Классный час на тему Алдымен с?й, арда?ты ата-ана?ды
Тақырыбы: Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды Тәрбие сағатының мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау. Тәрбие сағатының типі: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Презентациялық слаидтар, бейнетаспа
Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағатыI. Ұйымдастыру кезеңі.
Бейнетаспа №1 «Ана мен әке» өлеңі
І-жүргізуші: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн, Әкеге арнап, марапатты бастар күн. Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн. Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
ІІ-жүргізуші: О, Ата-анам! Таянышым, тірегім! Бар бақытты бір басыңа тіледім Бізді жақсы болсын екен деп қашанда Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
І-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды» атты 8 «А»сыныбының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
ІІ-жүргізуші: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу.
Хор: «Анашым»
І-жүргізуші: Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды Үлгілі ұрпақ атадан бата алады. Бар жақсылық балаға бұл ғаламда, Мейірімінен ананың жасалады. Жырақ жүрген анасын сағынған, Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан. Екеуінің қуанышы тілегі, Әрқашанда бір арнадан табылған.
Монолог: «Ана туралы жыр» Төлебаева Ақнұр
Монолог: «Ана туралы жыр» Маратқызы Аружан
Бейнетаспа №2 «Ана мен әке»
ІІ-жүргізуші: Ата-ана туралы дана сөздер.
Сарсенбай Аружан: Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
Диас: Ата-ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Ақнұр: Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.
Досбол: Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Перизат: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
Хор: «Әке туралы жыр»
І-жүргізуші: «Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.
(Ата-Асұлан, бала-Ерасыл)
Автор: Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:
Бала: Ата, мені де ала кетесіз бе?
Ата: - Балам, мен 8-сыныпта өткізілетін «Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды» атты ашық тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі кішкентайсың.
Бала: Ата маған сұрақ қойыңызшы.Ата: - Балам, үйдің алтын қазығы кім? Бала: - Ата, үйдің алтын қазығы – бала. Ата: - Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – ана. - Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. - Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Бала: - Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке.Ата: - Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. - Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. - Ал балам, өмір сүру не үшін қажет? Бала: - Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.Ата: - Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.
Ата: Балам, «Өмірде не жетім?» – деген сұраққа өзім жауап берейін.Сен тыңда.Өмірде жеті жетім бар. 1. Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тас жетім. 2. Халқына сенімсіз болса, хан жетім. Ханы ақылсыз болса, халқы жетім. 3. Суы жоқ – құдық жетім. 4. Досы жоқ – жігіт жетім. 5. Шәкіртсіз – ұстаз жетім. 6. Қызы жетесіз болса, ана жетім. 7. Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.
Ата: -Кімде-кім ата-анасын разы қылып, алғысын білдіріп тұрса, Алла тағала оның өмірін ұзартады.
Бала: Түсіндім ата. Біздің борышымыз – ата-анаға, ұстаздарға алғысымызды білдіртіп, әкеміздің еңбегін, анамыздың ақ сүтін өтеу.
Ата: -Иә, балалар, қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер, алғыстарыңды айта жүріңдер, халайық.
Бейнетаспа №3 «Ана туралы жыр»
Монолог: «Ана туралы» Сарсенбай Аружан
Монолог: «Әке туралы» Бимбет Айсұлу
Хор: «Жігіттер квартеті»
«Ханшайымым» өлеңі
ІІ-жүргізуші: Құрметті оқушылар!
Өміріміздің әрбір сәтін бағалай білуге үйренейік, ата-анамызға, бізге жарық дүниені сыйлағаны үшін, ұстаздарға білім нәрімен сусындатқаны үшін және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық.
І-жүргізуші: Бүгінгі 8-сыныптың «Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды» тәрбие сағатын тамашалағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
І,ІІ-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!
№267 орта мектеп
ТАҚЫРЫБЫ:
8 «А» сынып жетекшісі: Идирисова К.Б.
2015-2016 оқу жылы