88–31, 88–35.
10. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.
№ 3 тапсырма Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 30 бен 13-тің айырмасынан 8-ді азайт.
2. 7 мен 6-ның қосындысына 9-ды қос.
3. 8 бен 4-тің қосындысы 11 мен 6-ның айырмасынан қаншаға көп?
4. 33-ке 16 мен 9-дың айырмасын қос.
5. 16 мен 8-дің айырмасын 7-ге арттыр.
6. 21 мен 29-дың қосындысын 22 мен 12-нің айырмасынан кеміт.
3-сынып
№ 1 тапсырма 1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?
3. Сыныптағы 25 оқушының 17-сі ағылшын тілін, кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша?
4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?
6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне – 4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
8. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
9. Назым, Майра және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.
10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?
11. Қорапшада барлығы 15 шар жатыр: қара, қызыл, және ақ. Ақ шарлар қарасынан 7 есе артық. Неше қызыл шар барын табыңдар.
№ 2 тапсырма Өрнектің мәнін тап.
1. Қандай сан 5-тен 8 есе көп болады?
2. 45 санын 9 есе кеміт.
3. 36 мен 4-тің бөліндісін тап.
4. 8 бен 3-тің көбейтіндісін тап.
5. Бөлінгіші – 32, бөліндісі – 4. Бөлгішті тап.
6. Бірінші көбейткіш – 6, көбейтінді – 30. Екінші көбейткішті тап.
7. Қандай санды 7-ге бөлгенде 8 шығады?
8. 50 саны ойланған сан мен 5-тің айырмасына тең. Ойланған сан неше?
9. 32 шығуы үшін қандай санды 4-ке арттыру қажет?
10. Азайғышы – 61, айырмасы – 18 болғанда өрнектің азайтқышы нешеге тең болады?
№ 3 тапсырма Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 46 мен 31 сандарының айырмасын 5 есе кеміт.
2. 60 пен 40-тың қосындысын 5 есе арттыр.
3. 28 санын 12 мен 9 сандарының айырмасына көбейт.
4. 9 бен 5-тің көбейтіндісін 36-ға кеміт.
5. 24 санын 16 мен 8-дің айырмасына бөл.
6. 54 пен 6-ның бөліндісін 37-ге арттыр.
4-сынып
№ 1 тапсырма 1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 және 5 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
6. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелердегіден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
7. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы ақша қосса, 680 теңге болар еді. Әмиянда қанша ақша болған?
8. Бір санды 6-ға көбейтудің орнына 6-ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
9. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
10. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?
№ 2 тапсырма Өрнектің мәнін тап.
1. 8 бірл.ІІІ кл, 204 бірл. ІІ кл, 7 бірл. І кл тұратын санды жаз.
2. 7 бірл. 6-шы разрядта, 3 бірл. 5-ші разрядта, 2 бірл. 3-ші разрядта және 9 бірл. 1-ші разрядта тұратын санды жаз.
3. Қосындысы 1000-ға тең үшінші қосылғышты тап. Мұнда бірінші қосылғыш – 450, екіншісі – 380.
4. 480 саны ойлаған саннан 30 есе артық. Ойдағы санды тап.
5. 5-тің кубын тап.6. Сегізден бір бөлігі 15-ке тең болатын толық санды тап.
7. Бөлінді 11-ге тең. Егер бөлгіш те 11-ге тең болса, бөлінгіш нешеге тең болмақ?
8. Қандай санды бөліндіде 12 шығу үшін 40-қа бөлу керек?
9. 87323 санында неше жүздік бар?
10. Мыңдықтар класында 346 бірлігі бар санды жаз.
№ 3 тапсырма Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 16 мен 14 сандарының қосындысын 13-ке кеміт.
2) 42 мен 20 сандарының айырмасын 4 есе арттыр.
3) 6 мен 6 сандарының көбейтіндісін 7 мен 8 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
4) 350 мен 7 сандарының бөліндісін 21 мен 29 сандарының қосындысына кеміт.
5) 6 санын 40 пен 30 сандарының қосындысына көбейт.
6) 920 мен 870 сандарының айырмасын және 360 пен 190 сандарының қосындысын қос.