??стар-бізді? досымыз (Даярлы? топ)Ашы? т?рбие са?аты


Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»Мақсаты:А) Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.Әдісі: әдеби - түсіндіру, ойын.Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Құстар біздің досымыз » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.Осы біздің оқушыларымыздың оқып біліп жатқан оқу іс-әрекетіміздегі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
ЖүргізушіСіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.Жүрісі:1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!»2 - бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)3 - бөлім Ертегілер елінде4 - бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)
Нұрай:Құстар, құстар келедіЖерді шуға бөледіКөктем келді деп бізгеЖақсы хабар береді.Әділ:
Ән құрадым әнімменСән құрадым гүлімменҚуантамын бәріңдіҚұт - береке күнімен.
Қалжан :Сәлем достар аман ба?Мынау бейбіт замандаШат - шадыман көктеміңШаттық болсын қашандаБейне көктем жырларыСағынышпен жеткенҚұстардың әуеніменҚуанта бер көктем1 – оқушы Ханзада :Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.2 – оқушы Жанеркем :Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.3 – оқушы Жарас :Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
4 – оқушы Мұхаммеджан:Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.Қарлығашпын менАдамның тұрағымынМекен етіп тұрамынТазалаймын үй - ішінЕл аузында мақтаулыТазалықшымын төселген
Ән –хор: Көктем келді.5 – оқушы Аманай :Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.Мен қараторғаймынШегірткедей жұртыңдыҚырғи болып қиямынЕгістікке жайылымғаҚорғаушы боп тұрамынЖәндіктерді зияндыҚұртатұғын батырмынДайындайтын ұямдыДостарға келе жатырмын
6 – оқушы Сымбат:Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Мұғалім: Су айдындарының көркі-ару аққулар.Аққу киелі құс, жақсылық пен татулық символы.
Жүргізуші :
Көрініс: Аққу бейнесіндегі қос қыз бала шығады. Көңілсіз әуен қосылады. Қаркен бір бала садақпен аққуды атуға ыңғайланғандай болады, қазақтың ұлттық киімін киген бала жүгіріп шығып қолын қағып жібереді.
Қаркен : Тиме аққуға!
Мендейлердің атын ал, түйесін ал.
Тиме аққуға! Аққудың киесі бар.
Мендейлердің затын ал, биесін ал,
Тиме аққуға! Аққудың иесі бар.
Тимендерші көлімнің көркі болсын.
Аққулар: Қалжан, Каусар :
Құс сұлуы аққумыз
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығынкезеп ешмерген,
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді, көл көркі
Құс патшасы мен болам
Би –Аққу . Қалжан
7– оқушы Мирас:Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.Жаршысымын көктемніңКөкек дейді мені жұртӨз атын айтар құс менмін.Көктемді күтсең мені күт.
8- оқушы Инабат:Мен еркін бақытты бұлбұлмынБұлағын тасытқан ән - жырдыңТамаша тамылжып шырқаймынШаттығын тауыса алмай әр күннің
9 – оқушы Бану:Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.Құртты іздеп інінеҚарағайды үңгігенТоқылдақ құс дәрігерҚашан да ол әбігер
2 - бөлім Жұмбақтар шешуТуысы дейді құстардыңІнісі дейді тышқанныңТышқан да емес, құс та емесЕкеуінен де тыс қалдым (Жапалақ)Қызығып әр адамҰстап ап даладанЖүнімен жұлып апБесікке қадағанБұл қай құс? ( ҮКІ ) Қашаудай мықты тұмсығымБәсеке тігем бұл шынымҚұрт, қоңыз, аулап жарысамОрман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ)Түсі қара мақпалдайТөсі ақ сыр жаққандайҰшса оқтай зулайдыКөктен жұлдыз аққандай (Қарылғаш)Биікке салған ағаш үйСол ғой оның мекеніЖаздай сайран салып апҚыста алысқа кетеді (Қараторғай)Он екі айдың біреуіСірә оның атындаӨзге ұяға із тастапМен деп жар сап жүреді (Көкек)3 - бөлім «Ертегілер елінде» «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»(Ертегіні рольге бөліп ойнау)4 - бөлім «Халық болжамдары»1 - жүргізушіХалқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.Шағала келсе сең бұзылады.Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
Көгершін-көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі,ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп санайды.
Ән –хор:Ақкөгершін. Қорытынды:
Құс адамға қуаныш сыйлайды. Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді.
Қазақ халқы шебер әншіні «бұлбұлға», ардақты ер азаматын «лашынға», «сұңқарға», керемет сұлуын «аққуға», кішкентай баласын «балапанға» теңеген.
Құссыз әлем бос қаңырап қалар еді- сынып сағатымызды аяқтаймыз.