Халы? ауыз ?дебиеті. Т?рмыс-салт жырлары 5-6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс – салт жырлары. 5-сынып
Халық ауыз әдебиеті. 6-сынып
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тұрмыс – салт жырлары туралы түсінік беру, тұрмыс – салт жырларының түрлері, ерекшіліктері туралы түсіндіру. Мәтінді мазмұндай білу, баяндау дағдыларын дамыту, тіл байлықтарын арттыру.
Халықтың бай мұрасына сүйіспеншілік тудыру, сөйлеу дағдыларын дамыту, төрт түлікті қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер:мәнерлеп оқу, салыстыру, топпен жұмыс, баяндау.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау, амандасу, түгендеу).
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Кіріспе сөз: Қай халықтың болсын ауыз әдебиеті бар. Қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларына бай. Халық ауыз әдебиетін халық ауызша шығарып, ауызша сақтаған мұрасы. Шығарманың мазмұны халықтың есінде ауызша сақталған. Сөйтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Қазақ халқының тұрмысы, тарихы, сенімі халық ауыз әдебиетінде көрініс тапқан.
Мұғалім: «Халық ауыз әдебиеті – қайталанбас және өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар айғағы».
«Устное народное творчество – свидетель веков, неповторимый и своеобразный. В нем тайны и судьба народа».
Сұрақтар:
Ауыз әдебиеті қалай сақталған?
Ауыз әдебиеті ауызша сақталған.
Неге ауыз әдебиеті деп аталады?
Өйткені олардың авторы ұмытылып, шығармалардың мазмұны ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған.
Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (тұрмыс салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегі, айтыс, бата).
ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқулық мәтінімен жұмыс.
Мәтін бойынша берілген сөздікпен жұмыс:
Тұрмыс-тіршілік – быт, существование
Кәсіп – промысел
Төрт түлік мал – четыре вида домашнего скота
Ие – хозяин
Сәндік – красота
Табыну – преклоняться
Мырзалық – щедрость
Тыйым – запрет
Ұрсу – ругать
Өкпелеу – обидеться
Ысқыру – свистеть
Күн батқаннан кейін – после заката
Көзге түсірмеу – не показывать
Бөтен –чужой
Дауыс көтеру – повышать голос
Балағаттау, тіл тигізу – оскорбить
Бос ыдыс – пустая посуда
Аттамау- не перешагивать
Тебу – пнуть
Шымылдық – занавеска
Қол беріп амандасу – здороваться за руку
А) Лексикалық жұмыс орындау: 5-сынып
Сөздер синонимдер антонтмдер
Тұрмыс-тіршілік өмір өлім
Байлық Пайда Жеңілдету Міну кәсіп Кестемен жұмыс. Халық ауыз әдебиетінің түрлері. 6-сынып.
Тұрмыс – салт жырлары Мақал-мәтелдер, жұмбақтар Ертегілер Айтыс
Ә) өз қалаулары бойынша сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрастыру.
3. Оқулықтың тапсырмасын орындау. Мәтінге сүйене отырып, сұрақтарға жауап беру:
Тұрмыс – салт жырларында не суреттеледі?
Тұрмыс – салт жырларына қандай өлең- жырлар жатады?
Төрт түлік малға не жатады?
Төрт түліктің иесін атай аласың ба?
Төрт түлік малға арналған жырлардың ерекшеліктері қандай? Орыс әдебиетінде малға арналған жырлар бар ма?
4.Топпен жұмыс.
Мәтінге тірек сызба құрастыру. Әр сынып өз нұсқасын қорғап шығуы керек.
І V. Төрт түлік туралы түсінік беру
Оқулықпен жұмыс.5-сынып
Төрт түлік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу. Хрестоматия материалдарын да кеңінен пайдаланып, берілген кестені толтыру.
Кестену толтыру:
Төл атауы Төл енесі Төлді шақыру
Қима қағазбен жұмыс.6-сынып
Әр төрт түлік малға мінездеме беріңдер.
V. Сабақты бекіту: қазақ халқының тұрмысы, тарихы, сенімі халық ауыз әдебиетінде көрініс тапқан. Халық ауыз әдебиеті адамды жақсылыққа, өз жерін, Отанын сүюге үйретеді. Ата – бабамыздан қалған мұрамызды қолдан келгенше сақтап, құрметтеп, көрсете білуіміз керек.
VI.Сабақты қорытындылау, бағалау.Түлік атауы Төл атауы Не істейді?
түйе бота Маң-маң басады, шудаларын шаң басады, екі өркешін қом басады, төрт аяғын тең басады. Тілін тікен теспейді, алаботаны жейді, үйді жүктейді.
Интерактивті тақтада:
Төрт түлікке қатысты тыйым сөздерді естеріңе сақтап алыңдар! Айдарымен тыйым сөздер көрсетіледі, оқушылар дауыстап оқиды, мұғалімнің көмегімен мағынасы түсіндіріледі.
Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды – иесі (пірі) өкпелейді.
Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.
Жатқан малдың үстінен аттамайды.
Жас малдың тістерін санамайды.
Күн батқанан кейін қорадан мал шығаруға болмайды.
Малды аяқпен теппейді.
Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың немесе ши қораның ішінде ұсталады.
Қой боздап жатқанда біреуге мал сыйламайды және сатпайды.
Мал сауғаннан кейін қол жумай, бөтен адаммен қол беріп амандасуға болмайды.
VIІ. Үй тапсырмасы: Өздеріне ұнаған өлеңдерін жаттау, кез келген бір түлік туралы толық мәлімет жинап, шығармашылық жұмыс тапсыру. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не? Түсінік беру.
VIIІ. Рефлексия
Сабақ мазмұны бойынша өз-өздеріңе қандай сұрақтар қояр едіңдер?