Математика 1,2,3,4 сандарды ?осу ж?не азайту кестесін ?айталау 1-сынып


Пән Математика 1 «Ә» сынып 23.01.2015
Сабақтың тақырыбы: 1,2,3,4 сандарды қосу және азайту кестесін қайталау
Жалпы мақсаты: 1,2,3,4 санын қосу және азайту кестесін қолдану, математикалық тілін дамыту,ойлау қабілетін арттыру, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру арқылы ұқыптылыққа тәрбиелеу
Оқушылар
үшін оқу нәтижелері: 4 көлеміндегі сандарды қосу және азайту кестесін қолданады.
Қызығушылығы артады
Танымдық қабілеті дамиды.
.
Көрнекілік: Оқулық, флипчарт, үлестірмелі қима қағаздар
Тапсырмалар: Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге құрметпенен біз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Оқушылар топпен отырады.
І.топ - «Қосылғыштар»,
ІІ.топ- «Азайтқыштар»,
ІІІ.топ- «Өрнектер»,
ІV.топ- «Таңбалар».
II.Үй тапсырмасын тексеру
а)Ауызша 1,2,3,4 қосу және азайту кестесін сұрау
ә)Тақтамен жұмыс, №5. тапсырма
Сергіту сәті
Топпен жұмыс
«Кім жылдам?» ойын жұппен жұмыс
«Таңбалар» тобында даму үрдісі тежелген оқушыларға жеке тапсырма:
Мадияр, Жансая, Хамза
Жемістер мен көкөністерді салыстыру (1-4 сандар аралығында)
Бағалау Оқушыларды мадақтау
Үй тапсырмасы №6 есеп 116 бет.
Сабақ жоспары