Шортанбай ?анай?лы «Зар заман» ?ле?і та?ырыбында?ы ?аза? ?дебиеті п?ніне саба? жоспары (8 сынып)


Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№6 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Досанова Айтгүл Төлегенқызы
Сыныбы: 8-сынып
Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» өлеңі
Жалпы мақсаты- ХІХ ғасыр өкілі Шортанбай Қанайұлының өмірінен мәлімет алады. Өлеңдерінің мазмұнымен танысып, шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын ашады, ақынның өзіндік ішкі әлемін таниды.- Оқушылар өлеңге бүгінгі заман тұрғысынан қарап сөйлеуге, өзіндік көзқарасын білдіре алуға төселеді.- Оқушылар бойында ұлтжандылық қасиет дамиды, өз елін, жерін бағалай білуге үйренеді.Оқу нәтижелері:1. Оқушылардың сыни ойлауы дамып, бір-бірінің көзқарасын сыйлауға дағдыланады.2. Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтау, олқылықтарды сынамауға үйренеді.3. Тақырыпты талқылауда белсенділікпен қатысадыКүтілетін нәтиже
Оқушылар еркін ойлайды, рухани өседі.
Оқушы бір-бірінің шығармашылық дамуына мүмкіндік жасайды.
Шығармадағы тарихи шындықты мойындау барысында оқушы өзіндік ой түйіндейді, қазіргі Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым – қатынасы жайлы тереңірек біледі.
Түйінді идеялар: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен өлеңдерін оқи отырып заманның бір орында тұрмай үнемі өзгерісте болатындығына сыни тұрғыдан баға береді.
Деңгей Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар
Білім
Миға шабуыл
Іздену кезеңі   1. Шортанбай Қанайұлы туралы естігендерің бар ма?
2.  Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?3.  Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?4.  Бұл өз дәуіріне риза болмай, түңілуден, үмітсіздіктен, сары уайымнан туған ба?5.  Шортанбайдың осы бір  «зар заман» деген сөзі не себепті кейінгі бір тұтас дәуірдің атына айналды?
Түсіну
сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу 1. Шортанбай ақын қандай кезеңде өмір сүрген? Отаршылық заман қазақ өміріне қандай өзгерістер әкелді?
2. Шортанбай заман өзгерісін қалай түсінді және қалай жырлады?
3. «Зар заман» толғауында Шортанбай заманды неліктен «Зар заман» деп атаған?
4. Ақын заманның қандай өзгерістеріне шошына қарайды?
Қолдану
Топтық тапсырмалар:1) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.2) Өлеңнің тақырыбын ашуб) Ақынның айтпақ ойы не?3) Өлең жолдарында айтылған негізгі түйінге тоқталып, өз пікірлерін білдіру.
Бағынышты болғанша басың кетсін...
Зар заман
Отаршылыққа наразылық
Ұлттық сананы ояту
Жерден айырылмауға(сатпауға,жалға
бермеуге) үндеу
Құндылықты жоғалтпау (ұлдан-ұят,қыздан-әдеп...)
2. Сұғанақ болып ұмтылса,сыбағаң болса тұрып
ал...
3.Шортанбай ақынның ойынша заманды
аздырушылар кімдер?
Өз ойларыңды мына кестемен жүйелеп құрыңдар.
Заман
Үстем тап Қоғам
Хан
Би
Старшын Отаршылық саясат
Сауда
Ақша
Талдау
1.Өлең құрылысына қарай талдау
2.Көркемдегіш құралдарды табу
3.Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу Қайсыбірін айтайын, қазақтың ұлы қамалды...
«Зар замандағы» қайталанған эпифора сөз.
Шортанбай зары(Осы бір «Зар заман» деген сөзі не себепті кейінгі бір тұтас дәуірдің атына айналды.)
а) «Зар заман»
ә) «Тар заман»
б) «Бала зар»
в) «Опасыз азды ел неден»
г) «Байды құдай атқаны»
4. Толғау тіліндегі түсініксіз сөздердің түсіндірме сөздігін жасау. (Зар заман, қорлар мен зорлар, барлар, ақырзаман, бек, қазы, заманақыр, буыршын, қоңсы, жөргем, дәуренбексіп, азулы, азусыз, арам сулы балаға, орыс-бүркіт, біз-түлкі) т.б.
Жинақтау
Тақырып негізінде өздерінің ішкі түйіндерін қысқаша жазады.
Атасы топқа кірмеген сөзге салмас құлағын...
«Зар заманды» зерттеушілер (М. Әуезов, С .Мұқанов,
І. Жансүгіров , М. Мағауин т.б)
Бағалау Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілемін
Рефлексия Екі жұлдыз , бір тілек
Стикерлерді толтыру
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі
Үйге тапсырма 1. «Иман-жанның жарығы»
«Шортанбай поэзиясынан алар тағылым»(ойтолғау жазу)