Халы? ауыз ?дебиеті (6 сынып)


1 тоқсан
Сыныбы: 5- сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті
Сабақтың міндеті мен мақсаты:
А) Білімділігі: оқушыларға халық ауыз әдебиеті туралы түсіндіру, тақырыптың толық мағынасын ашып, меңгерту;
Ә) Тәрбиелігі: көркем әдебиетті сүйіп оқуға, әдебиет өнерін бағалай білуге тәрбиелеу;
Б) Дамытушылығы: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка
Пайдаланылған әдебиет: қазақ тілі (оқулық)
Сабақтың тақырыбы:
Ұйымдастыру
Үй жұмысын сұрау
Сабақты түсіндіру
4. Тапсырмалармен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру
7. Бағалау
1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
2. Үй жұмысын сұрау: үйге берілген тапсырманы тексеру, өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнын сұрау
3. Сабақты түсіндіру:
Фольклор – халықтың ауызша тудырып, ауызша таралып, ауызша сақталып келген шығармашылық өнері. Ол жазу, сызудан бұрын пайда болған. Халық өз ұрпағына қоршаған әлем, өмір туралы түсінік-танымынауызекі түрде сөз немесе музыка өнерлері арқылы жеткізіп отырған. Оларды фольклор деп атаған.
Фольклор – ағылшын сөзі, «халықтың ауызша шығарған шығармасы» деген мағынаны білдіреді.Фольклордың музыкалық фольклор және әдебиет фольклоры деген түрлері бар. Әдебиет фольклорын ауыз әдебиеті деп атайды.
Халық ауыз әдебиеті жазба әдебиетінен бірінші пайда болған. Жазу, сызу жоқ кезде адамдардың арма-қиялынан туындаған шығарамалар халықққа ауыз әдебиеті арқылы тарап, ұрпақатан ұрпаққа жетіп отырған. Ауыз әдебиеті шығармаларының тілі көркем, сұлу әрі бай.
Ауыз әдебиетінің түрлері өте көп. Оның негізгілері мыналар: тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, батырлар жырлары немесе эпостық жырлар, ғашықтық жырла немесе лиро-эпостық жырлар, айтыс өлеңдер, аңыз әңгімелер және т.б.
4.Тапсырмалармен жұмыс:
Мәтіндегі бұрын кездеспеген қиын сөздердің мағынасын ашып түсіндіру
фольклор-ауызша шығарылған халық шығармасы
қадым – баяғы, ертедегі
көлтауысар – ертегілердегі қаһарман
самұрық – ауыз әдебиетінде айтылатын алып құс
эпостық жыр – батырлар туралы жыр
лиро-эпостық жыр – ғашықтық туралы жыр
аңыз әңгіме – әдеттегіден тыс айрықша оқиға туралы әңгіме
Берілген сабағатты дәптерлеріне жазғызып қою.
Берілген сұрақтар жауап беріп, тапсырмаларды орындату.
Фольклор мен ауыз әдебиеті бір ұғым ба?
Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар?
Ауыз әдебиеті шығармаларының түрлі нұсқада кездесуі не себептен?
Мына жоспар бойынша әңгімеле:
а) Ауыз әдебиеті – халық өмірінің шежіресі;
ә) Ауыз әдебиеті – тәрбие құралы;
б) Ауыз әдебиетінің түрлері;
в) Ауыз әдебиетін неге халық ауыз әдебиеті деп те айтуға болады?
5.Сабақты бекіту, қорытындылау:
Фольклор дегініміз не?
Ауыз әдебиеті дегенді қалай түсінесіңдер?
Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

6.Үйге тапсырма беру:
Мазмұндау, сабағатты жаттату.
7.Бағалау: