С?кен Сейфуллин «А?са? киік» ?ле?і
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Сабақтың жалпы мақсаты: ақын шығармашылығымен таныстыру арқылы эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
Мазмұнға байланысты міндеті: өлеңнің мазмұнын меңгереді, қазіргі экологиялық мәселесімен байланыстырып талдайды, географиялық тұрғыдан түсінеді және әдебиет теориясынан мағлұмат алады.
СТО-ға байланысты міндеті: өздері меңгерген теориялық ұғымдарды саралай келе оқушылар өз пайымдары мен көзқарастарын білдіреді; табиғатты қорғау сезімінің қалыптасуына әсер етеді.
Топтық жұмыс түріне байланысты міндеті: оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді; бір-бірімен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап салыстырады; жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді.
Сабақтың әдісі: ассоциация, кубизм, болжам жасау кестесі, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс: география, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, Қазақстан картасы, киік пен бөкеннің суреті.
Қызығушылықты ояту сатысы (ассоциация)
-Оқушылар, мен сендерге 4-сыныпта өткен бір өлеңді оқимын. Сендер мұқият тыңдап, өлеңнің авторын еске түсіріңдер.
Үйден шығып балалар
«Жаз болды, міне!» десіп тұр.
Сағындырған жаз желі
Оңтүстіктен есіп тұр.
Жылы ескектің лебімен
Дүние балқып иіп тұр.
Сағындырған жаз әсерлі
Құшақтап беттен сүйіп тұр.
-Сәкен Сейфуллинің «Наурыз» өлеңі.
-Өте дұрыс. Ендеше, Сәкен туралы не білеміз? Ой шақырайық
Қоғам қайраткері
Сәкен
ақынсазгер
драматург
Мұғалім киіктің суретін көрсетіп: - Оқушылар мына суреттегі қандай аң?
-Киік
-Бүгін біз Сәкен ағамыздың осы бір сұлу аң туралы «Ақсақ киік» деген өлеңімен танысамыз.
Мағынаны ажырату сатысы (кубизм)
Өлеңде Бетпақдала туралы көп айтылады. Бірде киік, бірде бөкен деп суреттейді. Екеуінің қандай айырмашылығы бар? Бетпақдала туралы және сұрағымызға жауапты, өлеңге географияялық тұрғыдан мағлұматты осы пән мұғалімі айтып береді.
-Оқушыларлар, Бетпақдала-Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы.
Ең бірінші біз Сарыарқа қандай дала екенін айтып өтейік.
Сарыарқа батысында Торғай Үстіртімен, шығысында Шар, Аягөз өзені аңғарларымен шектеседі, оңтүсті гінде Тұран, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтарымен көмкерілген (картадан көрсетеді) Бұл аймаққа Қазақстанның ірі 6 облысы орналасқан. Олар: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар. Қысы суық, жазы ыстық болады, Пайдалы қазбаларға өте бай. Басты өзендері Есіл, Нұра, Сарысу.
Табиғат зоналары шөлейт және шөл зоналарымен көзге түседі. Қуаңшылық жерлер көп болғандықтан сор, сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрі кездеседі. Себебі олар шөлді қоңыр топыраққа өседі. Шөлейт өрісті мал жайылымына өте қолайлы. Тұз тағысы ақбөкен де кең даладан жай тапқан. Киік-аталық, бөкен-аналық жануар. Негізгі мекені – Бетпақдала. Ол Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан. Елді мекенсіз шөл дала. Шөлге төзімді киіктер ғана мекендейді.
Мұғалім: - Географиялық тұрғыдан біраз мағлұмат алсақ, енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып, талдау жасайық. Алдымен өлеңнің құрылысына назар аударайық.
Ар/қа/ның/Бет/пақ де/ген/да/ла/сы/бар, 11а
Бет/пақ/шөл,/ой/лы/-қыр/лы/па/на/сы/бар.11а
Сол/шөл/де/ел/жоқ/,күн/жоқ/өсіп/-өн/ген, 11б
Жән/дік/тің/киік/де/ген/ба/ла/сы/бар. 11а
-Оқушылар, бұл ұйқас 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады. Сонымен қатар өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген. Мына өлең жолдарында айтылғандай, теңеу-зат пен құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы бейнелеу. Осы әдебиет теориясынан берілген мағлұматтарды ереже дәптерлеріңе жазып алыңдар. Ал енді топпен жұмыс жүргізіп, өлеңді «Кубизм» әдісі бойынша талдау жасаймыз.
Суреттеу. Өлеңде Сарыарқаның Бетпақ деген үлкен шөл даласы айтылады. Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жақсы көреді. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі. Шағын бұталардың өзінде де «қу баялыш» жапырақ болмайды.
Салыстыру. Өлеңде киік суреттеледі. Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу. Қазақтың басқа малына қарағанда Бетпақты құлан, киік көп мекендейді.
Зерттеу. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасына құралған. Көркемдегіш тәсілден теңеу кездеседі. Сол шумақты оқимын....Өлеңде сұлу аң киіктің аянышты тағдыры, адам қолынан жасалған қиянат айтылады. Оқиға жапан далада оқ тиіп жараланған бөкеннің шыбын жанын қоярға жер таппай мазасызданған сәтін суреттеумен аяқталады.
Байланыстыру. Өлеңде көтерілген экологиялық мәселелерді ақын осыдан жарты ғасыр бұрын айтса да, әлі де шешуін таппай келеді. Өлеңдегі
«Азайды соңғы кезде байғұс бөкен»,
«Мүйізін пайда қылып, шетке сатқан» деген жолдарда айтылғандай, адамдардың зиянкестік іс-әрекетінен олардың қатары мүлде смреді. Осы экологиялық мәселен өлеңнен көре отырып табиғатты қорғауға шақырамыз.
Саралау. Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені – адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аңды аяусыз атуы.
Келісіңіз немесе қарсы щығу. Ақын киіктің өлгені не өлмегені тралы бізге нақты мәлімет айтпаған. Ақынның басқа ойымен келісеміз.
Ой толғаныс сатысы «БҮҮ» әдісі
Білемін? Білгім келеді? Не білдім?
Бекіту сұрақтары
Сәкен Сейфуллин өмір сүрген жылдары
“Ақсақ киік” өлеңі не туралы жазылған
Жаралы киікті сипатта
Сарыарқаның орналасқан жері.
Киіктердің мекені.
Бетпақдаланың экологиясы
Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта Қадыр мырзалиевтің мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Аяймын мен анасыз, атасызды,
Аяймын, мен құлынсыз ,ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың –
Бауырыңа жасаған опасыздық.
Үйге: 1)өлеңнің ұнаған жерін жатқа оқу;
2) бөкеннің аянышты халін суреттеу;
3) «Табиғат және адам»тақырыбында эссе жазу.
Оқушы білімін бағалау
№ Аты -жөні Теориялық білімі Сөз қолданысы Өз көзқарасы Сұрақ-жауап
1 2 3 4 5 6 Ой толғаныс сатысы «БҮҮ» әдісі
Білемін? Білгім келеді? Не білдім?
Ой толғаныс сатысы «БҮҮ» әдісі
Білемін? Білгім келеді? Не білдім?
Ой толғаныс сатысы «БҮҮ» әдісі
Білемін? Білгім келеді? Не білдім?