?аза? тілінен орыс сыныбында саба? жоспары


Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі тіл, бірі – ділің жүректегі.
Жүсіп Баласағұні.
Қазақ тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлау
технологиясының элементерін қолдану
Бекова Жанар Дуйсембаевна учитель казахского языка и литературы в русской школе
Государственое учрежедение «Мариновская средняя школа отдела образования Атбасарского района Акмолинской области»
Мен ,Бекова Жанар Дүйсембайқызы 1987 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын аяқтадым.
Еңбек өтілім 18 жыл. Осы
уақыт аралығында орыс мектептерінде қазақ тілін жүргізіп келемін. Орыс
мектептерінде қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап
етеді.Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана
тілі мен қазақ тілінің арасындағы әрқилы ұқсастықтарын ,айырмашы -лықтарын есепке ала отырып , соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ
табысты да тиімді болады. Қазақ тілін үйретудің түпкі мақсаты-оқушыларға қазақ тілін меңгерту,ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу,қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын таныпталаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды,табиғатты, айналадағы құбылысты,тыныс-тіршілігімен жан- жақты терең таныстыру.
Оқушы санасына білімді және жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгей-
лерін дамытуда М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының
маңызды екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз
бетімен жұмыс істеуге , қорытындылар жасауға , жүйелі білім алуға жете-
лейді. Өзін-өзі және өзгені де бағалай білуге үйретеді. Мен өз сабақтарымда
осы модульдік технологияның элементтерін қолданамын.Сөздікпен жұмыс
кезінде оқушының шығармашылығы ,мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін ,сөйлем
дерге сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыруға
болса,жаңа материалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе сурет
тірек конспектілері арқылы жеткізуіне ,жаңа тақырыпты бекіту кезінде өз
пікірін шағын шығарма,өлең,жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу арқы-
лы беруге болады. Сонымен қатар мен өз сабақтарымды сыни тұрғысынан
ойлау әдістерін қолданып өткізіп жүрмін. Оқушыларға сабақта қазақша
дұрыс сөйлеуге ,оқуға ,сауатты жазуға,ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі
Мен сіздерге ұсынып отырған сабағым 4-сыныпта сыни тұрғысынан ойлау
әдісімен өткен сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар.
Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойындармен таныса отырып,ұлттық ойындарды ойнату.
Міндеттері:1.білімділік: Ұлттық ойындармен таныстыру,қазақ тіліне тән
дыбыстарды дұрыс айту,білімдерін бекіту.
2.дамытушылық: Тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс айтуға дағдылан-
дыру ,шығармашылықпен жұмыс істей отырып,сөздік қорын молайту, тіл
байлығын арттыру,топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
3.тәрбиелік:ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру,ойындар
арқылы әдептілікке баулу.
Қолданылған стратегиялар: Ой шақыру,топтастыру,бес жолды өлең,жигсо-1
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Жылулық шеңбері.Оқушыларды ортаға шақырып, бір-бірінің қолынан ұстап
Ең жақсы сөздерді бір-біріне айтып шығуын сұраймын.
Мысалы: Саша, сен ақылдысың. Марина ,сен менің жақсы досымсың.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Сыныпты топқа бөлемін.
2.Қызығушылығын ояту.
Ой шақыру.Ойындар сөзін естігенде ,көз алдарыңа не елестейді? Жеке
Тізім жасап, жұпта ой бөліседі,топта пікірлесе отырып, ортақ ойларын
жинақтап, ортадағы үлкен қағазға топтастырады.
3.Әр топтан бір немесе бірнеше бала шығып қағаздағы суреттерін әңгімелеп
береді.
4.Мұғалімнің сөзі. Қазақтың ұлттық ойындары туралы айтып өту.
Мағынаны ажырату сатысы
Әр топқа сұрақ қойылады. Ұлттық ойындардың қандай маңызы бар?
Ұлттық ойындар нені қажет етеді? Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Сабақ үш айналымнан тұрады. Әр айналымда асық иіріледі.Қай топтың түсі-
не сәйкес асық түссе ,сол топ ойынды бастайды.
Әр топ ойыншылары өздеріне ұнаған конверт түсін таңдап алады,ішіндегі бе-
рілген тапсырма шарттарын орындайды.Дұрыс орындаса ,өз тобына сәйкес
қызыл,жасыл, көк түсті боялған асықты алады.
Екінші айналым.Сергіту сәті.(Теңге алу) ойыны.Ойыншылар билеп,музыка
ырғағымен шеңбер бойы билейді.Күй тоқтағанда ортадағы теңге түйілген
орамалды алады.Орамалды алған ойыншыға сұрақ қойылады.
Мәтінмен жұмыс.Бес жолды өлең стратегиясын қолдану.Мәтіннен бір
зат есім тауып жазу.Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
Синоним сөздерді тап.Төрт сөзден құрылған сөйлемді ата.топ сөзіне антоним
тап.Үшінші айналым.Дыбыстар әлемі. Мәтіннен бір топ жуан дауысты ды-
бысты сөздерді тауып жазу,екінші топ жіңішке дауысты дыбысты сөздерді
тауып жазады.Қай топ көп мысалдар айтса ,сол топ асығын алады.
Ойын өткізу. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Мариновка орта мектебінің 4- сынып оқушысы жоғалып кетті. Оның үстінде
қара форма ,ақ фартук бар. Оның шашы сары,көзі көк,бойы қысқа,өзі көңілді
бала.Оқушылар бұл қай оқушы екендігін анықтайды.
Сабақтың қорытындысы:
Жигсо-1 стратегиясын қолдану.
Не білдім? Не білемін? Не білгім келеді? Таблицасын қолдану.
Оқушылардың топ бойынша жинаған асықтарын санап ,білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасы: қосымша әдебиеттен ұлттық ойындар туралы мәлімет жинау.