Презентация на тему: Я горжусь тобой отец (рассказ про отца, поэта Зейнулла Шыраева)
Тарих – біздің кешегі өткеніміз. Бүгінгі күн – кешегінің жалғасы. Өлке тарихы – туған жердің тарихы. Өзін білімдімін, мәдениеттімін деп санайтын әрбір азамат ең алдымен өзінің кіндік қаны тамған жердің өткенін, тарихын жақсы білуі шарт. Өлкеміздің тарихы ежелгі Қазалы жерінің тарихынан бастау алады. Қазалы жері ана шеті – Тербенбес тауы (Сексеуіл) мен екінші шеті – Тереңөзек қонысы арасындағы аймақты қамтиды. Бұл қаланың Қазалы атануын әркім әртүрлі түсіндіреді. Соның ішінде көкейге қонымдысы: Қазалының «қаза» деген сөзден шыққандығы. Қаза сөзі кең ұғымда қолданатын біреудің дүниеден озуы емес. Қаза деп ертеректе балықшылар балық аулау үшін пайдаланған қарапайым құралды айтады. Ол кезде қазіргідей ау, қабадан, жылым сияқты жіптен тоқылған құралдар болмағандықтан, адамдар қамыстан оның ішінде нарлықта өскен жуан қамыстан қаза деген құралды жасап, ағысы бар жерді қоршап, сол арқылы балық аулаған. Балық ұстайтын қаза көп болғандықтан, бұл өңірді, шаһарды Қазалы деп атаған. Қалайда адамдардың өлім – жетіміне қатысты атау емес екені айқын. Әңгімемнің арқауы Қазалы қаласымен іргелес жатқан, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан - Абай ауылынан шыққан белгілі ақын - әкем Зейнолла Шыраевтың өмірі мен шығармашылығы. Абай ауылының қысқаша тарихына тоқталсам 1928 жылы «Қызыл Ту» артелі болып құрылған. Бұл кезде 46 жанұя болған. Халықтың білімін көтеру үшін бастауыш мектеп ашылып жұмыс істеген. 1936 жылы «Қызы Ту» «Бостандық» артелдері бірігіп, «Бостандық» колхозыдеп аталған. Сол уақыттарда колхозды Өтеген Жәрімбетов басқарған. 1940 жылы үш колхоз «Бостандық», «Бектау», «Жақсылық» бірігіп, «Абай» колхозы құрылған. Бұл кезде колхозда 7 жылдық мектеп ашылып, колхозды Бердалы Айымбетов басқарған.1950 жылы «Мәдениет», «Жаңарық», «Табанкөл», «Авангард», «Сартоғай», «Абай» колхоздары бірігіп, «Абай» колхозы боп қайта құрылды. Колхозды осы кезеңде Өмір Лекеров басқарды. Ұлы Абайдың есімімен аталған Абай ауылынан шыққан ел басқарған ағалар, ауыл экономикасын көтеруде ерен еңбек етіп, ел құрметіне бөленген съезд делегаты, ұзақ жылдар бойы шопан болған А.Орынбаев, ҚазССР колхозшылары І съездінің делегаты, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерінің иегері М.Жұмашев, жалынды жастар жетекшісі, агроном – механизатор Ж.Фазылбеков – бүгінгі күні аудан мақтанышы. Абай ауылындағы мұражай Абай ауылындағы мұражай Абай ауылындағы мұражай «Ел іші - өнер кеніші» демекші Абай ауылынан шыққан азаматтың бірі - әкем, белгілі ақын Зейнолла Шыраев.Әкемнің әкесі Асанов Шырай мен оның зайыбы Рәйла әжеміз Абай ауылына қарасты Сартоғай елді мекенінде тұрған, кейін келе 1940 жылдары Абай колхозына қоныс аударады. Сартоғай ауылы негізінен Қанысбек Төртқара аталығының жері. Абай колхозына қоныс тепкеннен кейін Шырай атам мен Рәйла әжемнің шаңырағында үлкен қуаныш болып, 1943 жылдың қаңтар айында әкем Зейнолла өмірге келеді. Әкесі Шырай ағаштан түйін түйген ұста болады. Әкеден жалғыз Зейнолланың бойына әке өнері дари туылған. Әкем Зейнолланың балалық шағы сонда өтіп, 7 жылдық мектептің табалдырығын 1953 жылы аттап, білім нәрімен сусындап, ұстаздарының арқасында білімі шыңдалады. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ Мұқағали, Қасым шығармаларын сүйсіне оқитын әкемнің алғашқы өлеңдері жазыла бастайды. 1959 жылы әкем Зейнулла мектепті «жақсы» деген бағамен бітіріп шығып, 7 жылдық білім алады. 1960 жылы Қазалы қаласындағы №34 Ауылшаруашылығын механизациялау училищесіне (УМСХ) оқуға түсіп, 1962 жылы «Кең профильді тракторист - машинист» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Абай ауылындағы ақын оқыған мектеп Ақынның балалық шағы Ақын жазбалары Ақын жазбалары Абай ауылындағы ақын оқыған мектептің қазіргі кезі Ақын білім алған №34 Ауылшаруашылығын механизациялау училищесі “ Ақынның жары болғаным үшін бақыттымын.“ Мәдина Шыраева Ақынның жары Ақынның ұрпақтары Қазіргі біздің қоғамымыздағы жастар өтірікке көп бой алдырмай, бұзақылық жасамай, бұқаралық ақпарат құралдарын көп оқып, қазақ әдебиетісаласында болсын, күнделікті қоғамда болсын халқына танылмай кеткен, өлең өлкесінде жыр жолымен жанып өткен әдебиет әлемінің ақын – жазушыларын көптеп білсе нұр үстіне нұр болар еді. Әкемнің ақындық жолын келер ұрпаққа зерделеу - перзенттік парызым.