?аза? тілінен ??стар атты саба? жоспары 6 орыс сынып


15.12.15 6 « б» сынып Қазақ тілі
1 Сабақтың тақырыбы Құстар
2 Сабақтың танымдық мақсаты Құстар және олардың пайдасы туралы түсінік беру, құстарға қамқоршы бола білуге баулу. Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой-өрісін кеңейту. Танымдық қабілетін арттыру.
3 Сілтеме Уикипедия материалдары.
4 Дереккөздер мен жабдықтар Тақырыпқа сай слайдтар,видеоролик,құстар суреті.
5 Күтілетін нәтиже 1.Жабайы және үй құстарып ажыратып,пайдасы туралы түсінік алады.
2.Құстарды қорғауды үйренеді.
3.Бірлесе жұмыс істеуге үйренеді..
6 Сабақтың әдісі Сын тұрғысынан ойлау әдістері
Кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Мотивациялық кезең. Психологиялық дайындық.
Жылу шеңбері» тренингі.
- Балалар, алдымен амандасайық.- Балалар, іс - әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің - біріміз жылуымызды сезінейік.Армысың, алтын күн,Армысың, асыл жер.Армысың, көк аспан,Армысың, жан досым.Жылуыма жылу қос,Міне, менің қолым. Үй жұмысын тексеру. Грамматиканы қайталау.
«Ұшақ ұранмен » тәсілі.
Топқа бөлу.
Құстардың суреті бойынша топқа бөлу.
1 топ; Үй құстары.
2топ; Қыстап қалатын құстар
3 топ; Жыл құстары
- Балалар назарын мұғалімге аударады.Балалар амандасады.Балалар бір - біріне қолдарын беріп жылуларын сезінеді.
Оқушылар қағаздан ұшақ жасап, бір-біріне өтілген грамматикалық сұрақ жазып, ұшақты ұшырады. Оқушылардан жауап алынады.
Оқушылар қолдарындағы құстардың суреті бойынша 3 топқа бөлінеді.
Құстардың суретін таңдау арқылы оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.
.
Операциялық кезең.
Рефлексия.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Жаңа сабақ.
Құстар туралы бейнежазба көрсету.
Тұжырымдамалық карта бойынша топтастыру:
Құстар туралы не білеміз?
1.Қандай құстарды білесіңдер?
2.Жабайы құстарды ата.
3.Үй құстарын ата.
4.Құстарға қандай қамқорлық жасай аламыз?
1-тапсырма: «Құстар еліне саяхат»
1-топ:Үй құстары туралы.
2-топ: Жыл құстары.
3 топ; Қыстап қалатын құстар
2-тапсырма:
1-топ: «Адасқан сөздер» әдісі бойынша шашыраңқы сөздерден сөйлем құрайды.
2-топ: «Тыңдап отырған Үштік» әдісі бойынша үй құстары мен жабайы құстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазу.
3-топ: «Құстар қалай дыбыстайды?»
Жалаң және жайылма сөйлемдер арқылы құстардың қалай дыбыстайтыны туралы сөйлемдер құрау.
3-тапсырма:
Жеке жұмыс:
1-оқушы:
Мәтінді орыс тіліне аудару. Сын есімді табу.
2-оқушы:
Аққу суретіне қарап,мәтін құрау.
3-оқушы:
Сурет бойынша сөйлемдер құрау.
Сергіту сәті. Құстар туралы бейнебаян көру.
4-тапсырма:
«Уақыт шеңбері»әдісі бойынша проблемалық сұрақтарға жауап беру:
1.«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не ұнады?
2. Блобтар арқылы өзін-өзі бағалау.
Өзін-өзі бағалау бетшелері бойынша барлық ұпайларын айту.
Мәтінді түсініп оқу.
Құстар-біздің досымыз тақырыбында шағын шығарма жазу.

Құстар туралы бейнежазбаны көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Топтық жұмыс:
1-топ: Үй құстары
2-топ: Жыл құстары
3-топ:Қыстап қалатын құстар .
Оқушылар жыл құстары, қыстап қалатын құстар және үй құстары туралы бұрыннан білетін білімдерін жазып,постер қорғайды.
1-топ: «Адасқан сөздер» әдісі бойынша шашыраңқы сөздерден сөйлем құрайды.,сөйлем мүшесіне талдайды.
2-топ: «Тыңдап отырған Үштік» әдісі бойынша үй құстары мен жабайы құстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазады.
3-топ: «Құстар қалай дыбыстайды?»
Жалаң және жайылма сөйлемдер арқылы құстардың қалай дыбыстайтыны туралы сөйлемдер құрайды.
Жеке жұмыс:
1-оқушы:
Мәтінді орыс тіліне аударады. Сын есімді табады.
2-оқушы:
Аққу суретіне қарап,мәтін құрайды.
3-оқушы:
Сурет бойынша сөйлемдер құрайды.
Шеңбер бойына отырып, проблемалық сұрақтарға жауап береді:
1.Табиғатты қорғау үшін сенің қосар үлесің қандай?
2.Құстар болмай қалса не болады? Ол үшін не істеуіміз керек?
Қорытынды бағаларын күнделіктеріне қойдырады.