Коучинг по казахскому языку на тему «?аза? тілі саба?ында?ы жа?а ?діс- т?сілдерді? тиімділігі»
№111 гимназия
Бейсембаева Г.С., Сагимбекова А.А.
Коучинг - сессия тақырыбы:
«Қазақ тілі сабағындағы жаңа әдіс- тәсілдердің тиімділігі»
Жалпы мақсаты:
7 модульді енгізудің тиімді жолдарымен таныстыру
- Оқытуда 7 модульді ендіре отырып, қысқа мерзімді жоспар құрудың ерекшеліктерімен таныстыру .
Оқытудың нәтижесі:
Мұғалім:
- 7 модуль теорияларын игере отырып, сабақта тиімді қолдануға үйренеді.
- Қысқа мерзімді жоспар құру ерекшеліктерін игеруге дағдыланады.
Ұйытқы ойлар: 7 модульді кіріктіру арқылы қысқа мерзімді жоспардың тиімділігін арттыру
Тапсырмалар:
Тренинг: «Танысу»
Топқа бөлу. (Мозаика тәсілі бойынша сабақ жоспарын жинау)
Коучинг дегеніміз не? (анықтамасымен таныстыру)
Миға шабуыл:
Видеосюжет көру – «Қоян және бұғы».
Талқылау сұрақтары:
а) Қоян кімнің бейнесіне ұқсайды?
ә) Бұғы кімнің бейнесі деп ойлайсыздар?
б) Сабақты тиімді жоспарлау үшін не қажет?
Теория: Презентация «Қазақ тілі сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі».
Блум таксономиясы- топтық жұмыс. Мұғалімдер Блум таксономиясын топпен құрып оны түсіндіреді.
Топтық жұмыс. Мұғалімдер берілген тақырыпқа сабақ жоспарын құрады:
А. 1-топ: Зат есім, оның жасалу жолдары
Б. 2- топ: Етістік, оның қолданылуы
С. 3- топ: Одағай, оның түрлері
Д. 4- топ: Сын есім, сапалық және қатыстық
Е. 5-топ: Қаратпа сөз.
Өзара бағалау. Әр топ басқа топтың жоспарына баға береді.
Видеосюжет: «Бәрі сенің қолыңда».
Рефлексия
Мұғалімдер анкетамен жұмыс жасайды.
Әдебиет: www.cpm.kz нұсқаулық