?аза? тілінен саба? жоспары. Та?ырыбы: Мені? анам1-сынып
САБАҚ.
Тақырыбы: Менің анам Мектебі:
СЫНЫП: Мұғалімнің аты-жөні:
Күні: Қатысқандар : Қатыспағандар:
Оқу мақсаттары 1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну;
1.2.2.1 Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен ойын білдіру.
1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.
1.5.1.5 Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: ақылды,әдемі,күшті сөздерін отбасы мүшелерін сипаттауда қолдана алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: сұрақтарға жауап бере алады, отбасы мүшелерінің атын атай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:отбасы мүшелерін сипаттауда басқа да сөздер қатарын орынды қолдана алады.
Тілдік мақсат Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер,тақырыпқа байланысты лексикалық тірек сөздер: әдемі, күшті, ақылды.
Алдыңғы оқу: "Доп лақтыру " әдісі. Өткен тақырыпқа байланысты үш тілде сөздерді айту.
ЖоспарБЛУМ Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері РесурстарБілу Басы 1. Мұғалім сынып назарын сабаққа аударады.
Шаттық шеңбері
Қол алысып қане біз,
Достасайық бәріміз.
Қайырлы күн жер Ана!
Қайырлы күн достарым.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Үнтаспадан 1-тапсырмадағы сөйлеу үлгілерін тыңдатады.(Менің анам әдемі.Менің әкем ақылды) Берілген үлгі бойынша оқушылар әдемі сөзін еске түсіріп, ақылды, күшті сөздерімен танысады.Жаттығады.
Критерийі:Тыңдаған материалдың кім,не екенін түсіну.
Дискрипторлар:
1. Сөздерді атай алады.
2. Басқа отбасы мүшелеріне қатысты қолдана алады.
Қалыптастырушы бағалау "Бағдаршам"
2-тапсырма. Кесте арқылы аға-әпке,іні- қарындасы туралы (бар/жоқ екенін) айтуды үйренеді
Критерийі: отбасы мүшелеріне қатысты бар/жоқ екенін айту.
Дискрипторлар:
1.Аға-әпке,іні- қарындасты ажырата алады.
2.Тәуелдік жалғауды қолдана алады.
Қалыптастырушы бағалау."Бас бармақ"
Оқулық
Аудиодиск
3.2.1.;3.2.4.
Түсіну 3-тапсырма."Дара құты" әдісі. Мәтін бойынша әр топ постер қорғайды .
Отбасы мүшелері
көлігі
Критерийі:Отбасы мүшелерін топтастыру.
Дискрипторлар:
1. Суреттерді пайдаланып, отбасы мүшелерін ажыратады.
2. Сөздерді жатқа қайталайды
3. Мәтіндегі сөздерді түсінеді.
Қалыптастырушы бағалау. " Жұлдызша "
Қолдану 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді.
Критерийі: Үлгі бойынша отбасы мүшелері туралы сөйлесу,үш сөдзі ағылшын тілінде айту.
Дискрипторлар:
1.Отбасы мүшелеріне қатысты сөздерді орынды қолдана алады.
2. Ана,әке,ата, әже сөздерін ағылшынша айта алады
Қалыптастырушы бағалау. Смайлик
Сергіту сәті
Бас бармақ –әкемБалаң үйрек-шешемОртан терек-апамШылдыр шүмек-әпкемКішкене бөбек-менБір үйде нешеуміз?Бір үйде бесеуміз
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
.
Кері байланыс "Текше лақтыру"әдісі арқылы оқушылар сұраққа жауап береді
Текше
Рефлексия Оқушыларға арнайы дайындалған қағаздар таратылып, аттарын жазады . Парақты толтырады."Не керек? Нені үйрендім?Не керек емес?
Парақтар
Қорытындылау 1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? Қорытынды бағалау
Ең жақсы екі нәрсе не?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2: