А?ылшын тілі п?нінен саба? жоспары. Та?ырыбы: What does your father your do?
Ағылшын тілі. 5 сынып
Тақырыбы: What does your father do?
Сабақтың мақсаты : Ағылшын тілінде мамандық атауларымен жұмыс жасау.Жаңа сөздермен жұмысты жандандыру.Оқушылардың тілдік дамытуын диалог арқылы сөйлетіп,пәнге қызығушылығын арттыру.
Сілтеме: Оқулық авторы: Т.Аяпова, Д.Ұқбаев 5-сынып Ағылшынша-қазақша сөздік
Ресурсы: Мазмұнды сызба, маркер, смайлик
Күтілетін нәтижесі: ағылшын тілінде мамандық атауларымен танысады, ай аттарын айтуды үйренеді
Түйіндіидеялар: оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау,түсінігін толықтыру
Сабақты өту кезеңдері Мұғаліміс-әрекеті Оқушыларіс-әрекеті
1.Org.moment
2.Психологиялық хал-ахуалды қалыптастыру Мұғалім ағылшын тілінде ұйымдастыру тәсілін жасайды-Бірлесіп жұмыс жасау атмосферасын қалыптастырады Оқушылар бір-бірімен ағылшын тілінде сәлемдеседі, кезекші тұрып,сыныпта кім жоқ екенін анықтайды
Оқушыларды топқа бөлу Оқушыларды түрлі-түсті қағазға жазылған сандар бойынша топқа бөледі Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Оқушылар білімін бақылау.Ой қозғау. Бүгінгі сабақтың мақсатын ашу үшін 4-тапсырмадағы сурет бойынша мамандық атауларымен танысады .Жаңа сөздер:
An operator-оператор, a musician- музыкант, a doctor- дәрігер, a bank manager-банк менеджері, a dentist- тіс дәрігері, a lawyer- заңгер, a teacher-мұғалім, a housewife-үй шаруашылығындағы әйел, a driver-жүргізуші Оқушылар жұп болып бір-біріне сұрақтар қойып, екінші оқушы оған жауап береді.Осылайша өзара диалогқа түсіп, бүгінгі сабақтың мақсаты ашылады. Әр оқушы мамандық иелерін айтуға дағдыланады
Бағалау критерийі Сабақты бастамас бұрын мұғалім бағалау критерийлерімен таныстырады. Өзін-өзі бағалау,топты бағалау,топ басшының бағалауы Оқушылар бағалау парақшаларын алады .
Жаңа білім
Жаңа сабақта 1-жаттығудағы ай аттарымен жұмыс жасайды.2-жаттығудағы диалогтың аудармасымен жұмыс жасап,жаңа сөздерді сөздік дәптерге жаздыртады.Жұп болып What does your father do?Сенің әкең немен шұғылданады?-деген сұраққа екінші оқушы He’s a teacher or He’s an engineer деп жауап береді. Сосын мамасын,әпкесін,ағасын немен шұғылданатынын сұрақ-жауап арқылы өзара диалогқа түсіреді
Оқушылар жұмыс дәптеріне жаңа сөздерді және ауызша диалогтардың аудармасымен жұмыс жасайды.Жұп болып ортаға шығып,сенің әкең, мамаң,ағаң, әпкең немен айналысады? Сұрақтарына екінші оқушы оған жауап береді,осылайша диалогқа түседі
Түсіну
Джиксо әдісі Мазмұнды сызбаға 4-тапсырмадағы сурет бойынша сөйлем құрастырудың жолын үйретеді Оқушылар өздері мазмұнды сызбаға тапсырманы орындап, Джиксо әдісі бойынша топ бір-біріне жауаптарын алмастырады,әр оқушы мамандық атауларын жазып шығады
Сергіту сәті Жұп болып бір-бірінен нені жасай алатынын,нені жасай алмайтынын айтып шығады Оқушылар бір-бірімен сөйлесіп , үйренеді
Бекіту
Қарлы кесек әдісі
Тақырып бойынша қарлы кесек әдісімен жұмыс жасатады Әр топ қарлы кесек әдісімен әр оқушы парақшаға мамандық атауларын жазып,жауап алу үшін бір-біріне береді
Бағалау Топтың топты бағалау парағын толтырып,таныстырады. Өзін-өзі бағалау парағын толтыру Бағалау парағын толтырады
Рефлексия
Бағдаршам Жарайсыңдар! Бір-бірімізді мадақтайық (стикерге ойларын жазу) Бағдаршамдағы жасыл,сары,қызыл түстерді көрсету арқылы оқушылардың тақырыпты қандай дәрежеде түсінгендерін анықтайды.Осылайша келесі сабаққа жоспар құрайды Сабақтан алған әсерлерін стикерлер арқылы жазып қалдырады.”Екі жұлдыз, бір тілек”
Үйге біліп келу Ex:12page 84 жаңа сөздерді жаттау Оқушылар тапсырманы күнделікке жазып алады