?аза? ?дебиеті п?нінен М.Ма?атаев Фантазия та?ырыбында саба? жоспары


Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев « Фантазия »
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: М. Мақатаев өмірімен танысу, өлеңін меңгере отырып, ақын идеясын ашу, өлең арқылы қазақ халқының тарихымен жете танысу;
2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалар жинағы..
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» мазмұндау

ІІІ. Білім тексеру:
Сөз өнері дегеніміз не?
Әдебиеттегі тип пен түр деп нені айтамыз?
Лирика, лирикалық өлең туралы не білеміз?
Осы уақытқа дейінгі шығармалардан кейіптеу туралы не айтуға болады?
Пейзаж дегеніміз не?
Мұқағалидің табиғат туралы өлеңдерін кім атай алады?
Қандай жыр – жинақтарын білесіңдер?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.
(1931-1976)
ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді.
Мұқағали – жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.
Оқырман ақынның кез келген өлеңін бейтарап, салқын оқи алмайды. М.Мақатаев өзінің естелігінде былай деп жазыпты: «Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:
Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. 14 ақпан, 1976 ж».
Сөз жоқ, Мұқағали шығармалары оқушысының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Өздеріңе талдауға ұсынылып отырған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тебіренбей оқу мүмкін емес.

2. Ой шақыру стратегиясы бойынша ақын өмірі жайлы әңгімелесу.

Ақын1931-1976
Поэма, жинақ
Мұқағали

«Барлығы да Сүлеймен,
сендердікі» Нағиман.


«Мен таулықпын» Мақатай, Тиін.
«Қайырлы түн»
«Фантазия» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сөздікпен жұмыс:
Галилей, Коперник – жер мен жұлдыздарды зерттеген Еуропа ғалымы.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап.
Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған?
Өздерің бұрын оқыған қиял – ғажайып ертегілерді естеріңе түсіріңдер.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Салыстыру арқылы дәлелдеу.
Қиял – ғажайып ертегілер
Фантазия

VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. М. Мақатаев « Фантазия » өлеңін жаттау.