Технологиялык карта «Бізді? ?лкемізде ?ыста кездесетін ??стар»
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің Мерзімі: 5.12.2016
технологиялық картасы Аптасы: 2
Ересек «Бәйтерек» тобы Тәрбиеші: Г.С. Асанова
Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: Экология
Тақырыбы: «Біздің өлкемізде қыста кездесетін құстар»
Мақсаты: Қысқы құстар (Суық торғай,сауысқан, қарға, шымшық, торғай) және жыл құстары (көкек,қаратамақ,қарлығаш,қараторғай,ұзақ)туралы
ұғымдарын қалыптастыру.Оларды белгілеріне қарай ажыратып, атай білуге
үйрету. Табиғатты күтуге,аялауға үйрету.
Сөздік жұмыс: отырықшы
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Тәрбтеші құстар туралы жұмбақтар жасырады:
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі.
Ұзақ тектес құс, шіркей жеп.
Ауыл маңынан, ұзап кетпес құс.
Тоқылдатып, мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарлды емдейді,
Зиянкесті жазалап.
-Қарлығаш.
-Қаратаорғай.
-Тоқылдақ.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Тәрбиеші тақтадан жыл құстары мен қыстап қалатын құстар бейнеленген суреттер қарауды ұсынады. Сурет бойынша сұрақтар қояды.
-Бұл құстардың сендерге қайсысы таныс?
-Ауладан, орманнан қандай құстарды көресіңдер?
-Қыста жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады?
Жылы жаққа ұшып кететін құстар қысқа өзіне азық жинай алмайды және қыста азық теріп жеуге бейімделген.
-Ал бізде қыстап қалатын
құстарды қалай атайды?
-Қыста сендер қандай құстарды көрдіңдер?
-Олар неге жылы жаққа ұшып кетпей, қалып қойды деп ойлайсыңдар?
-Олар азықты қайдан табады?
Сергіту сәті:
Құс қанатын жайды,
Аққу мойнын созды,
Үйрек келіп қонды.
-Дегенмен де қыста құстар үшін өте қиын. Әсіресе қалың қар жауғанда, боран соққанда, қатты аяздарда азық тауып жеу қиынға соғады. Құстар қыс кезінде адамдар тұратын жерге жақындай түседі. Олар неге адамдарға жақын келеді деп ойлайсыңдар?
-Оларға не берер едіңдер? Олар не жейді?
-Құстарға не үшін көмектесеміз?
Ойын: «Құстар» Балалар суретті қарайды.
Өздеріне таныс құстарды атайды, сол құстардың қайсысын өзі тұратын жерден көргенін айтады.
-Жыл құстары.
-Отырықшы құстар.
-Торғай, шымшық, көгершін, ұзақ, тоқылдақ, қарға.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
-Олар суықтан қорықпайды. Азық тауып жей алады.
-Ағаштың қабығының астына, қуыстарға жасырынып қалған жәндіктерді тауып жейді.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
-Олар адамдар бізге азық береді, көмектеседі деп ойлайды.
-Қарбыздың, асқабақтың, қауынның, шемішкенің дәні, әртүрлі дәнді дақылдар.
-Құстар – біздің досымыз. Олар ағаштарды құрт-құмырсқалардан қорғайды.
Рефлексивті-түзету -Құстарға жемді қалай береміз?
-Бізде дайын жемсауыт бар (қораптан жасалған жемсауытты көрсетеді). Серуен кезінде шығып құстарға жем береді.
Балалар құстарға өздері дайындаған жемдерін береді. Құстардың қалай қоректенетінін бақылайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды ажыратуды ұғынады
Игереді: Құстардың жылы жаққа ұшып кету себептерін, қыстап қалатын құстардың қалай қоректенетінін түсінеді
Меңгереді: Құстарға қамқор болу қамқорлықтарын қолданады
ШЫМШЫҚ
САУЫСҚАН
ҚАРҒА
СУЫҚ ТОРҒАЙ